Бұрғылау (шегендеу) ерітінділерінің жұтылуы
Автор: jadi8585 • Март 31, 2020 • Реферат • 1,561 Слов (7 Страниц) • 976 Просмотры
Бұрғылау (шегендеу) ерітінділерінің жұтылуы
1. Бұрғылау (шегендеу) ерітінділерінің жұтылуы себебі мен түрлері
2. Бұрғылау ерітіндісінің жұтылуын ескерту және жою шаралары
3. Аралық қиындықтардың пайда болуы ж/е оларды жою
Бұрғылау ерітіндісінің жұтылуы деп- бұрғылау процессі кезінде бұрғылау ерітіндісінің шыр айналу жүйесінде бүтіндей немесе бөлшектей жоғалуын сипаттайтын ұңғымадағы қиындықтарды айтамыз.
Жұтылудың пайда болу себептері:
- Ұңғымалардағы сұйықтың қысымы қабаттың қысымынан көп болуы;
-Жұтылу аймағының сипаттамасына.
Бұрғылау ерітіндісінің жұтылуына әсер ететін факторлар:
1. Геологиялық факторлар – жұтылу қабатының түрі, тереңдігі, қабат қысымы, қабат сұйығының мінездемесі және гидравликалық қысымға қабат қысым кедергісінің аз болып келетін тау жыныстары.
2. Технологиялық факторлар - ұңғымаға жіберілетін бұрғылау ерітіндісінің мөлшері мен сапасы, бұрғылау әдісі, көтеріп-түсіру операциясының жылдамдығы, бұрғылау процессін ұйымдастыру.
[pic 1]
Жұтылу аймақтарын тексеру:
[pic 2]
[pic 3][pic 4][pic 5]
[pic 6][pic 7][pic 8]
[pic 10][pic 9]
[pic 11][pic 12][pic 13][pic 14][pic 15][pic 16][pic 17][pic 18]
[pic 19][pic 20][pic 21][pic 22]
[pic 23][pic 24][pic 25][pic 26]
[pic 27][pic 28]
[pic 29][pic 30][pic 31][pic 32]
Бұрғылау ерітіндісін жұтылуын ескерту және жоюдың негізгі түрлері:
-Ұңғыма қабырғасында гидростатикалық және гидродинамикалық қысымды азайту
-арнайы шегендеу ерітінділерімен және пасталармен жұтылу арналарын тығындау арқылы жұтылу қабаттарын ұңғымадан жекелеу,
-бұрғылау ерітіндісін шығармай және кигізбе тізбегін түсіру арқылы бұрғылау.
-бқрғылау ерітіндісінің қасиеттерін бақылау, әсіресе тығыздықты;
-КТО жылдамдығын бақылау;
-шыңырау мен құбырлар арасындағы сағылауды анықтау;
Жұтылудың жою қасиеттерін қарап өтейік. Жұтылу арналарын тығындаудың бірден-бір түрі – жұтылу қабаттарына құрылымды тиксотропты ерітінді айдау керек. Ол уақыт өтуіне байланысты жұтылу қабаттарында қатаң құрылымды тор туғызады. Жұтылу арналарын тығындау үшін қолданылатын цементтеу ерітінділері келесі талаптарға жауап беру керек.
- Жеткілікті түрде құрылымды болу керек.
- Қажетті ұстау және қатаю уақыты болу керек.
Бұл талаптарға гельцементтер (балшық ерітіндісінен жасалған цементтеу пасталары), арнайы ерітінділер және жылдам ұстайтын қоспалар жауап береді. Цементтеу ерітінділерінің ұстау уақыты жылдамдатқыш – реагенттерді қосу арқылы реттеледі. (Сұйық шөлмек, хлорланған кальций, кальцилендрген сода).
бұрғылау ерітінділерінің жұтылуымен күресу үшін кең түрде пакерлер қолданылады. Олар құбыр сыртының кеңістігін саңылаусыздандыру үшін, бөлшектеу үшін және мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:
а) Шегендеу қоспаларының араласуын болдырмау.
