Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

АҚШ-тың емдік курорттары

Автор:   •  Октябрь 19, 2018  •  Реферат  •  1,118 Слов (5 Страниц)  •  934 Просмотры

Страница 1 из 5

                                            ҚР білім және ғылым министрлігі

                            әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                                      [pic 1]

                          Факультет «География және табиғатты пайдалану »

                          Кафедра «Рекреациялық география және туризм »

СӨЖ

         

                                                                           

                                                                                          Орындаған:  

                                                                                          Тексерген:

                                           

Алматы 2018 ж.

КІРІСПЕ

Емдік-сауықтыру мақсатындағы саяхаттардың тамыры өте тереңде жатыр. Сонау заманда ежелгі гректер мен римдіктер өздерінің денсаулықтарын жақсарту үшін ауа райы жайлы орындар мен сауықтыру көздерін пайдаланған. Курортты жерлерге тек қана науқас адамдар емес, сонымен бірге физикалық күштерін қалпына келтіру мақсатында сау адамдар да келген. Ежелгі Грецияда Эпидавр және Кос, ал Римде Байи деп аталатын теңіз жағалауындағы курорттар әйгілі болған.

Уақыт өтіп жатты, бірақ саяхаттардың мақсаты өзгермей қала берді. Емдік қасиеті бар табиғат факторлары өзінің сұранысын жоғалтқан жоқ. Бірақ дем алу және көңіл көтеру мақсатындағы туризм түрімен салыстырғанда емдік туризммен айналысатын туристтер легі азшылықты құрады.

Емдік–сауықтыру туризмінің ерекшеліктері. Емдік–сауықтыру туризмі бірқатар айырмашылықтарға ие. Біріншіден, туристің курортта болу ұзақтығы 3 аптадан кем болмауы тиіс. Тек осы уақыт аралығында ғана емделу мақсатымен келген тұлға қажет сауықтыру шараларын алады. Екіншіден, курорттарда емделу бағасы қымбат тұрады. Дегенмен қазіргі уақытта салыстырмалы түрде арзан туристік курорттар ұйымдастырылуда. Туристер арнайы емдеу үшін маманданған және денсаулықты нығайтуға арналған курорттардың бірін ғана таңдайды. Бұл таңдау олардың жеке мақсаттарына тікелей байланысты.

Соңғы кездері емдік-сауықтыру туризмінің экономикасы бірнеше өзгерістерді бастан кешуде. Дәстүрлі санаторий-курорттар емдеу орталықтарынан көпфункционалды сауықтыру орталықтарына айналуда.

АҚШ-тың емдік курорттары

Америкада емдік туризмнің лидері АҚШ болып табылады. Денсаулық сақтау аймағында олар көптеген жетістіктерге жетті. Америка Құрама Штаттары аумағында барлық климаттық зоналар кездеседі, сондықтан да мұндай географиялық орналасу көптеген курорттардың дамуына септігін тидіреді.

АҚШ-тың бальнеологиялық курорттары

 АҚШ-тың 50 штаты Гавай аралдары әлемнің 10 үздік курорттар құрамына кіреді. Денені жақсарту үшін аралдық курорттарының жұмсақ климаты, жағажайлары, биік таулар, вулкандар мен сарқырамалар, жылы сулар мен тропикалық ормандар әсер етеді.

Саратога Спрингс (Saratoga Springs) - XIX ғасырдағы ең танымал бальнеологиялық курорт. Қазіргі таңда, тек салқындатылған ауыз су бұрқақтары қалған. Saratoga курортағы су құрамында натрий хлориді  бар, жүрек және буын ауруларына көмектеседі.

АҚШ-тың таулы климаттық курорттары

...

Скачать:   txt (10.6 Kb)   pdf (160.4 Kb)   docx (60 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club