Әкімшілік және азаматтық құқық негіздері
Автор: traktor65 • Сентябрь 22, 2021 • Лекция • 2,206 Слов (9 Страниц) • 837 Просмотры
Лекция № 3
Әкімшілік және азаматтық құқық негіздері
1. Әкімшілік құқық негіздері.
2. Азаматтық құқық негіздері.
3. Әкімшілік және азаматтық құқықтың қайнар көздері.
- Әкімшілік құқық негіздері.
Әкімшілік құқық – ҚР құқық жүйесінің саласы, ол қоғамдық қатынастардың ерекше топтарын реттеуге бағытталған. Оның негізгі ерекшелігі – мемлекеттік басқару аумағында, яғни ҚР-ның мемлекеттік әкімшілік-аумақтық бөліністерінде атқарушы биліктің жүйесін ұйымдастыру және қызмет етуімен байланысты. Мұндай қатынастар өзінің сипатына қарай әр түрлі және олар әкімшілік құқық пәнін құрайды.
Әкімшілік құқық – атқарушы билікті (мемлекеттік-басқарушылық қызметті) тәжірибелік тұрғыдан іске асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын ҚР құқық жүйесінің аса маңызды бір саласы
Әкімшілік құқық принциптері - әкімшілік құқықтың негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, бастамалар. Әкімшілік құқық принциптерінің түрлері:
- Құқық шығару мен құқық қолдану қызметінің демократиялылығы
- Унитарлық
- Мемлекет пен адамның өзара жауаптылығы.
- Адамгершілік.
- Заңдылық.
- Азаматтың заң алдындағы теңдігі.
- Әділеттілік.
Құқықтың кез келген саласы міндеттеу, тыйым, ерік беру сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерін пайдалану.
Ұйғарым – бұл белгілі құқық нормасымен қарастырылған қандай да болмасын заңдылық мағынасы бар, әрекетті жасауға тікелей заңдылық міндетті жүктеу. Демек, қажетті жағдайда қандай әрекет жасау керектігін норма көрсетеді.
Тыйым салу – бұл да ұйғарым, бірақ заңдылық мазмұны бөлек. Оның мағынасы құқық нормасы өзінің адресаттарына байланысты қандай да болмасын әрекеттерді жасамауға тікелей заңдылық міндет жүктейді.
Рұқсат ету – осы нормаларда көзделген заңдылық мағынасы бар әрекеттерді жасауға заңды түрде рұқсат беру немесе оларды жасаудан өз қалауы бойынша бас тарту.
- Әкімшілік құқық қайнар көздері – бұл әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысаны.
Оларға әртүрлі мемлекеттік органдардың заңдылық актілері (нормативтік
құқықтық акт – уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін,тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат), яғни мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалар жатады.
- Азаматтық құқық негіздері.
Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
...