Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасында ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Автор:   •  Январь 25, 2021  •  Реферат  •  2,195 Слов (9 Страниц)  •  1,840 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақстан Республикасының Білім  және Ғылым Министрлігі

Алматы  Технологиялық Университеті

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

                                                                                                               

 Орындаған: Эрнст З.М.

                                                               Тобы: ТЗ 18-11

                                                        Тексерген: Батырбаева  Н.Б.

Алматы,2020ж

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

            а) Ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

            б) Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми – зерттеу мекемесі

            в) Ғылыми  - зерттеу нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ғылым — жаңа білім алып, оны қолдануға бағытталған интеллектуалдық қызыметкер:

  • технологиялық, экономикалық, қоғамдық, гуманитарлық проблемаларды шешу;
  • ғылым, техника және өндірісті бір жүйе ретінде қамтамассыз ету.

Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің барлық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және жаратылыс ғылымы салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратын ҚР Ұлттық  Ғылым  Академиясы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (1993-1996, 1999-2003) — ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен Қазақ КСР ғылым академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен "ҚР Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді.

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты. Академия мүшелерінің жалпы жиналысы олардың жоғарғы органдары болып табылады. Төрт жылда бір рет жалпы жиналыс академия жұмысынажетекшілік жасайтын Президентті, Президиумды тағайындайды.

Осы мақсатқа сәйкес Президиумда барлық ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына өндіріс салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер ететін, ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар ғылыми-зерттеу институттары бағынады [1].

Ғылыми - зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырудың орны өте зор. Себебі көп жағдайда жоспарланған жұмыстар атқарылу барысында тек қағаз бетінде ғана қалып қойып, оқу процесінде ағымдық жұмыстар аясында кете беретін жағдайлар өте жиі кездесіп отырады. Ол үшін ғылыми зерттеу жұмысында жоспарланған негізгі жұмыстардан ауытқымай бірізділіктегі жүйеде орындалуы қадағалану керек. Ол тек осы пәнді жүргізетін оқытушы ғана емес, магистратурада сабақ жүргізетін барша оқытушылар құрамының атқаратын жұмысы болуы қажет. Ол үшін кафедра тарапынан қатаң қадағалануы, атқарылған әр жұмыстың орындалуын бақылаудың мәні де зор болмақ. Егер жоспарлаудағы басты іс-әрекеттер жалпы магистратураның оқу және ғылыми жұмыстарына байланысты болса, ғылыми зерттеу жұмысы жеке магистрант жүргізетін жұмыстарға тәуелді. Сондықтан факультет – кафедра – оқытушы – ғылыми жетекші – магистрант жүйесі бірлікте ұйымдастырған жұмыстар арқылы ғана орындалуы керек.

Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда көптеген жайттарды есте ұстаған жөн. Бұл саладағы жұмысты жоспарлау көп реттерде ғылымның ұстанып отырған негізгі бағыттарымен сәйкестендіріле

жүргізіледі. Қандай  құбылыстың  болса  да  ұйымдастырылуы, жоспарлану үрдістерін бастан кешетіні анық. Сондықтан да ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлап, ұйымдастырғанда қалай болса солай шығармау қажет. Ең алдымен, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі туады. Ал, ол қажеттілікті өтеу үшін міндетті түрде жоспарлау процесін ойластыру қажет.

...

Скачать:   txt (30.9 Kb)   pdf (170.4 Kb)   docx (117.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club