Биологияны окытуда бiлiм алушылардын өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Автор: Дана Антаева • Январь 20, 2023 • Статья • 506 Слов (3 Страниц) • 223 Просмотры
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Антаева Дана Амирбековна
1 курс магитранты,
Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қазақстан республикасы, Алматы қаласы
АҢДАТПА
Мақалада студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері туралы айтылады. Өзіндік жұмыс – білім алушылардың оқытушының тікелей қатысуынсыз орындалатын танымдық оқу әрекеті болып табылады. Сондай-ақ, өзіндік жұмыстардың кейбір түрлерін атап көрсетіледі. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білім алушылардың шығармашылық ойлау әрекетін, жауапкершілік, ұйымдастырушылық сияқты қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Сонымен қоса, өзіндік жұмысқа берілген әртүрлі анықтамаларды негізгі ала отырып, оларды әрқырынан зерттеп, талдап, өзіндік ой тұжырымдарын ұсынады.
Кілт сөздер: өзіндік жұмыс, биология, білім алушы, ұйымдастыру, дамыту, жоспарлау.
Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев «Қазақстан-2021» халық жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген[1]. Сондықтан да болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру.
Оқытудың негізгі принциптерінің бірі – білім алушыларда өзіндік жұмысты ұйымдастыру. «Өзіндік жұмыс» ұғымын әртүрлі авторлар әртүрлі мағынада қолданады. Өзідік жұмысты оқытуға арналған еңбектерде бұл ұғым іс-әрекетті ұйымдастырудың бір түрі ретінде қарастырылады (Б.П. Есіпов және т.б.); және оқыту әдісі ретінде (Ю.К. Бабанский, М.Т. Баранов және т.б.); және оқушыларды танымдық әрекетке тарту құралы ретінде (П.И.Пидкасистый, И.Е. Унт, т.б.), оқу әрекетінің түрі ретінде (М.Р. Львов, Л.Г. Вяткин, т.б.) [2, 56-57б].
Өзіндік жұмыс мұғалімнің ұсынған тапсырмаларын орындаудың ең ұтымды тәсілдерін іздеумен, жұмыс нәтижелерін талдаумен байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекеттерін қамтиды. Егер оқытушы материалды ұсыну мен бекітудің әртүрлі әдістерін қолданса, биологиялық білімді игеру белсенді және саналы түрде жүреді. Оқу процесінде оқушылардың оқулықпен, суреттермен, схемалармен жұмыс барысында өз бетінше білім алу қабілетін дамытуға ерекше назар аудару керек. Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарының әртүрлері қолданылады, олардың көмегімен олар өз бетінше білім, білік және дағды алады.
...