Қолжазба кітап тарихынан
Автор: Alisher11111 • Март 22, 2022 • Реферат • 13,539 Слов (55 Страниц) • 253 Просмотры
Қолжазба кітап тарихынан.
Алғашқы жазу материалдарының түрлеріне байланысты қолжазба кітаптың түрі сан алуан. Қыш, тас, папирус, пальма жапырағы, пергамен, қағаз сияқты материалдардың бәріне кезінде жазу түсірілді. Осы жазу түсірілген материалдың бәрі қолжазба кітап қатарына жатқызылды.
Шығыс халықтарының кітабы. Ертедегі Египетте кітап санатында папирус бумасы жүргенін білеміз. Ең көне папирус б.з.д.үш мыңыңшы жылы қойылған табыт ішінен табылады. Папирустар көбіне өлгендер құрметіне жазылған. Солардың аруағын көтеретін, культін жасайтын. Мұндай папирустардан белгілілері: «Пирамидалар кітабы», «Саркофаг кітабы». Дәрігерлік тақырыпта жазылғандардан Эберстің медицина папирусы сақталған. Папирус жазбаларында әдеби шығармалар бөлек орын алады. Жанры жағынан әр қилы фантастика, махаббат лирикалары, мысалдар. Олардан бізге жеткендері, фантастикалық қияли ертегілерден кеме апатына ұшырағандар ағалы-інілі екеу «Шындық пен Өтірік», мифологиялық мазмұнға құрылған «Хор мен Сет» повесі сияқты туындылары. Сонымен бірге көркем тілмен жазылған тарихи-реалистік сипаттағы Синухет әңгімесі, Ун-Амун есебі типтес шығармалар.
Папирус орамдарын зерттейтін арнайы ғылымды папирология деп атайды.
Алдыңғы Азияда жазу-сызу материалы ретінде балшық плиткалар пайдаланған. Формасы жағынан текше немесе сопақша келеді. Саз балшыққа тек тіктеп жазған. Үші үшкір таяқшамен сыналап жазуға тура келген. Сынаға ұқсайтындықтан бұл жазуды клинопись деп атап кеткен. Үшкір таяқшаны стилос дейді.
Айналасы тегістелген плитканы жіппен орап бекітіп, жазу түсірілген соң күнге қойып кептіреді де, онан соң отқа күйдірген. Кітап құрайтын қыш плиткаларды жәшік ішінде сақтайды. Бір жәшік плитка- бір қыш кітап. Асссирия патшысы Ашшурбанипал (біздің заманымызға дейінгі 669-663 жылдар) өз астанасы Ниневияда қыш кітаптан кітапхана ұйымдастырған. Қыш кітаптар жүздеген тарихи, діни, ғылыми мәтіндерді құрайды.
Вавилон-ассирия әдебиетінің қыш кітаптарында сақталған ескерткіштерінен ең атақтысы – Гильгамеш туралы поэма (б.з.д.ХVIII ғасыр). Ашшурбанипал кітапханасында астрономиялық, сонымен бірге есеп-қисап кестелері, күнтізбелер, емдеу кітаптары көптеп саналады.
Еврей қолжазба кітаптары. Еврей қолжазба кітаптары б.з.д.ХI-Х ғасырларда дүниеге келе бастаған. 586 жылы Иерусалим қаласы қиратылған кезде Иерусалим храмның Вавилонға ауған жрецтері өздерімен бірге Құдайдың шабытты сөздері жазылған кітаптарды ала кетеді. Бұл кітаптар кейін ат-Таурат, Тор кітабы құрылады. Библиядан өзге де еврейлердің көне еврей және арамей тілдерінде жазылған бай әдебиеті болған. Олардан біздің заманымызға тек тарихи ескерткіштерде жүрген үзінділер мен аздаған аудармалар ғана жеткен. Жазуы дауыссыз, 22 әріптен тұрады. Негізі финикиялық алфавиттен алынған.(б.з.д.екі мыңыңшы жылдардың бірінші жартысы) Одан кейін б.з.д. 5-4 ғасырларда оны арамей жазулары ығыстырып шығарады. Арамей алфавиті негізінде еврей жазулары пайда болады. Көне еврей қолжазба кітаптары папирусқа немесе жарғаққа жазылған, сонымен бірге пергамен кодексі де аса бір қадырлі мәтіндер үшін қолданылған. IХ-Х ғасырларда бұл материалдардың орнын қағаз ауыстырады.
Орта ғасырлар бойы еврейлер кітап дәстүрін одан әрі дамытты.Тарихи уақиғаларға байланысты еврейлер Азия, Еуропа, Африка елдеріне қоныстанған. Сол себепте де көптеген еврей кітаптары өзге тілдерде жазылған. Еврейлер қолжазба кітаптарын өте әшекейлеп шығара білген. Мұқабасы терімен көмкеріліп, бетіне өрнек басылған. Еврей қауымдары кітап атаулыны өте қадырлеп, кітапханаларда, құдайларына сиынатын жерлерінде және мектептерде сақтаған. Еврей қолжазба кітаптарының бағалы экземплярларын Британ музейінен, Бодли кітапханасынан (Оксфорд), Париж ұлттық кітапханасынан, Санк-Петербург және Мәскеу кітапханаларынан табуға болады.
...