Технохимиялық бақылау зертханасындағы қауіпсіздік ережелері
Автор: Nazerke Eltaevna • Сентябрь 12, 2018 • Реферат • 857 Слов (4 Страниц) • 1,317 Просмотры
Технохимиялық бақылау зертханасындағы қауіпсіздік ережелері
Барлық химиялық заттар улы, ал олардың көпшілігі-отқа қауіпті және қопарылған заттар. Сондықтан, химия зертханасында жұмыс істегенде, төменде алатын қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін қатаң түрде сақтау қажет. Зертханада жалғыс жұмыс істеуге тыйым салынады. Оқытушының немесе аборанттың қатысуымен ғана жұмысқа кірісуі керек. Зертханада жұмыс істеу барысында жұмыс орнында тазалық, тыныштық, және тәртіп сақтау керек. Өзінің және жолдастарының жұмыстан көңілін бөлмеу керек. Зертханада халатсыз жұмыс істеуге болмайды. Халат жай матадан тігілуі керек. Зертханалық үстелге сөмке, портфель, және басқа бөтен заттарды қоюға тыйым салынады. Оларға арнайы орын бөлінуі тиіс. Зертханада су ішуге, ас ішуге, тамақты сақтауға, шылым шегуге тыйым салынады. Жұмыс істеу барысында көзілдірік кию керек, егер:
1)концентрлі күкірт қышқылының балқу температурасын құралдың ішінде анықтаған кезде;
2) күйдіргіш заттардың шашырауы кезінде (қышқыл мен сілтілерді аралыстырғанда, қатты сілтілерді, мырыш хлоридінің үгітілуі кезінде, ашық ыдыста балқытылу кезінде және т.б);
3) вакуум-құралдарымен жұмыс істегенде және төмен қысымда сұйықтарды қайтадан айдау жағдайында;
4) ампулалармен және балқытылған түтікшелермен жұмыс істеу барысында, шыны капиллярларды жасағанда;
5) сілтілікметалдармен және балқытатын қышқылдармен жұмыс істегенде;
6. Улы заттармен, тыныс алу мүшелерін қоздыратын, өткір иісті заттармен жұмысты резеңке перчаткамен тартқыш шкафта істеу керек. Ал кейбір жағдайларда противогаз киіп жасау да қажет. Химиялық заттарды перчаткасыз жалаң қолмен ұстауға тыйым салынады. Ұнтақсыз реактивтерді тек қана құрғақ шпательмен немесе арнайы қасықпен алу керек.
7. Жұмысқа кірісер алдында, синтезге қатысатын заттардың қасиеттерімен түгел танысу керек (заттың жанғыштығы және улылығы)
8. Зертханалық ыдыстағы заттың белгілі мөлшерін алу үшін оның сыртында этикеткасын оқып қарап алу керек.
9. Реакция жүргізетін құралдарды тығынмен өте тығыз жаппау керек, өйткені ерітіндіні қыздырғанда қопарылыс беруі мүмкін.
10. Жұмыс істегенде пробирканың немесе қолбаның ауызын өзіне немесе жаңындағы тұрған адамға қаратпай ұстау қажет.
11.Ұшқыш және жеңіл оталғыш сұйықтықтарды және заттарды (эфир, бензин, спирт, ацетат, күкіртті сутек және т.б) ашық жалында қыздыруға болмайды. Бұл үшін су моншасын немесе жабық спиральді электр плиткасын қолдану керек. Міндетті түрде заттарды айдағанда сумен салқындататын 6 тоңазытқышты қолдану керек. Сұйықтықты құрғағанша айдауға болмайды, себебі, өртке немесе қопарылысқа әкеліп соқтырады.
12. Реакция жүргізілетін химиялық заттарды қыздырып немесе араластыратын құралдарға жақындап еңкейіп қарауға болмайды.
13. Жұмыстан қалған қышқылдарды, сілтілерді, оталғыш және улы, нашар жайылатын және өте өткір иісті заттарды раковинаға төгуге болмайды. Бұл үшін ауа тартқыш шкафтың ішінде раковинаның қасында міндетті түрде арнайы ыдыс тұруы қажет (тығыз жабылатын және сынбайтын)
14. Раковинаға химиялық ыдыстардың сынған шыныларын, қағазды, мақтаны тастауға болмайды.
15. Химиялық заттардың дәмін татып көруге болмайды және сұйықтықты ауызбен соруға тыйым салынады. Ол үшін арнайы пипеткалар қолданылады. Сұйықтықтың иісін көргенде, оның буын өз жағында қолдың жеңіл серпуі арқылы біледі.
16. Сынапты ашық ыдыста ұстауға тыйым салынады. Сынап бар ыдысты тесіктері жоқ табаққа қою керек. Сынап бар ыдыс сынатын болса, ол туралы оқытушыға немесе лаборантқа айту керек. Сынапты раковинаға төгуге болмайды. Шашыраған сынап түйіршіктерін арнайы пластинкалармен жинайды.Оны арнайы қалың қабырғалы банкіге салып, ауызын тығыз тығынмен бітеп тастайды. Еденнің тесіктерінде қалған сынапты 26% темір (III) хлориді ерітіндісімен немесе күкірт ұнтағымен залалсыздандыру қажет. 17. Металды натрийді керосиннің, толуолдың немесе ксилолдың қалың қабатының астында сақтайды. Ол ыдыста су болмауы керек. Металды натриймен су құбырының қасында жұмыс істеуге болмайды. Металды натриймен жұмысты өткізер алдында ыдыстарды құрғатып, столды сүртіп қою қажет. Жұмысты аяқтағаннан кейін қалған металды натрийді бірден сумен жумай, спиртпен ыдыстағы металды натрийді ыдырату керек. Содан соң ғана сумен жуып құрғату керек. Натрийдің ірі қалдықтарын немесе сынықтарын арнайы керосин немесе толуол толтырылған банкіге салу керек. 18. Концентрлі қышқылдарды, сілтілерді, улы және өткір иісті заттарды ауасы жақсы реттелетін тартқыш шкафта сақтайды.
...