Тасымалдауды маршруттау. Маршруттардың түрлері,маршруттық тасымалдар
Автор: merei_aknur • Апрель 2, 2020 • Лекция • 1,919 Слов (8 Страниц) • 1,156 Просмотры
Тасымалдауды маршруттау. Маршруттардың түрлері,маршруттық тасымалдар
Дәріс мақсаты: Маршрут белгілеудің тиімділігі,жөнелтуші маршруттарының түрлері және оларды ұйымдастыру,маршрут белгілеудің негізгі көрсеткіштерін анықтау.
Қаралатын сұрақтар:
1.Маршрут белгілеудің тиімділігі
2.Маршрут белгілеудің негізгі көрсеткіштері
Тиеу орнынан жүк тасымалдау маршрутын белгілеу жүктасымалын ұйымдастырудың аса тиімді әдісі болып табылады.
Маршрут белгілеу теміржол көлігімен жүк тасымалын ұйымдастыру шартының мәні болып саналады,сондықтан оның мазмұнын шарттың қатысушылары ғана анықтай ала- ды.Онда кірме теміржолда немесе темір жол стансасында құрастырылатын жөнелтуші маршруттары,стансалық сатылы немесе телімдік маршруттар ұйымдастыруға қажетті вагон топтары және т.с.с. көрсетілуі мүмкін.
Жүк жөнелтуші ұйымның кірме жолында немесе темір жолмен жасалған шарт бойынша стансада құрастыратын белгіленген массадағы немесе ұзындықтағы пойыз құрамын жөнелтуші маршруты деп түсінеді,мұнда жүк пойыздарын құрастыру жоспарында көзделген осындай пойызды өңдеуден кемінде бір техникалық станса міндетті түрде босатылады.
Жөнелтуші маршруттары бір немесе бірнеше стансадан өңдеусіз өтетіндіктен,жүктің жеткізілуі жеделдейді,құрамдары қайта жасақтау жұмыс азаяды,тасымалдаудың өзіндік құны кемиді,вагондар айналымы жеделдейді,вагондарға мұқтаждық азаяды,тасымал- данатын жүктердің сақталуы жақсарады,тауар өндірушілер мен теміржол көлігінің бәсеке қабілеттілігі артады.
Сатылы маршруттар телімінің немесе тораптың бір немесе бірнеше стансадағы жолдарда әр түрлі жүк жөнелтушілер тиеген вагондардан құрастырылады.
Жөнелтуші маршруттарымен жүк тасымалдау ережелері жүктің жеткізілуін жеделдету, көлік және пайдалану шығындарын азайту мақсатында жүкті жөнелту маршруттарымен тасымалдауды көздейді.Жөнелтуші маршруттарын белгілеу болашақат Қазақстан темір жолдарында логистикалық орталықтар желісін құрудың негізі болып табылады.
2.Маршрут белгілеудің негізгі көрсеткіштері
Тасымалдау маршруттарын белгілеу жөніндегі тапсырмалардың орындалуын талдау және бағалау үшін мындай негізігі көрсеткіштер бегіленген:
...