Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жыраулар жырындағы публицистикалық сарын

Автор:   •  Май 25, 2018  •  Курсовая работа  •  19,472 Слов (78 Страниц)  •  765 Просмотры

Страница 1 из 78

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

      Х.ДОСМҰХАМЕДОВ атындағы  АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

                                                                          «Қорғауға жіберілді»

                                                                         ___________ кафедра меңгерушісі

                                                                         «____» ____________2009 ж.

ДИПЛОМДЫҚ    ЖҰМЫС

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ- АУЫЗЕКІ ПУБЛИЦИСТИКА ҮЛГІСІ

Орындаған:

Журналистика мамандығының

ІҮ курс күндізгі бөлімінің студенті                        Ізтелеуова Мөлдір            

Ғылыми  жетекшісі:

Аға оқытушы                                                             Мажитова Ләззат Қабдырқызы

АТЫРАУ, 2009

КІРІСПЕ .................................................................................................................... 3

І ТАРАУ

ПУБЛИЦИСТИКАНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ- ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНДА

1.1. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап

       тұрған- публицистика өнері ............................................................................. 7

1.2. Ауыз әдебиетінің бір үлкен саласы – батырлық жырлар............................. 13

 

ІІ ТАРАУ

ЖЫРАУЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК

2.1.  Жыраулар жырындағы публицистикалық сарын ....................................... 28

2.2. Жыраулар жырындағы көсемсөз –идеология құралы ................................. 44

Қорытынды ............................................................................................................. 52

Әдебиеттер тізімі .................................................................................................... 55

КІРІСПЕ

        Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы  батырлар жырын публицистикалық мұра тұрғысында қарауға арналған. Жұмыста батырлар жыры өз алдына дербес қарастырылып, жан-жақты талданып, публицистикалық еркшеліктеріне теориялық жағынан негізделіп баға беруге талпыныс жасалды.

        Қазақтың қаһармандық эпосы өзінің көл- көсір молдығымен де, көркемдік- эстетикалық қуат тегеурінімен де, тарихи деректілігімен де халқымыздың рухани болмысында айрықша орын алады.

        Еуразияның Ұлы даласында үш мың жылдай дәурен сүрген көшпелілер әлемінің барша ғұмыр тіршілігінің айғағындай, рухани болмысының айнасындай болып кеткен осынау мол мұраның сыр-сипатын зерделеу ғылыми ой- танымымыздың өсіп -өркендеуімен үздіксіз сабақтаса беретіні даусыз.

Бүгінгі таңда осындай ізденістердің әрленіп- нәрлене түсуі ғылымда қол байлау болып келген түрлі ресми де, бейресми де қаулы- қарарлардың тоң мұзы еріп, зерттеудің ғылыми- танымдық кемелдігі сыршыл да шыншыл сөзге қарай мықтап бет бұруымен өзгешеленіп отыр.

Қазақтың батырлық жыры киелі де аруақты өнер. Ол публицистика айдынында ақылдың кені, даналықтың көзі, қаһармандықтың теңдессіз үлгісі ретінде, саз әлемінде дауылдай екпінімен, табиғаттың өзіндей сыршыл үнімен үлкенді де, кішіні де өзіне тәнті етті.

 Біздің батырлар жырын публицистика тұрғысынан алып қарағандағы мақсатымыз, халықтың өз тарихын өзі бейнелеген әрі көркем, әрі тарихи шежіресін көсемсөз тұрғысынан зерделеу болып табылады.

        Тақырыптың өзектілігі. Қазақ журналистикасының әлеуеті бүгінде әлемдегі өркениетті елдер журналистикасымен бәсекелесе алатындай дәрежеде. Олай болса, заман көшінен қалмау, кәсіби деңгейді көтеру, мамандардың білімі мен білігін жетілдіру, ақпарат тасқыны жүріп жатқан дәуірде ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, заман ағымына ілесіп, уақыт үрдісінен шығу - журналистиканың алдындағы басты міндет.

...

Скачать:   txt (236.2 Kb)   pdf (604.2 Kb)   docx (98.6 Kb)  
Продолжить читать еще 77 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club