Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биография Нұрғали Нұртайұлы

Автор:   •  Октябрь 15, 2020  •  Творческая работа  •  800 Слов (4 Страниц)  •  335 Просмотры

Страница 1 из 4

Мен, Нұрғали Нұртайұлы 1938 жылы дүниеге келдім. Өмірде көрген қыйыншылыгым аз болған жоқ. Жеткен жетістігімнің бәріне еңбекпен жеттім. Сендерде еңбеққор болындар. Сонда ғана дәулетті, мағыналы, мәнді өмір сүруге қол жеткізесіңдер. Бұл өмірдегі жақсылықтың бәрі еңбек пен сүйиспеншіліктен басталады

Әкем – Нұртай 1940 жылы әскерге алынды. 1941 жылы Ұлы отан Соғысы басталып содан хабарсыз кетті. Мен  үш жасқа толғанда анам қайтыс болып, тұл жетім қалдым. Өмірде тойып тамақ ішіп көрмеген, бойым оспей, тоғыз жасымда мектепке қабылдандым. 5-сыныпта оқып жүріп, өзімнің тұл жетім екенімді, балалар үйіне орналастыру бойынша көмек сұрап, СОКП ОК-ға хат жаздым. Көп ұзамай облыстан арнайы комиссия келіп, тұрмыс жағдайымен танысып, шынымен тұл жетім екеніне көз жеткізіп, Ванновкадағы пансионатқа орналастырды. Содан, күн сайын үш уақыт тамақішіп, бүтін киім киіп, жағдайым жақсарып қалды. 7-ші сыныпқа келген кезімде, грек-рим күрес секциясына қатыстым.

1954 жылдың басында хабарсыз кетті деп жүрген әкемнен хабар келіп, әкем елге оралды. Сөйтіп әкемді көріп, табысып, дән риза болдым. Әкем сол жылы Орал деген әйелег үйленді. Оның Қоқан деген қызымен ағалы-қарындастай болып, жақсы араласып кеттім.

1957 жылы мектеп бітірдім. 19 жасымда күзге дейін ДОСАФ жүргізушілер курсында оқыдым. Күздер әскер қатарына шақырылдым. Бөлімшеден біраз жердегі фермаға Семей кітапхана техникумның студенттерін ауылшаруашылық жұмысына алып келгенің естіп, барған солдаттармен би ұйымдастырып, танысып,аралас-құралас болып кеттік. Сөйтіп жүріп, Тыныштық атты қызбен танысып, үйлендім. Күреспен айналысып жүріп, 1965 жылы Шымкентте өткен Қазақстан халықтары спортакиадасында Нұрғали Нұртаевич 1-ші орын алды.

1964 жылы тамыз айында Тыныштық босанып, егіз ұл тапты, ал мен әке атандым. Бірінің атын Болат, екіншісінің атын Мұрат деп койдық. Медицина иститутына түсе тұра, жан бағу үшін осы 1960 жылы Темір Жол училищесіне ауысып, жатақхана мен киім –кешекпен, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз ететіні үшін ауысып кеттім. Училищене бітірген соң, Қызылорда жол бөлімшесіне жолданып келдім. Жатақхана алып, тепловоз машинистің көмекшісі болып тағайындалдым. Қызылорда-Жосылы, Қызылорда-Шиелі бағыттырында жұмыс істедім.

1962 жылы Арыс локомотив пайдалану депосына машинист  көмекшісі болып ауыстым. Арыс-Шеңгелді, Арыс-Түркістан, Арыс-Түлкібас бағыттарында жұмыс жасадым.

1966 жылы жазда Тыныштық қыз босанды. Есімін Жаннат деп қойдық.

1968 жылы 1 бөлмелі пәтер алып, қуанып қалдық.

1972 жылы Ташкент Теміржол Инжинерлік Институтын, «Локомотив және локомотив шаруашылығы» мамандығы бойынша, сырттай оқу бөлімін бітіріп шықтым.

1974 жылы мамыр айында машинист-нұсқаушы болып жұмыс істеп жүргенімде, Шымкент бөлімшесінің Локомотив бөлімінің бастығының орынбасары болып ауыстырылдым. Содан көп ұзамай 1975 жылы көктемде жол бөлімшесінің бастығы Көпжан Мухамеджанов өзі шақырып алып: «Сені НОДВОД (Начальник отдела водоснабжения и санитарно-технический цустроиств) қызметіне ауыстырайн, қалай қарайсын», деп мәселені төтесінен қойды. Мен қарсы болмадым. Содан 1975 жылы күзде есеп беру – сайлау жиналысында, Шымкент жол бөлімшесінің Кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайландым.

1978 жылы Шымкент жол бөлімшесінің Локомотив бөлімінің бастығы болып сайландым.

1979 жылы күзде есеп беру – сайлау жиналысында Теміржол мекемерінің құрамында 28 мың адам еңбек ететін. Төрағасы болып сайландым. Шымкент жол бөлімшесі теміржол көлігі қызметкерлері аудандық комитенінің төрағасы болып сайландым. Қызметке тағайындау, баспана, автокөлік, санаторий жолдамасын болу, мемлекеттік марапатқа ұсыну, басшылардың үстіне жазылған арызды қарау,балалар лагерін ұйымдастыру, бәрі кәсіподақтың мақылдауымен жүзеге асатын.

...

Скачать:   txt (11.3 Kb)   pdf (42.7 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club