Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жыраулар атынан болашаққа хат – аманат

Автор:   •  Февраль 17, 2021  •  Эссе  •  363 Слов (2 Страниц)  •  1,109 Просмотры

Страница 1 из 2

Жыраулар атынан болашаққа хат – аманат.

Уа, жас ұрпақ! Біз жыраулар, болашаққа өсиет қалдырдық. Бұл өсиетте айтылған әрбір сөзді саналарыңа тоқып алыңдар. Сонда бізде, болашақта ұлтымыздың тұғыры биік болатынына сенімді боламыз.

Мен, Желмаяға мініп, Жерұйықты іздеген Асан қайғы, сендерді желке терілерің құрысып, өткінші дүниелік істерге бола әркімменен ұрысып, таласпауға шақырамын. Ең үлкен дұшпан ол – ашу. Сол ашуға бой алдырып, түбі терең қуысқа түсіп кетпеңдер деп ескертемін!

Мен, батыр жырау Шалкиіз, сендерге айтарым «Өзім болдым» деген менмендіктен сақтаныңдар! Сонау Еділден аққан сызашық, біз көргенде тебінгіге жетер-жетпес су болатын, соны телегейдесін сайқалтып, теңіз еткен Тәңірі еді. Жағасына қыршын біткен талды да, жапырағын жайқылтып, терек еткен Тәңірі еді. Тебінгінің астынан, ала балта суырысып, тепсінісіп келгенде, тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе, бір Тәңірдің еткені. Әр істің жүзеге аспағы бір Алланың әмірімен болғанда, қалай ғана өзім болдым деп мақтанасың. Сондықтан да «Өзім болдым» деме бір Алланың әмірі де.

Мен, 16 жасымнан хандар, билер, батырлардың жанында жүрген Жиембет:

«. . . Бастап келген өзге емес,

Жиембет сыңды биің-ді.

Малын салып алдына,

Әр саладан құйылды,

Он екі ата Байұлы

Бір тәңірге сыйынды» дей келе, болашақ ұрпақтарыма Құдайдан қорқып, тәубешіл болуды, құлшылық пен тіршілікті ұштастыра үйлесімді өмір сүруді уағыздаймын.

Мен, атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар, сендерге өмір бойғыларыңа азық қалдырғым келіп отыр.

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (31.4 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club