Кірпіш және тас қабырғалы ғимараттарды сейсмикалық тұрғыдан жобалау
Автор: Айбек Раптаев • Май 24, 2022 • Реферат • 632 Слов (3 Страниц) • 198 Просмотры
Кірпіш және тас қабырғалы ғимараттарды сейсмикалық тұрғыдан жобалау.
Кірпіш қабырғалар динамикалық әсерге төмен қарсылығымен сипатталады. Жер сілкіністердің көрсетуі бойынша, кірпіш ғимараттар көбірек бүлінгені көрінеді..
Сондықтан бұларға мынадай ерекше талаптар қойылады.
- Қалақ түріне байланысты кірпіш пен қойыртпа түрінің маркаларына төменгі шек қойылады. Кірпіш үшін 75, қойыртпа үшін 25.
- Көтергіш қабырғалар үстіне бүкіл көтергіш қабырға бойынша темір бетон антисейсмикалық қарсылық белдеу құйылуы тиіс және
- Жабынмен мықтап байланыстырылады
- Бұрыштар мен қиылмалар арматураланады.
Этаж биіктігі
- Егер қалақ арматураланбаса 7,8,9 бал үшін сәйкес 5;4;3,5 метрден аспау керек, асыруға тыйым салынады.
- Егер арматурамен күшейтілсе онда 6;5;4,5 м аспау керек.
Ара, төбе жабын конструкцияларымен тығыз байланысқан белдеулер ғимараттың қатаңдығын, горизонталь диафрагмалардың беріктігін жоғарылатады.
Белдеулерді әр этаж деңгейінде қою міндетті түрде жүргізуге тиіс.
Көбінде сейсмикалық белдеулер бүкіл қабырға еніне құйынды қабырға қалыңдығы 50 см асқанда сеймикалық белдеулер ені 10-15 см кемітіп алуға болады. Ал белдеу биіктігі h≥15 см. Бетон класы В 15 тен кем болмауы керек.
Арматура диаметрі: 7-8 балда 4ɸ10 кем болмауы керек. 9 балда 4ɸ12
кем болмауы тиіс.
Бұрыштарда қосымша қисық арматура қойылады.
Әртүрлі бағыттағы қабырғалардың биіктігі бойынша бірге жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін түйісу бұрыштарында арматуралық торлар қойылады.
Ұзындығы 1,5-2,0 м тереңдікке әр 70 см биіктікке, ал 9 балда әр 50 см қойылады.
Кірпіш бағандар тек 7 бал үшін ғана рұқсат етіледі, онда да егер қойыртпа маркасы 50 ден кем болмаса, ал биіктігі 4 м аспаса.
Жоғарыда айтылғанай тас конструкциялары сейсмикалық әсерге нашар төзімділік көрсетеді. Ал ТБ төзімділігі жоғары екендігі белгілі. Себебі, тас конструкциялары ТБ қарағанда морт сынатындықтан.
...