Кітап
Автор: Nodi • Декабрь 8, 2020 • Эссе • 588 Слов (3 Страниц) • 10,930 Просмотры
Философия
ПМНО-205 2-курс (4-ж)
Абиддинова Нодира
Эссе
«Кітап»
Кітап - бұл асыл қазына. Кітап - бүкіл адамзаттың ұлы мұғалімі. Ол бізді айқын бесіктен терең қарттыққа дейін сүйемелдейтін дос. Кітап тіл байлығын қалыптастырушы, дамытушы құрал. Болашақ үшін кітаптің маңызы ерекше. Ол адамзат үшін ғасырдан ғасырға жалғасып қызмет етіп келе жатыр. Замандар өтіп қоғамға ғаламтор, теледидар, телефон тағы басқа технологиялар келді. Алайда, ақпарат пен технология дамыған дәуірде де кітап өз орнын жоғалтпайды. Бірде-бір гаджет, бірде-бір фильм сол кітаптағы эмоцияларды, қуаныш пен толқу сезімдерін бермейді. Ешқандай компьютерлік графика туындылардың авторлары өздерінің әңгімелері мен поэмаларында сипаттайтын табиғат сұлулығы туралы түсініктерді жүзеге асыра алмайды. Бірде-бір фильм, тіпті оның сюжеті кітап бойынша жазылса да, басты кейіпкерлердің сипатын соңына дейін ашса да, туындының толық сипаттамасы мен идеясын жеткізе алмайды.
Қазақта бір мақал бар "Кітап білім бұлағы", яғни білімнің қайнар көзі, білімнің ошағы, білімнің бастауы осы қітаптан басталады. Ұлы Шекспир "Кітап маған тақтан да кымбат" деген екен, бұл дегені ол да кітапті ең маңызды, құнды зат деп білген. Өйткені Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаты мен жаңа құндылықтарды үйренеді.
Кітаптар әр түрлі жанрларда, әр түрлі жастағы адамдарға арналған болады. Бірақ қандай кітап болмасын, кітап ең алдымен жаңа эмоциялар беретін зат болып қалады. Өйткені адам кітап оқыған сайын оның ішкі жан-дүниесі, дүниеге деген көзқарасы ауысып отырады. Кітап ішіне сүнгіп, автордың жеткізбекші болған ойын бүкіл жан тәнімен сезіне алады, сол кітаптағы кейіпкер өзі сияқты сезімде болады.
Менің өмірімдеде кітаптың алатын орны ерекше. Себебі мен балалық кезімнен кітап оқуға қызықтым. Басында сүреті көп түрлі ертегілер оқыдым. Уақыт өте келе кітаптың беттері көбейіп, сүреттер азая бастады, өйткені, менде үлкейе бастадым. Мұндай кітаптар мен үшін қоршаған әлемді аша бастады, дүниеге, өмірге деген көзқарасым өзгерді, өмір сүруге құштарлығық сезімі ояна бастады. Күннен күнге кітапқа деген қызығушылығым арта түсті. Кітапсыз өмірімді елестете алмайтын болдым. Осы күнге дейін яғни университет қабырғасына барғанға дейін көп көбінесі өзбекше, қазақша, және орысша әдбиеттер оқыдым. Кәзір ағылшын тілін үйреніп жатқан соң ағылшыншы кітаптардыда оқып жатырмын. Осы күнге дейін оқыған кітаптарым ішіндегі маған көп әсер қалырғаны бұл Абдулла Қадирийдің «Өткен күндер» романы, осы кітапті оқыған кезімде, Ата-анаға деген құрмет, жарына деген адалдықты, сенімділікті, өмірмен күресуді, түрлі-түрлі сезімдерді сезіне отырып, өз бойымнан өткізі алдым. Сондықтанда, мен үшін кітап - жайғана мәтінмен бірге өрілген парақтар ғана емес, әр түрлі адамдармен саяхаттауға, яғни шығармалардағы кейіпкерлердің өмірлерімен өмір сүруге, адамның қандай жағдай болмасын, нені сезінетінін түсінуге болатын нағыз әлем. Сол себептіде мен үшін кітап өте қадірлі, құнды зат.
...