б) Ұстау уақыты үлкен емес жылдам ұстайтын қоспалар қолданылады.
в) Жұтылу арналарына шегендеу қоспаларын айдау.
г) Ұңғыма оқпанын сығымдау арқылы сұйықтарды жұтатын қабаттардың орналасуын анықтау.
Бұрғылау ерітіндісінің жұтылу аймақтарын жекелендіру үшін қолданылатын пакерлер екі түрге бөлінеді.
- Көп рет қолданатын пакерлер (жұмыс жасау әрекетіне қарай гидравлика – механикалық, гидравликалық, механикалық болып бөлінеді).
- Бір рет қолданылатын пакерлер.
Бұрғылау ерітіндісін шығармай бұрғылау жоғары үдеулі жұтылу кезінде бұрғылауға болады. Үлкен жарықтық қуысты пайда қылатын жоғары қарқынды бұрғылау ерітіндісінің жұтылуын жою үшін бітеу құрылысын қолданады.(эластикалық торлы тыс) Егер жоғарыда айтылған әдістер бойынша бұрғылау ерітіндісінің жұтылуын жоя алмаса, онда аралық тізбегін түсіруге мәжбүр боламыз.
Пакерлер оқпан бойындағы аумақтарды тікелей ажырату және тізбектің бұзылған аймақтарын герметизациялау үшін қолданылады. Олар ұңғыма ішінде профилактикалық тексерусіз және жөндеу жұмыстарынсыз бірнеше сағат (мысалы, қабатты сұйықпен жару кезінде), бірнеше ай (мысалы, жылутасығыштарды енгізген кезде), немесе бірнеше жыл (мысалы, әртүрлі өндіру технологиялары үшін) жұмыс істеуге арналған. Ұңғымалық нығыздауыштар – пакерлер пайдалану кезінде шегенделген бөлікте ұсталынып, ал бұрғылау жұмыстары кезінде оның шегенделмеген бөлігіне орналастырылады. Пакерлердің қабылдайтын қысымдары 7 МПа -дан 70 МПА -ға дейінгі аралықта болады. Ортаның температурасы оны пайдалану кезеңінде 40-1000С аралығында, ал қабатқа жылулық әсер ету кезінде 300...4000С -қа дейін жетеді. Қалыпты жағдайда пакердің жұмыс істейтін ортасы мұнай мен газдың орын алу себебінен коррозияға ұшырайды, сондықтан пакердің элементтерін мұқият таңдау қажет. Сонымен қатар, тұз, гидрат, смолалардың шөгуі және өнімдердегі механикалық қоспалардың орын алуы пакердің жұмысын одан әрі қиындатады. Пакердің және оның элементтерінің функционалды қызметі мынадай: ұңғыма оқпанын бөлу және герметизациялау; қысымның өзгеру себебінен пайда болатын осьтік жүктемелерді қабылдау. Бұл функцияларды орындау үшін пакердің конструкциясы оның элементтерін ұңғымаға түсіру, орнату және демонтаждау кезінде басқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруі қажет; кейбір технологиялық операцияларды (мысалы, ажыратқыш пакерде сұйықтың өту мүмкіндігін жою) орындау. Осының бәрін ескеріп оның структуралық сұлбасын келесі элементтерден құрастырады: нығыздаушы элементтер, пакердің тірегі, пакерді басқару жүйесі, технологиялық қондырғылар. Қолдану шартына байланысты элементтердің конструкциялық орындалуы өзгеруі мүмкін. Пакердің негізгі элементтерін қарастырайық. Оның түрлі элементтері 1.13-суретінде көрсетілген. Нығыздаушы элементтер. Бұл элементтердің әртүрлі орындалуы 1.12 а және б суреттерінде көрсетілген. Пакердің конструкциясында бір немесе бірнеше нығыздаушы элементтер болуы мүмкін. 1.12-сурет.
...