Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жас ұлан әлемінде

Автор:   •  Сентябрь 22, 2021  •  Реферат  •  1,079 Слов (5 Страниц)  •  315 Просмотры

Страница 1 из 5

Жас ұлан әлемінде

ХХІ ғасыр - ақпараттың қарыштап дамыған, адамзаттың айтарлықтай өркендеген заманы. Ақпартты таратушы құралдардың едәуір дамып, адам санасы жоғары қабілетке ие болған кезең. Білектің күшінен гөрі, білімнің күшіне сеніп, дүние жарыстырғаннан гөрі, білім жарыстырған заман. Өнерге ерекше мән берілген уақыт. Дәл осы шақта тәуелсіз Қазақстанның ұрпақтары, еліміздің үміт артқан келешегі - яғни біздер өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленіп жатырмыз.

Біздің өмір сүріп жатырған ортамызда бізге қажетті жағдайлардың барлығы дерлік жасалған. Біздің білімді азамат, өнерлі өрен, саналы ұрпақ болып өсуіміз үшін мүмкіндігіміз шексіз. Сондықтан қазіргі шақта біздің алдымыздағы ең бірінші кезектегі міндет - тәрбиелі де тәлімді азамат болып жетілу. Ол үшін біз барлық зейінімізді оқуға қойып, бар ынта жігерімізбен дайындалуымыз қажет.

Біздің мектебімізде жоғарыда аталған жағдайлар мүмкіндігінше жасал-ған. Біздің білім алуымыз үшін, өнерге қызығушылығымызды арттыру үшін қажетті жағдайлардың барлығымен дерлік қамтамасыз етілген. Өйткені, мектебіміздің ұстаздары мен ата - аналары және біздер өзіміздің келешегіміз үшін ең басты нәрсе оқу, өнер, білім екенін жақсы білеміз.

Мен оқып жатырған мектеп атақты күйші Ғибатолла Мәсәлімовтың есімімен аталады. Мұнда әрбір ұстаз әрбір мектеп оқушысына жарқын болашақ үшін, кемел келешек үшін ең қажетті нәрсе - оқу екенін үнемі айтып отырады. Бұл сөздерді санасына сіңіріп, көкейіне түйіп өсіп жатқан біздердің де дүниетанымымыз бен көзқарасымыз оң бағытта қалыптасып келеді. Осылардың барлығын толығымен орындау мақса-тында ұстаздарымыз бізді үнемі оқуға ынталандырып, зейінімізді арттырып, өнерге баулып отырады. Және де мектебімізде оқуға зейінді, ынталы балаларға арналған арнайы ұйым құрылған. Ол ұйымның атауы - "Жас Ұлан және Жас қыран ұйымы".

Бұл ұйым тек біздің мектебімізде ғана емес, барлық Қазақстанда жасақталған. Мұнда оқуға озат, сайысқа епті, өнергі икемді, саналы ұландар, жүзден жүйріктер мен мыңнан тұлпарлар мүше бола алады. Және ұстаздарымыз да "Жас Ұлан ұйымының" мүшелерін ылғи жарыстарға қатыстырып, өздерінің өнерлері мен таланттарын

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (36.7 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club