Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәтін бойыншв құрылатын жоспар түрлері

Автор:   •  Июнь 27, 2023  •  Доклад  •  515 Слов (3 Страниц)  •  203 Просмотры

Страница 1 из 3

Мәтін бойынша құрылатын жоспар түрлері.

Менің түсінігімдегі мәтін – тек сөйлеу шеберлігінің ғана емес, оны түсінудің де ілгерінді жемісі. Сондықтан, мәтінді лингвистикалық сөйлем түрлерінің  түрлерінің жоғары бірлігі деп қарастырамыз. Оқырман мәтінді түсінуі үшін, ең әуелгі қадамды жоспар құруды үйретуден бастаймыз. Атақты ғалымдардың пікірлері бойынша жоспар құру, біліктілікті қажет ететін күрделі әрекеттердің бірі. Сол себепті, жоспар құруға селқос қарамаған абзал. Соның нәтижесінде танымдық қасиеттер дамиды. Жоспар дегеніміз – мәтін бөлімдерінің негізгі бөлігі болып табылады. Сол себепті, мәтіннің желісі негізінде жоспар құру аса маңызды процесстердің бірі. Оны құрастыру кезінде мәтінді белгілі бір бөліктерге бөле отырып жүзеге асырады. Мәтіннің әр бөлген бөлігіне жекеше атаулар беріп, қысқаша әрі түсінікті тілде баяндайды. Жоспар құру арқылы автор, мәтінді жүйелі түрде жүргізе алады. Яғни, жоспарлы түрде әрекет етеді. Жоспарды оқу арқылы кез-келген оқырман, мәтіннің түпкілікті идеясы мен мазмұнын тез түсініп алуына болады. Әрі біз ол арқылы жазылымға дайындықты бастаймыз. Сондықтан оны – дайындық кезеңі деп атауға болады.

Мәтін бойынша жоспар құрудың негізгі екі түрін қарастыра аламыз. Оның алғашқысы, мәтінді толықтай бөлшектерге бөлу арқылы жоспар құру. Ал екіншісі, мәтін мағынасына жуық түрде жоспар құрастыру. Былай қарап отырсақ, екі бірдей әрекеттің де керек екендігі байқалады. Тіпті, осы аталған екі түрлң жоспар құру әдістерінің ортақ ұқсас тұстары баршылық. Ендеше оларды салыстыра өтейік.

Бірінші қарастыратын әрекетіміз – мәтінді белгілі бір бөліктерге бөлу арқылы, жоспар құрастыру. Сіз мәтінді оқып шықтыңыз делік. Оның әр бөлігімен жіті-жіті танысып, ойша жоспардың жобасын жасап қойдыңыз. Қарап отырсаңыз, бірнеше азат жолдар бірігетін болса, бір жоспар бөліктерін құрайтындығын түйсіндіңіз. Нәтижесінде, сәйкес келетін азат жолдар бойынша оларды бөліктерге бөліп, жоспар құрастырып шықтыңыз. Мұндай жолмен құрылған жоспар, сіздің қаншалықты дәрежеде жүйелі әрекет еткеніңіздің көрінісі іспеттес.  Екінші қарасыратын амалымыз – мәтін мазмұны бойынша жоспар құрастыру. Бірінші амал мен екінші амалдың ұқсастығы, екеуінде жүзеге асыру кезінде, мәтінді толықтай оқып, түсініп алу қажет. Екеуінде де айтылған ойларды саралап, бөлімдеріне немесе мазсұндарына қарай жосарлы түрде атау беру керек.

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (57.9 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club