Ұжымдық шарт ұғымы және оның қағидаттары
Автор: bekzatturgymbai • Февраль 28, 2024 • Реферат • 2,947 Слов (12 Страниц) • 133 Просмотры
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1 Ұжымдық шарт ұғымы және оның қағидаттары 2
2 Ұжымдық шарттың жақтары 5
3 Ұжымдық шарттың мазмұны 7
4 Ұжымдық шартты жасау тәртібі 8
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы, меншік түрлері мен шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формаларының көбейген жағдайында еңбек қатынастарын реттеудің ұжымдық-шарттық әдісінің рөлі артады. Экономиканы басқарудың командалық-әкімшілік әдісінен бас тарту және басқарудың экономикалық әдістеріне көшу кәсіпорындарды мемлекеттік үстемдіктен қалайда босатады. Еңбек заңнамасы бұл жағдайда жалданбалы еңбек адамдарына ең төменгі деңгейдегі мемлекеттік кепілдіктерді ғана белгілейді. Еңбек қатынастарын реттеудің ұжымдық-шарттық әдісі арқылы жақтар ортақ мүдделерді негізге алып және табысты әділ бөле отырып еңбектің және оған ақы төлеудің жағдайларын белгілеуге мүмкіндік алады. Еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестік жүйесі жақтардың мұндай ара қатынасына негіз болады.
Ұжымдық шарт — жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт.
Біз бұл жұмысымызда осы ұжымдық шартқа толығырақ тоқталып, оның ұғымын, қағидаттары мен ерекшеліктерін қарастырамыз.
1 Ұжымдық шарт ұғымы және оның қағидаттары
Жұмыс берушілер мен кәсіпорындардың жұмыскерлері арасындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіпшілдік қатынастары ұжымдық шарттармен анықталады. Ұжымдық шарттарды дайындаудың, жасаудың және орындаудың жалпы құқықтық және ұйымдық негіздері 1992 жылғы 4 шілдедегі "Ұжымдық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Еңбек туралы Заңда (3-тарау), Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы" Заңда, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) конвенциялары мен ұсыныстарында және басқа да нормативтік актілерде белгіленген.
Еңбек заңнамасы бойынша ұжымдық шарт дегеніміз жазбаша шарт түрінде ресімделген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) мен бір немесе бірнеше кәсіпшілдер одағы, не келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымдарын құрып алған, кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер қол қойған құқықтық акт (Еңбек туралы Заңның 1-бабы).
Талапқа сай ресімделген ұжымдық шарт локальдық (жергілікті) нормативтік құқықтық акті болып табылады. Ұжымдық шарттың жеке еңбек шартынан айырмашылығы сол, ол жақтардың барлық ұжымның не жекелеген топтың мүддесіне қатысты еңбек жағдайларының жалпы мәселелері бойынша келісімі. Бұл ретте ұжымдық шарттың ережелері құқықтық норманың кейпін алады, олар еңбек туралы күшіндегі заңнаманың олқылықтарын толтырады. Шындығында, еңбек заңнамасымен және жеке еңбек шартымен салыстырғанда ұжымдық шарттар жалпы ұжымның немесе оның жекелеген топтарының жұмыскерлері үшін қосымша жеңілдіктерді, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдерді анықтайды, келісілген нормалар жалпыға бірдей міндетті болады. Тиісінше, сол қабылданған нормаларды орындаудағы жақтардың міндеттемелері (жауапкершіліктері) де жалпы болады. Яғни, ұжымдық шарт, жақтардың харакеттерінің жалпы ережелерінің жиынтығы болғандықтан, еңбек жағдайларын жергілікті реттеудің нормативтік құқықтық актісі де танылады, яғни оның әрекет ету өрісі нақты кәсіпорынмен шектелген.
Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясы қабылдаған 91 ұсынысқа сәйкес (1951) "ұжымдық шарт" дегеніміз бір жағынан кәсіпкер, кәсіпкерлер тобы немесе кәсіпкерлердің бір немесе бірнеше ұйымы мен, екінші жағынан, еңбекшілердің бір немесе бірнеше өкілетті органдары немесе, ондай ұйымдар болмаған жағдайда, сол жұмысшылардың елдің заңнамасына сәйкес сайланған және өкілеттік берілген өкілдері арасында жасалған, еңбек пен жалдау жағдайларына қатысты жазбаша келісім.
Бұл анықтамада ешнәрсе еңбекшілердің кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері құрған немесе қаржыландыратын немесе олардың қол астындағы ұйымдары ретінде танылуға тиіс емес. XIX ғасырдың басында Англия мен АҚШ-та пайда болған ұжымдық шарттар басқа мемлекеттерде де (Германия, Франция, Бельгия, т.б.) кең тарады. Қазіргі кезде ұжымдық шарттар кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарын реттеу жүйесінде маңызды роль атқарады.
...