Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Атмосферадаfы ластаушы заттарды нормалау. Кр. ӨндiрiстIк калаларынын экологиялык мәселелерi. Шрл есептеу

Автор:   •  Сентябрь 28, 2020  •  Практическая работа  •  1,965 Слов (8 Страниц)  •  850 Просмотры

Страница 1 из 8

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №3 «АТМОСФЕРАДАҒЫ  ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫ НОРМАЛАУ. ҚР ӨНДІРІСТІК ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ШРЛ ЕСЕПТЕУ»

1 ЛАСТАУШЫ ЗАТТЕКТЕРДІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН МӨЛШЕРЛЕУ

Қазіргі кездегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативті- техникалық құжаттар 3 бағытта жүргізіледі:

  1. Гигиеналық нормативтер, олардың негізгі сапалық көрсеткіші болып табылатын ШРК – шектеулі рауалы концентрациясы (предельно допустимая концентрация – ПДК). Олар санитарлы-гигиеналық, балық-шаруашылық және токсикологиялық болып бөлінеді.
  2. Экологиялық нормативтер, олардың негізгі сапалық көрсеткіші болып табылатын ЭРК – экологиялық рауалы концентрация (ЭДК – экологически допустимые концентрации).
  3. Қоршаған табиғи ортаға түсетін ластаушылар көлемдерін регламенттеу, оның сандық көрсеткіштері болып табылатындар ШРШ және ШРТ. ШРШ – атмосферадағы ластаушы заттектердің шектеулі рауалы шығарындысы (предельно допустимые выбросы – ПДВ), ШРТ- ақаба сулармен бірге төгілетін ластаушы заттектердің шектеулі рауалы төгіндісі (предельно допустимые сбросы – ПДС).

Қазіргі кезге дейін негізінен санитарлы-гигиеналық нормативтер, яғни адам денсаулығын қорғауға бағытталған нормативтер игерілген.

Тек тірі организмдердің ғана емес, сонымен қатар экожүйенің дамуы және эволюциясын экологиялық жаңалық ашу арқасында тұтас экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға, соның ішінде адам денсаулығын сақтауға бағытталатын экологиялық нормативтерді жасау қажет.

Бір заттектің ШРК мөлшері тек түрлі сыртқы орта (ауа, су, топырақ, т.б. ) компоненттеріне ғана емес, сонымен қатар әр мемлекеттерде, региондарға байланысты – регионалды ШРК, орынға байланысты әртүрлі болады. Мысалы,

Атмосфера ШРК-сы: жұмыс зонасы, өндіріс орны, елді мекені үшін; Су ШРК: тұрмыстық шаруашылық, балық шаруашылық;

Топырақ ШРК: жыртылатын қабаты, өнеркәсіп орын аясы, тұрмыстық аудандар үшін.

Табиғи экожүйлердегі экологиялық тұрақтылықты сақтау үшін, экожүйе өзін-өзі реттеу функциясын орындау үшін, қоршаған табиғи ортаның сапасы ғылыми негізделген нормативтерге сәйкес келуі керек.

2 АУАДАҒЫ ЛАСТАУШЫ ЗАТТЕКТЕРДІ МӨЛШЕРЛЕУ

Ауа – адамды қоршаған орта, сондықтан да оның денсаулығына тікелей әсер етеді.

Атмосфера ауасының сапа критерийлері (белгілері). Атмосфералық ауада, әсіресе астыңғы қабаттарында газ тәріздес қосылыстардан басқа физикалық қосылыстар да болады. Шығарындылар әрқашан асылу түрінде болады, және олардың пайда болу жолдары мен пішіндері, көлемдері, химиялық құрамы және физикалық қасиеттері әртүрлі болады. Бұлар – шаң, бу, қаракүйе, әртүрлі органикалық бөлшектер (споралар, шаңдар, микроағзалар). Физикалық қоспалар атмосфералық процестердің дамуында үлкен қызмет атқарады. Адамның антропогендік әрекетінің нәтижесінде ауа химиялық қоспалармен ластанады: көміртек диоксидімен (қостотығымен), азот оксидтермен, күкірт оксидтерімен, қорғасынмен және т.б.

Ауа сапасы, ШРК – сапа көрсеткіші арқылы j коэффиценті бағаланады: J = Сі / ШРКі,        (1)

мұндағы Сі – заттектің нақты концентрациясы, ШРКі – ластаушы заттектердің барынша біріншілік шектеулі рауалы көрсеткіштері.

Көбіне ластану бір уақытта бірнеше ластаушы заттектердің (ЛЗ) болуынан күшейеді, сол кезде ластаушылардың қосындылар эффектісі ескеріледі:

J = С1 / ШРК1 + С2 / ШРК2 + ..... + Сn /ШРКn ≤ 1        (2).

Мұндағы С12.....Сn – заттектердің нақты концентрациялары, мг/м3; ШРК1, ШРК2, ... ШРКn – барынша біріншілік ШРК ЛЗ, мг/м3.

Егер ауа сапасын анықтағанда оның құрамында бір уақытта келесі заттектердің топтары бар болса, онда мына теңдеуді қолданамыз:

Ацетон + фенол;

Озон + азот диоксиді + формалъдегид; Күкіртті газ + азот диоксиді;

Күкіртті газ + фтор сутегі;

Күкірт газ + күкірт қышқылының аэрозолі;

Күкіртті газ + күкірт сутегі және басқа комбинациялар, оларды анықтамалардан табуға болады.

Егер j ≤ 1, онда бұл тастандылардың ластану қаупі жоқ немесе олар белгілі территорияда қарқынды түрде ыдырайды. Егерде j > 1 болса, онда берілген өнеркәсіп қоршаған ортаны қауіпті жағдайда ластайды және табиғат қорғау шаралары қажет.

...

Скачать:   txt (33.6 Kb)   pdf (273.5 Kb)   docx (54.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club