Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өндiрiстiк тәжірибе

Автор:   •  Декабрь 20, 2020  •  Отчет по практике  •  2,790 Слов (12 Страниц)  •  5,516 Просмотры

Страница 1 из 12

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚҰҚЫҚТАНУ» МАМАНДЫҒЫ

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

ЕСЕБІ

    Орындаған: Ташенова Г.С.

Мамандық: Құқықтану

Топ: Ю-31

Оқу түрі: Күндізгі

Көкшетау-2020

1.КІРІСПЕ

Мен, Ташенова Гульден Сунгатовна Көкшетау қаласы Абай Мырзахметов атындағы университетінің 3 курс студентімін. Мен ________ж. – ________ж. аралығында «Көкшетау қаласының Полиция басқармасы» ММ өндірістік тәжірбиесін өттім.

Практика мақсаты студенттердің университетте алынған теориялық білімдерің тәжірибе процесінде тереңдету және бекіту. Осы өндірістік практика барысында студенттер мамандықтары бойынша жұмысқа қажетті дағдылар жинайды, құқық қорғау органдары, ұйымдары және мекемелері жайында тереңдетілген түсінік алады.

Мен практика өту кезінде анықтау органдарының қызметімен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім, мекеменің ішкі іс-қағаздарын жүргізу процессімен таныстым, соған қатысты нұсқаулықтармен, ережелермен жұмыс жасадым. Ұйымның ішкі тәртібімен, құрылымын ұйымдастыру тәртібімен және өкілеттігін анықтау органдарының, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерін реттейтін ережелермен және олардың қызметтерімен таныстым.

Өндірістік тәжірибе есебі

Практикадан өту туралы

2020 жылдын _____________ -2020 жылдын __________аралығында мен оқу жоспарына сәйкес Көкшетау қаласының Полиция басқармасында өндірістік тәжірибе өттім. Оқу практикасының негізгі мақсаты: оқу орнында алған теориялық білімді практикада қолдану, яғни полиция бөлімінің қызметімен танысу, оның полиция бөлімінде тергеушінің көмекшісі ретінде жұмыс істеу принциптерін зерделеу.

Практика міндеттері:

1.Қауіпсіздік техникасымен, ұйыммен және басшылықпен танысу;      

2.Құжаттармен және лауазымдық міндеттермен танысу;

3.ҚР ІІМ Көкшетау қаласының Полиция басқармасы қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базамен танысу;

4.Заң құжаттарын есепке алуды жүзеге асыру;

5.Хат-хабармен жұмыс;

6.Әр түрлі компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

7.Құжаттар тізбесімен танысу. Кеңес беру;

8.Жалпы және арнайы құқықтық тәртіп бойынша алған білімдерін бекіту;

9.Атқарылған жұмыстың нәтижесін талдау, оларды есепте жинақтау.

       10.Тәжірибе өту туралы қорытынды жасау.

Практика жетекшісімен бірге тікелей қоғамда практикадан өту жоспары жасалды, оны мен сәтті орындадым.

Өндірістік практикадан өту барысында мен:

- полиция бөлімінде жұмыстың ұйымдастырылуымен, бөлімшелер мен қызметкерлер арасында функциялардың бөлінуімен, бөлім және оның бөлімшелерінің жұмысын жоспарлаумен, Келушілерді қабылдау тәртібімен, шағымдар мен өтініштерді қараумен таныстым;

- полиция бөлімінде іс жүргізу жүйесімен таныстым;

- нақты қылмыстық істерді зерттедім;

- жеке тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қатысып, осы әрекеттер хаттамаларының жобаларын құрастырдым;

- тергеушімен қатар тергеу іс жүргізу құжаттарын жасай отырып, жеке істер бойынша тергеуге қатыстым.

ҚР Ішкі Істер Министрлігі - Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Органдарының жүйесіне басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде әзірлеуге қатысатын Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталықатқарушы орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Органдарының жүйесіне басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.

...

Скачать:   txt (44.5 Kb)   pdf (130.4 Kb)   docx (21.8 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club