Қызылсай станциясында мультимодельді тасымалдау жүйелерінің жұмыстарын ұйымдастыру жолдары
Автор: 2019baxa • Май 2, 2019 • Доклад • 585 Слов (3 Страниц) • 581 Просмотры
Баяндама
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы: «NTS Company» мыспен дәнекерлеу бөлімшесінің технологиялық үдерісін жетілдіру жобасы. Диплом алдындағы практикада жұмысты орындауға қажетті материалдар жиналды, кәсіпорынның өндірістік және тасымалдау жұмысына талдау жасалды.
Бұл слайдтың 1-ші бетінде көрсетілген.
1-ші диаграммада техникалық дайындық коэффициентінің өзгеру динамикасы көрсетілген. Бұдан бұл көрсеткіштің соңғы жылдары төмендегенін байқауға болады.
2-ші диаграммада ТҚК және АЖ жұмыстарын болуы мүмкін және іс-жүзіндегі механикаландыру деңгейлері келтірілген. Бұдан іс-жүзіндегі механикаландыру деңгейінің нормадан әлдеқайда төмен екендігін көреміз. Бұдан біз ТҚК және АЖ жұмыс орындарының технологиялық жабдықтармен жеткіліксіз жабдықталып қол еңбегінің басым екенін көруге болады. Бұл өз кезегінде жұмыстардың сапасын және өнімділігін төмендетеді.
3-ші диаграммада Автокөліктердің ТКК мен жөндеуіне кететін шығындары келтірілген. Бұдан негізгі шығындар ағымдағы жөндеуге келетінін көреміз.
4-ші диаграммада жылжымалы құрамның ТҚК операцияларының орындалу толықтығының талдамасы көрсетілген. Бұдан біз кәсіпорында ТҚК операцияларының толық көлемде орындалмайтындығын көреміз.
«NTS Company» ЖШС техникалық қызметі жұмысының көрсеткіштерінің талдауы оның жеткілікті емес дәрежеде жұмыс істейтіндігін көрсетіп тұр, себебі автомобильдерді жұмысқа қабілетті күйде ұстап тұруға кететін шығындар нормалық мәндерден асып тұр. Бұл, негізінен, автомобильдерді ТҚК мен жөндеу бойынша өндірістік процестердің ұйымдастырылуының және механикаландырылуының төмен деңгейімен түсіндіріледі.
Слайдтың 2-ші бетінде мыспен дәнекерлеу бөлімшесінің технологиялық жоспары көрсетілген. Мыспен дәнекерлеу бөлімшесінде автомобильден шешілген отын бактары, радиаторлар және түсті металдан жасалған басқа да бөлшектер жөнделеді.
Мыспен дәнекерлеу бөлімшесінің жұмысының технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады: сыртқы жуудан кейін радиаторларды, отын бактарын ақаулыққа тексереді, сонан соң технологиялық карталарға сәйкес сұрыптайды. Таза бөлшектер дефектовкалауға ұшырайды, онда қайсысының жөндеу қажеттілігі немесе жекелеген бөлшектердің ауыстырулары анықталады.
Өндірістік бағдарламаның шағындығын ескере отырып, мыспен дәнекерлеу бөлімшесін темір соғу-рессорлық және пісіру бөлімшелерімен бір бөлмеге біріктіреміз.
Слайдтың 3-ші бетінде мен жобалаған автокөліктердің жанармай бактарын жөндеуге арналған стендтің жалпы көрінісі келтірілген. Стенд рольгангтан 17,18, тіреуден 15, тұтқадан 16, ұстағыштан 21 тұрады. Тіреу диаметрі 133 мм болат құбырдан жасалып, плитаға төрт косыньканың көмегімен симметриялы етіп қатырылады. Тіреудің жоғарғы жағына П-тәрізді рама пісіру арқылы бекітілген. Рама швеллерден жасалады және қаттылық беру үшін оған екі кронштейн пісіріліп бекітіледі. П-тәрізді раманың ішкі жағында резеңкеленген екі қысқыш пятка бар. Төменгі қозғалмайтын пяткаға 19 жанармай багын орнатады, ал жоғарғы қозғалмалы пяткамен оны бұрандалы жұптың көмегімен қысады. Айрықша ерекшелігі: жанармай бактарын жөндеу жұмыстарын қолайлы жүргізу үшін қысқыш пяткаларды тіректік подшипниктерде айналатын етіп жасалынған. Осындай құрылым жанармай багын қолмен жеңіл айналдыруға мүмкіндік береді.Стендтің өндіріске ендірілуі орындалатын жұмыстардың сапасын және өнімділігін жоғарылатады.
...