Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігімен байланысы.

Автор:   •  Июнь 30, 2022  •  Реферат  •  552 Слов (3 Страниц)  •  438 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

[pic 1]

Факультеті:«Қазақ тілі және әлем тілдері»

Мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Аралық бақылау

Тақырыбы: Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігімен байланысы.

Орындаған:Бердимуратова Сулувхан Нургабилкызы

Қабылдаған: Юсуп Пархат Корабайулы

Алматы – 2022

         Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігімен байланысы.

                                                     

Мәселе

Ғалым пікірі

Өз пікірім

Ескертулер

Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігімен байланысы.

Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясында ерлік тақырыбының басымдық алып, өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қайсарлығын жырлау ең өзекті мәселе болды.

Ж.Бекбатыров

Шешендік сөздің шегесін қағып,көркем сөзден көрпе тігіп,қара сөзден қамшы өрмесем де,көне замандағы жыраулардың қазақ мемлекеттігіне байланысы туралы бірер сөз айтқым келіп тұр.Жыраулар поэзиясының қазақ мемлекеттігіне қатысы бар және оны ешкім жоққа шығара алмайды.Неге? Себебі,қай жыршының жырын қарасаңыз да,ел қамын ойлағанын,хандарды тура жолға салу үшін барын салып сынап,мінеп ұзын-сонар жыр жазған. Жазбаған,ауызша айтқан. Солай бізге жеткен.Елдің қамын ойлаған жыршылардың жырына қарап тұрып, мемлекеттілікке қатысы жоқ деген сөзді айту қиын ғой! (Оған мысал ретінде жыраулардың жырларын ұзын-сонар етіп жазбасам да хабарыңыз болар,менің де хабарым бар,сондықтан осыған байланысты мына бір оқиғамды баяндап берейін.)
Осы жақында жазушылар одағының бір мүшесімен кездестім. (Атын айтып,түсін түстемейін).Сол кісімен әдебиеттің өткен тарихынан күні бүгінге дейінгісі туралы сөз қозғадық.Сонда осы жыраулар туралы әңгіме өрбіттік.Келесі диалогқа зер салсаңыз:
-Ол кісі:Әдебиеттің тарихына шолып қарасаң көбі өтірік.Біздің тарихымызда өтірік.Өткен күндегі жыршылар туралы айтып жатады.Солардың аузынан шыққан сөзді "әй,тұра тұр мен мына сөзіңді жазып алайын",-деген кім бар дейсің?Ол заманда жеуге тамақты әрең тапқан адам,қағаз бен қаламды қасына серік етеді ғой дейсің бе?
-Мен:Ағай,сіз жалпы кітап оқыған шығарсыз.Егер ондай тарих болмаса,бәрі өтірік болса ондай дүниелерді,мәліметтерді бізге жеткізуінің не керегі бар? Бәлки,көркем сөзбен кестеленген бөлігі расымен ойдан жазылған шығар,бірақ,дәл ондай сипатта әдебиетті де,тарихты да өтіркке шығара алмаймыз.Сізбен келіспейтін тұсым осы болды.
-Түсінбедім?
-Тарихтың қойнауы деп алыстан арбаламайын,әдеби шығармаларда өткен күн тарихы,қағаз бен қалам бізге қалай келгені,сол шығарма кейіпкерлерімен мысал ретінде көрсетілмей ме?
-Жыраулардың жыры жайлы не дейсің? Ауыздан шыққан әр сөзді бүкпесіз жазып алған деу шындыққа келе ме?
-Шындыққа келсін келмесін,болмағанды болды деп дәлме-дәл бере беру қиын шығар.
-Өз жұмысын өткізу үшін ондайға баратындар бар.
-Меніңше олай емес...
(Несін айтам,ақыры ойымыз келіспеді.Жазушылар одағының мүшелерімен араласып,жұмыстарым ұнап,мен де әдебиетке өз үлесімді қосамын деген ойымның күлі көкке ұшты.Әңгімем жараспай еңсем түсіп,үйге қайттым.Шындықтың шыңына шығу қиын ғой.Бірақ,өткен күннің тарихының бәрі өтірік деу адамның миына қонғысыз.Кімге керек олай өтірік айту? Кешегі өткен жыршылар былай тұрсын Абай мен Шәкәрім де болмаған тұлғалар ма сонда?Осы ой мен осы сұрағыма жауап табу үшін мен әлі еңбектеніп дәлелдеймін.Осы ағай.Мұны не үшін айттым?Қазақ мемлекеттігінің бостандығы үшін,тәуелсіздігі үшін қан төккен,жан берген ұлы ардақтылардың ерен еңбегін жоққа шығару адамдық емес!Мен дәлелдеймін)

А.Егеубай жыраулар поэзиясының қазақ ұлтының рухани қалыптасуына жасаған ықпалы туралы: «Жыраулар толғаған адамшылық, имандылық, қаһармандық, жігерлілік һәм жайсаңдық жаңа қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан танылды. Білім-білік, ақиқат, тіл, жаратылыс жайлы толғамдар да сол арнада желі тартты.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (135.5 Kb)   docx (758.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club