Қоршаған ортаның сапасын бақылау
Автор: Акторгын Тажигали • Октябрь 15, 2018 • Реферат • 7,643 Слов (31 Страниц) • 2,758 Просмотры
1. Кіріспе.
2. Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер.
3. Табиғатты пайдалану стандарттары.
4. Қоршаған табиғи ортаның (ҚТО) сапасын нормалау.
5. Экологиялық сараптаманың (ЭС) нормативті құқықтық қамтылуы.
6. ҚОӘБ және рұқсаттар.
7. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды нормативті құқықты қамтамасыз ету.
8. Пайдаланылған әдебиеттер.
КIРIСПЕ
Адамзат табиғаттың барлық компоненттерiн азды - көптi дәрежеде пайдалануда. Ғылыми-техникалық прогрестің алға басуының нәтижесінде адамдар табиғат қорғау, пайдалану, оның тиімділігін арттыру жолында зор жетістіктерге қол жеткізді. ХХ-ХХІ ғасырларда ғылыми-техникалық прогрестің арқасында табиғат пайдалану, оның байлығын игеру қарқыны артты. Өнеркәсіп бірнеше есе өсті, энергия қуатын, жер қойнауы мен теңіз байлықтарын пайдалану көбейді, шикізаттың жаңа түрлері іске қосылды. Осының арқасында адамдардың мүмкіншілігі, табиғи ортаға тигізетін әсері артты.
Өндiрiстiң дамуы табиғи қорлардың азаюына қосымша, қоршаған ортаның ластануы сияқты жаңа проблема ала келдi. Өндiрiстен шығатын керексiз заттармен алдымен ауа, топырақ, су қоймалары ластануда. Бұл ластану жағымсыз әсер етiп қана қоймай, адам баласының денсаулығына да қауiп төндiруде. Жиырма бірінші ғасырға дейiн адам баласының табиғатқа әсерi жер шарының әр түкпiрiнде өзiнше қажетiне қарай әртүрлi жүргiзiлген болса, қазiр ол бүкiл планетаны қамтып отыр.
Қазақстан Республикасының егемендік алғанына 20 жыл толып отыр, халқымыз өз қазба байлықтарын игеруге қол жеткізді. Бұл жетістік төл табиғатымыздың тепе-теңдігін қорғау мен сақтаудағы егемендік. Күн сайын табиғи байлықтың азаюы, ауа райының ластануы бұл проблеманың адам пайдасына шешiлуiн тежеп шиеленiстiре түседi, өндiрiстiң дамуына кедергi жасайды. Қазіргі таңда ауаның тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда, сондықтан оның сапасы, тазалығы алаңдатпай қоймайды.
Табиғи қорларды пайдалану барысында айналадағы қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелерге кезінде өз дәрежесінде айтарлықтай мән берілмегендіктен, оған нәтижелі бақылаудың жоқтығы салдарынан республиканың көптеген аймақтарында зиянды қалдықтар көбейіп, табиғи
орта ластануда. Сөйтіп, жердегі тіршіліктің күрт нашарлануына себепкер болып отыр. Мұның барлығы адамның іс-әрекетінен табиғи қорларды, яғни ауаны, өзендер мен көлдерді, жерді және оның астыңғы қабатындағы қазба байлықтарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауды және оларды тиімді, үнемді пайдалануды күшейту қажеттілігін тудырады.
Сондықтанда қоршаған ортаны ластамай таза ұстау бүгінде барлық жұртшылықтың алдына қойылып отырған түбегейлі міндет.
Болашақ мамандардың қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер етудің сипаты мен көлемі, зардаптары туралы, атмосфера, гидросфера және литосфералардың ластану жағдайларын бағалаудың әдістері жайлы, қоршаған ортаны ластаудан және таусылудан қорғау саласында ұлттық және халықаралық заңдардың құқықтық нормалары туралы түсініктері болуы қажет.
1 Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер
Халықтың экологиялық қауіпсіздігін, тұқым қорларының сақталуын қамтамасыз ету үшін, табиғат ресурстарын қалпына келтіру және ұтымды пайдалану мақсатында, табиғи ортаға рауалды әсер ету шамасын белгілеу үшін экологиялық нормалау қолданылады. Белгіленген тәртіппен жасалған және бекітілген нормативтер стандарт сапасына ие болады.
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында экологиялық нормалау негіздері айқындалған қолайлы табиғи ортаны сақтау, экологиялық қауіпсіздікке кепілдік беру үшін табиғи ортаға шаруашылық және өзге әрекеттерді мемлекеттік реттеу мақсатымен табиғат қорғау және пайдалану саласында экологиялық нормалау жүргізіледі. Нормалаудың мағынасы табиғи ортаның сапасын, оған жол берілетін әсерлерді, нормаларды, стандарттарды және өзге нормалық құжаттарды белгілеу.
...