Бұрғылау шламдары, ерітінділерінің құрамы мен қолданылуы
Автор: rau51282 • Апрель 24, 2018 • Курсовая работа • 9,627 Слов (39 Страниц) • 1,136 Просмотры
ҚЫСҚАРТУЛАР, ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР, БІРЛІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ
БШ – бұрғылау шламы
КБШ – карбонатты бұрғылау шламы
МҚ – мұнай қалдықтары
МӨ – мұнай өнімдері
МЕМСТ –мемлекеттік стандарт
ШРК – шекті рауалы концентрация
БАЗ – беттік активті заттар
ЗК - залалсыздандырғыш композиция
ЛЗ – ластағыш заттар
ПАА – полиакриламид
ОЭЦ – оксиэтилирленген целлюлоза
КМЦ – карбоксиметилцеллюлоза
ГКС – гидрофобталған кремнийорганикалық сұйықтық
КССБ – конденсирленген сульфит-спиртті барда
БАС – бұрғылаудың ағынды сулары
ПБЕ – пайдаланылған бұрғылау ерітінділері
БГХЦ – биогеохимиялық цикл
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі таңда қоршаған ортаға өндірістік-технологиялық бұрғылау қалдықтары, соның ішінде мұнай ұңғымасын бұрғылауда түзілетін бұрғылау шламдары, үлкен зиянын тигізуде.
Бұрғыланып шығарылған шлам, күрделі минералдық және химиялық құрамына байланысты, сондай-ақ құрамында мұнай мен бұрғылау ерітінділерінен түсетін улы қоспалардың болу себебімен, атмосфералық жауын-шашындармен, табиғи жерүсті және жерасты сулармен әрекеттесу кезінде қоршаған орта объектілерін ластап, табиғаттың тепе-теңдігін бұза алады, алдағы уақытта салдарын болжауға келмейтін, бақыланбайтын теріс әсерін тигізеді [1-6].
Бұрғылау шламдарын утилизациялаудың көптеген әдістері белгілі, олардың көпшілігі шламдарды көму немесе бұрғылау аймағында, арнайы белгіленген жерлерде орналастыру тәсілдеріне бағытталған. Алайда бұрғылау қалдықтарын жоюдың бұл бағыты экологиялық мәселені шеше алмайды, себебі бұрғылау қалдықтары шлам амбарларында немесе басқа да жинақтағыштарда сақталғанда ұзақ мерзімді токсикантқа айналады [7-16, 19-27].
Бұрғылау шламдарын утилизациялауда болашағы бар бағыт - оларды қайта өңдеу арқылы залалсыздандырып, залалсыздандырылған өнімді екіншілік шикізат ретінде құрылыс және жол құрылысы материалдарының өндірісінде пайдалану болып табылады [8,13-16, 19-27].
Бірақ, бұрғылау шламының құрамы мен қасиетінің алуан түрлілігіне, олардың физика-химиялық сипаттамаларының, соның ішінде улылығының жеткілікті деңгейде зерттелмеуіне байланысты бұл бағыттарды тәжірибе жүзінде толықтай іске асыруға мүмкін болмай отыр.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ химия кафедрасының қызметкерлері КПО б.в-мен бірлесе Қарашығанақ кен орнының мұнай негізіндегі карбонатты бұрғылау шламдарын залалсыздандырып, өңделген өнімді екіншілік шикізат ретінде жол құрылысында, сондай-ақ халық шаруашылығының басқа да салаларында пайдалану мақсатында жұмыстануда [13].
Сол себепті екіншілік шикізат ретінде қолдануға ұсынылған бұрғылау шламының [13] қоршаған орта үшін экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның улылығын анықтау - өзекті қажеттілік.
Осыған байланысты дипломдық жұмыстың мақсаты:
Екіншілік шикізат ретінде ұсынылатын Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орнының мұнай негізіндегі карбонатты бұрғылау шламының қоршаған орта үшін экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның құрамын анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. Диплом жұмысы тақырыбы бойынша әдебиетке шолуды талдау.
2. Бұрғылау шламы компоненттерін анықтау әдістемелерін игеру.
3. Қайта өңдеуден өткен бұрғылау шламының кейбір көрсеткіштерін анықтау үшін эксперименттік зерттеулер жүргізу.
4. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, қайта өңделген бұрғылау шламының экологиялық қауіпсіздігін бағалап, оның екіншілік шикізат ретінде қолдану мүмкіндігін анықтау.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде белгілі жағдайда термиялық өңдеуден өткізу арқылы залалсыздандырып, екіншілік шикізат ретінде пайдалануға ұсынылған Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орнының мұнай негізіндегі карбонатты бұрғылау шламы таңдалды.
...