Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бұрғылау машиналары, қондырғылары

Автор:   •  Апрель 18, 2018  •  Контрольная работа  •  1,184 Слов (5 Страниц)  •  1,502 Просмотры

Страница 1 из 5

Мазмұны

I. Кіріспе.......................................................................................................3

I I. Негізгі бөлім..........................................................................................4

1.Бұрғылау машиналары, қондырғылары................................................4

2.Қашау түрлері..........................................................................................5

3.Үш шаржылы қашаулардың таужыныстарға әсер етуі.......................6

4.Колонкалық қашаулар............................................................................7

I I I .Қорытынды.........................................................................................11

I V.Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................12

I.Кіріспе

Таужыныстарын қазып-тасымалдағанда, оларды қазып алғанда бірнеше құрал жабдықтар қолданылады. Олардың негізгілері қашаулар және олардың түрлері. Қашаулар негізінен скважиналарды қазу үшін қолданылады. Скважиналарға жарылғыш зат тасталынып жердің қатты бөлігі қопарылып алынады. Жер қабатының қаттылығына байланысты, топырақтың тоңдану қаттылығына байланысты құрал жабдықтар таңдап алынады. Өсімдік қабаты өте сирек әрі қымбат болғандықтан оны арнайы орларда сақтап, кейін қайта көмуде немесе қажетті орынға тасымалдау үшін қолданылады. Қенді қазар алдында алдымен алаң тазаланып алынады, кейін дайындық, қоршау жұмыстары жүргізіліп, қазу, тасымалдауға жол салу істері жүргізіледі.

Кен қазуға арналған тәсілдер: Кен қазып алып тасымалдауға арналған тау машиналарының түрлеріне байланысты өңдеудің келесі тәсілдері бар: жер астында, экскаваторлық, гидравликалық, скреперлік-бульдозерлік.

Кенжар тереңдігі 30 м дейін және ені 150м дейін болған жадайда оны экскаваторлық-тасымалдау тәсілімен өңдеу ең тиімді болып саналады.

Экскаваторлық-тасымалдау тәсілін қолдану барысында ең мықты және тастақ жыныстар орналасқан террасалық және жоғарғы кен орындарын өңдейді.

Бульдозерлік-скрепер тәсілі үлкен капиталды шығындарды қажет етпейді және электр қуатының аз меншікті шығынымен сипатталады. Бульдозерлер мен скреперлер артықшылықтарына олардың жоғары маневршілдігін, бір учаскеден екіншіге жылдам ауысуын жатқызуға болады.

        II.Негізгі бөлім

  1. Бұрғылау машиналары, қондырғылары.

Бұрғылау машина немесе қондырғы деп – таулы массивте саңылаулар жасауға арналған машиналар мен жабдықтарды атайды. Бұрғылау машиналары 3 топқа бөлінеді: соқпалы, айналмалы, соқпалы - айналмалы (толық айналады). Саңылаудың диаметрі мен тереңдігіне байланысты саңылаулар ұңғыма мен шпурларға бөлінеді.

Шпурдың диаметрі 32-75 мм, ал тереңдігі 5 м-ге дейін жасалады. Ұңғымалар  диаметрі 75-300 мм, ал тереңдігі 5 м-ден жоғары жасалады.

Шпурлар мен ұңғымалар жарылғыш заттарды жүктеп орналастыруға арналған.

Алмасты қашаулар

Алмас – полиморфты түрлендірілген минерал, және ол кристалдары ромбододекаэдр пішімді болып келеді.

Алмас зергерлік және техникалық түрлерге бөлінеді. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарында техникалық алмас қолданылады. Ол борт, баллас және карбонды болып үш топқа бөлінеді.

Бұрғы қашауларында негізінен тек борт тобының алмастары қолданылады да қашауларының жұмыстық беттеріне алмастарды отырғызғанда әртүрлі тәсілдер қолданылады. Соңғы кезде сол жұмыстарды өткізу үшін ұнтақты металлургия кеңінен қолдауын тапты.

Тәсіл бойынша алмас түйіршіктерін белгілі үлгісі бойынша пресс қалыпқа орналастырып, желіммен ұстатады. Қалыпқа ұнтақ қоспалар араласын (шихтасын) себеді де престейді. Алмас түйіршіктері матрицадан өзінің 1/5-1/4 өлшеміндейі шығып тұруы қажет.

Бұл жағдайда алмас түйіршіктері матрицаның тек үстіңгі бетіне орналастырылады да өлшемдері 2 - 3 мм түйіршіктер қолданылады. Ұсақ түйіршіктер қолданылған жағдайда оларды матрицаның үстіңгі қатпарына тереңдігі 5 - 6 мм етіп орналастырады да мұндай қашаулар импрегнир - ленген қашаулар деп аталады.

...

Скачать:   txt (18.4 Kb)   pdf (396.2 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club