Жебелі крандардың негізгі механизмі
Автор: Aikozha • Ноябрь 29, 2018 • Реферат • 661 Слов (3 Страниц) • 1,942 Просмотры
Жебелі крандардың негізгі механизмі
Қолдану саласы
Жебелі өзі жүретін крандар құрылыстық-монтаждау жұмыстарын, тиеу-түсіру жұмыстары мен тасымалдау және қоймалық жұмыстарды механикаландыру үшін негізделген. Мұндай крандар құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі аз нысандар арасында өз жүрісімен тез жетіп жұмысқа бірден кірісетіндігіне байланысты сұранысқа ие. Өздігінен жүретін крандардың мобильділігі мен маневрлігі жоғары, дербес жетегі бар. Алыс қашықтықтарға бара алатындығына байланысты оларды өнеркәсіптің әр түрлі салаларында, құрылыста, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданады.
Өзі жүретін крандардың негізгі көрсеткіштері: жүккөтерімдігі, көтеру биіктігі, түсіру тереңдігі, жебе ұзындығы, жүкті көтеру (түсіру) жылдамдығы.
Жебелі өзі жүретін крандар келесі сипаттамалары бойынша жіктеледі: жүккөтерімдігіне, жүріс бөлігінің құрылысына, жетегі түріне, жұмыстық (бағыттауыш) жабдығына және бағыттауыш жабдығы аспасының орындалуына.

[pic 1]
Кран құрылғысы
Жебелі өздігінен жүретін кран (1-сурет) төмендегі негізгі бөліктерден тұрады: жүру құрылығысы 1, бұру платформасы 13 (күш қондырғысы 10, жетек түйіні 9, механизмдері мен басқару тетігі бар машинист кабинасы орналасқан), тіреу-бұру құрылғысы мен ауысымды жұмыс жабдығы. Крандардың атқару механизмдері мыналар болып табылады: жүк көтеру механизмі, жебе ұзындығының өзгеруі (ілмегінің), бұру платформасын айналдыру және кранды қозғалту.
1–сурет. а және ә – Өздігінен жүретін жебелі крандар сұлбасы: а – жебелі жабдығында иілгіш аспасы бар шынжыр табанды; ә – жебелі жабдығында қатты аспасы бар пневмодоңғалақты.
1-жүріс бөлігі, 2-бұрылу механизмі, 3-жебе, 4-ілмекті аспа, 5-жүк полистпасты, 6-полистпаст, 7-негізгі жүк шығыры, 8-қосалқы жүк шығыры, 9-жетек түйіні, 10-күштік қондырғы, 11-екіаяқты тірек, 12-қарсысалмақ, 13-бурылу платформасы, 14-кран шассиі, 15-телескопиялық жебе, 16-гидроцилиндрлер, 17-кабина, 18-тірек–аутригер.
Крандарда жебелі және мұнаралы-жебелі жабдық орнатылады. Жебелі жабдықтың негізгі түрлері жылжымайтын (қатты) және жылжыйтын керегетор жебе 3, олардың ұзындықтарын өзгертуге арналған бір немесе бірнеше жылжымалы бөліктері бар телескопты жебе. Жылжымалы жебе ұзындығын кран тоқтап тұрғанда, телескоп жұмыс істеп тұрғанда өзгертуге болады.
...