Отандық кітап сауда кәсіпорындары. Кітап ісінің басқа субъектілерімен байланысы. Баспа, полиграфия, кітап саудасы, библиография және кіта
Автор: akerke.amankeld • Октябрь 21, 2020 • Реферат • 1,206 Слов (5 Страниц) • 680 Просмотры
Кіріспе
Өнердің аса күрделі саласы кітап пен баспа. Ол халықтікі, инернационалдық баршы ұлтқа ортақ өнер. Өйткені осы баспа арқылы біз әлемдегі әрбір халықтың тамаша туындыларын кітаптан оқимыз.
Бір елден шыққан өнер ертелі-кеш екінші елге, бір континенттен екінші континентке, тіпті бара-бара бүкіл дүниеге тарайды. Адамзаттың ақыл мен ойына шек қоймағандай өнеріне де шек қою мүмкін емес.
Қазақ халқының тамаша мақалында «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді. Рсында да, біз жазу, кітап шыңару, баспа, фотография, цикография, литография өнерінің, полиграфия машиналарының шығыс елдерінен батысқа, батыстан шығысқа жайылғанын көреміз.
Өнердің қай түрі болса да даму процесінде бірімен бірі тығыз байланысты өрістейді, біріне-бірінің игілікті әсері тимей қоймайды. Оған дәлел алғашқы сынтастардағы суреттерден фотографияға, живописке, табиғаттағы сан гүлдер реңінен баспа өнері цикографияға, ағаш арбасының кәрі дөңгелегі бұл күнде метроның трамвайыдың, поездың, ротацияның зуылдаған дөңгелегіне айналғаны куә.
Жалпы полиграфияның пайда болу тарихы
Полиграфия және кітап, бұл екеуі тығыз байланысты. Себебі кітап басу – полиграфияны қалыптастырады. Қазіргі заманғы тамаша техниканы дамытты. Өнер көзі халықта демей ме бабаларымыз. Осы рас, паровозды ойлап тапқан Джордж Стефансон – кочегар, пароходты жасаушы Роберт Фультон – механик. XI ғасырдың өзінде – ақ тұңғыш рет жалжымалы шрифтіні пайдаланған да қарапайым ұста – Би шен. Ол май балшықтан төрт бұрышты литер (десте) жазған. Отқа күйдіріп әріп қалыптарын дайындаған.
Баспахана ісіне қажетті баспа столдарының (верстатка) орынына бірнеше колонкаға бөлінген темір рамкаларды пайдаланған. Оларды тақтайға бекітіп, иеорглифтердің төсеніші ретінде қолданыған. Үстіне сұйық смола құйып, оған әріптерді орналастырған. Смола жеке-жеке литерге құйылып құрастырылған сөздерден арнаулы беттер жасалған. Онымен жүздеген оттискалар басылған.
Қажетті қолжазбаның арнаулы беті дайындалған соң темір тақтаны қайтадан отқа қыздырғанда смола еріген, оған қондырылған әріптер саудырап жерге төгілген. Қажет болса дайын әріптерді қайтадан пайдасына жаратқан. Сондай-ақ оларды табуды оңайлату үшін айналып тұратын көп ұялы теру кассасын (наборная кассаны) ағаштан жасаған.
Көп ұзамай Би Шен жүниеден өтеді. Есімі ұмытылады. Бірақ шебердің өнері халықтың арасына кеңінен тарайды.
Қиындығына қарамастан Би Шен тапқан әріп құюдың жаңа әдісі алдымен Кореяға тарайды. Онда 1932 жылы ресми түрде кітап фабрикасы ашылады. Одан Жапонияға ауысып, европалықтардың үйренуіне мүмкіндік туады.
XV ғасырдың орта кезінде Голланжияның Гарлем қаласында тұрған оқымысты Лоренц Костер балаларымен орманға серуенге шығады. Ағаштың қабығын ойып, ауан түрлі суреттер салады. Онан соң әріптерді жазып балаларынра алуан түрлі ойыншықтар жасап беруді ойлайды. Солардың біреуі абайсызда қолынан жылжып майда тапыраққа түскенде өзінің таңбасын қалдырады. Үйіне келіп жаса,ан әріптеріне бояу жағып қағазға басса таңбасы керісінше түседі. Айнаға қараса дұрыс көрінеді. Шебер айнаға қарап отырады да, әріпті қайтадан ояды. Сөйтіп таңбаның дұрыс түсуін ойлап табады. Осыдан соң қалайыдан литер құйып, соның жәрдемімен «Адамды құтқарудың айнасы» деген кітап басып шығарады. Оның бір данасы Петр 1 тұсында Россияға әкелінеді. Алайда, оның авторы, жарияланған жылы, таратушысы жайында ешқандай мәлімет қалмайды.
Ғалымдар Костер жайындағы мәліметтерді іздеп талай жылдар архивтердің сарғайған қағаздарын ақтарады, бірақ оның өмірі мен өнеріне байланысты бұлтартпас деректер осы күнге дейін табылмай келеді. Осыған қарамастан Голландия халқы 1823 жылы оған зор ескерткіш орнатып, өздеріндегі алғашқы баспаның 400 жылдық мерекесін тойлады.
Европадағы
...