Газ өндеуші зауыттардың негізгі аппараттары
Автор: Asel23 • Март 6, 2018 • Курсовая работа • 11,377 Слов (46 Страниц) • 804 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | 5 |
1. Әдеби шолу | 7 |
1.1 Саланың даму тарихы | 7 |
1.2 Мұнай газдарын өңдеу | 8 |
1.3 Көмірсутек газдарды бөлудің физика – химиялық негіздері | 10 |
1.4 Газ фракциялау қондырғылары | 12 |
2. Технологиялық бөлім | 14 |
2.1 Қондырғының негізгі мақсаты және қысқаша сипаттамасы | 14 |
2.2 Шикізаттың, дайын өнімнің және көмекші материалдардың сипаттамасы | 17 |
2.3 Жобаланатын өндірістің құрылыс орнын таңдау | 18 |
2.4 Қондырғының технологиялық жүйесінің жазбасы. Технологиялық режим | 18 |
2.5 Пропан колоннасының материалдық балансын есептеу | 19 |
3. Газ өндеуші зауыттардың негізгі аппараттары | 32 |
Қорытынды | 40 |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі | 41 |
КІРІСПЕ
Біздің республикамыздың жер қойнауы жердің маңызды пайдалы қазбалары – мұнай мен газға бай екендігі мәлім.
Археологтар мұнайды пайдаланудың басталу уақытын біздің заманымызға дейінгі 6 мың жылдыққа байланыстырады. Біздің заманымызға дейінгі 3 мың жылдықта Қосөзен мен Мысыр мемлекеттерінде кірпіштен және тастан салынған үйлердің, бөгеттердің, кеме тоқтайтын жерлердің және жолдардың құрылысын салу үшін қолданылған мастиканы дайындау үшін құммен және әкпен араластыра отырып, байланыстыратын және су өткізбейтін зат ретінде асфальтті пайдаланған.
Біздің заманымызға дейінгі XVIII ғасырда Қытайда мұнайды білген. Оны өндіру үшін арнайы мұнай құдықтары пайдаланылған. Қытайлар мұнайды жарық беру үшін, дәрі ретінде және әскери мақсаттарға пайдаланған. Қытай жауынгерлері «отты арбалардан» жауларына қарай жанған мұнайы бар құмыраларды лақтырған.
Ал жебелерінің ұшы мұнай сіңірілген қалдық талшықтар оралған отты жебелер болғаны да мәлім, біздің заманымыздың VII ғасырында византиялықтар «грек отын» жасап шығарған. Гректер өте құпия сақтаған көптеген рецептердің бірінде - «таза күкіртті, мұнайды, жүзім тасын, шайырды, қайнатылған тұзды, ағаш майын алда, оларды бірге жақсылап қайнату керек және оны қалдық талшықтарға сіңіріп, жағып көр. Мұндай отты тек құммен немесе шарап сірке суымен ғана сөндіруге болады» деп жазылған.
«Грек отын» қолданған, жанатын қоспаны сорғы арқылы жаудың кемелеріне бағыттаған немесе жай ғана судың бетіне ағызып жіберіп, сосын оны жанған жебелермен ату арқылы тұтатын жіберген. Көп жағдайда оған сөнбеген әкті араластырған, ал ол сумен араласқан кезде күшті жылу шығарып, соның салдарынан мұнай өздігінен тұтанып кетіп отырған. Мұнай жалынының отын сөндіру мүмкін болмаған және олар жаудың ағаш кемелерін толығымен өртеп жіберіп отырған.
Кейінгі арабтар көршілес халықтардың жетістіктерімен таныса келе, мұнай туралы білді және оны өңдеу әдістерін дамытуға үлкен үлес қосты. 950 жылға жуық уақытта арабтар мұнайды айдауға арналған алғашқы қондырғыны тұрғызды. Олар айдау кубтарын күйдірілген қыштан немесе қорғасыннан жасады.
Біздің заманымыздағы мұнай мен газды өңдеу – бұл күрделі көп сатылы технологиялық процесс.
Көптеген жеңіл мұнайлар сусыздандыру мен тұзсыздандырудан кейін тұрақтандырылады – көмірсутектерінің пропан-бутанды, ал кейбір жағдайларда жартылай пентанды фракциялары айырылады. Осы фракцияларды алу мұнайды тасымалдау немесе сақтау кезінде құнды көмірсутектерінің жоғалуын азайту, сондай-ақ мұнай айдау қондырғысынан келіп түсетін мұнай буларының тұрақты қысымын қамтамасыз ету үшін қажет.
Газды өңдеу – отандық газ өнеркәсібінің ең жас саласының бірі, оның қарқынды дамуы соңғы жылдарда басталды. Газ өңдеу зауыттары елдің шаруашылығына пропанды-бутанды фракция немесе техникалық таза жеке көмірсутектері, газ немесе автомобиль бензиндері, дизельді отын, қарапайым күкірт, гелий түрінде сұйытылған газдарды жеткізіп отырады. Сұйытылған газдар химия өнеркәсібінде шикізат, мотор отыны, сондай-ақ елді мекендерді, кәсіпорындарды, мал өсіретін фермаларды газдандыруға арналған тұрмыстық отын ретінде кеңінен қолданылады.
...