Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бұрғылау ерітінділерінің түрлері

Автор:   •  Март 4, 2021  •  Реферат  •  604 Слов (3 Страниц)  •  602 Просмотры

Страница 1 из 3

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  университеті

«Механика және мұнай-газ ісі» факультеті

«Мұнай-газ ісі» кафедрасы

      Реферат

            Тақырып: Бұрғылау ерітінділерінің түрлері

                                                                         Орындаған:Чиналиев Аниель

                                                                         Қабылдаған:Сарсенбаев Хамит

Дәріс жоспары:

1.Кіріспе

2. Бұрғылау ерітінділері туралы түсінік

3. Ерітінділердің түрлері

Газоконденсатты кен орындарының ерекшеліктері

Газконденсатты кен орындарының газдары құрамында пентан жəне одан жоғары көмірсутектердің көп болуымен сипатталады да, атмосфералық жағдайда көмірсутекті конденсаты құрайтын сұйықтық болып табылады.

Сонымен, мұнай газдарында жеңіл немесе ауыр (пропан жəне одан жоғары) көмірсутектердің басым мөлшерде болуына байланысты газдар – құрғақ жəне майлы деп бөлінеді.

Құрғақ газ – құрамында ауыр көмірсутектер кездеспейтін немесе аз мөлшерде болатын табиғи газ болып табылады. Майлы газ деп ауыр көмірсутектер, олардан сұйытылған газды немесе бензинді алуға мүмкіндік беретіндей мөлшерде болатын газды айтады.

Газдың физикалық қасиеттері

Газдардың физикалық қасиеттерін сипаттайтын негізгі параметрлері ретінде оның тығыздығы мен тұтқырлығы болып табылады.

Мұнай газының негізгі физикалық қасиеттерінің бірі метанда 0,72-ден пентанда 3,2 кг/м3-ге дейін ауытқитын тығыздығы болып табылады.

Мұнай газының құрамына кіретін басқа көмірсутектер бірбірінен физикалық құрамымен өзгешеленеді. Сондықтан да бұл мұнай газының физикалық құрамына əсер етеді. Мұнай газында қаншалықты жеңіл көмірсутектер аз болса (метан мен этан),соншалықты бұл газ жеңіл жəне оның жану жылуы аз.

Газ қоспаларының тығыздығы оның құрамы мен жағдайларына (қысымымен температурасы) тəуелді. Атмосфералық жағдайларда газ тығыздығы сирек 1 кг/м3 ден асады.

Тəжірибеде ауа бойынша газдың салыстырмалы тығыздығы деген түсінік кең қолданылады, яғни қалыпты жағдайда (Р=0,1 МПа жəне Т=273 K) газ тығыздығының ауа тығыздығына қатынасы:

Δ = ρ /1,293

мұнда 1,293 кг/м3 - қалыпты жағдайда ауа тығыздығы.

Газ тұтқырлығы өте аз жəне 1  10-5 Па  с-ден аспайды. Қысым өскенде ол жоғарылайды.

Газдардың аз қысымда ерігіштігі Генри заңына бағынады, соған сəйкес еріген газ мөлшері қысым мен ерігіштік коэффициентіне тура пропорционал. Газдың суда ерігіштік коэффициенті температура мен судың минерализациясына тəуелді.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (82.4 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club