Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гимнастиканың жалпы сипаттамасын беріңіз

Автор:   •  Декабрь 27, 2018  •  Доклад  •  1,118 Слов (5 Страниц)  •  2,052 Просмотры

Страница 1 из 5

  1. Гимнастиканың жалпы сипаттамасын беріңіз. 

Гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды. 

Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады. Гимнастшыларды даярлауда В.Рякшин, А.Ершов, Г.Мещерский, Қ.Қуанышбаев, И.Муллаев, В.Байдин, т.б. жаттықтырушылар көп үлес қосты. Спорттық гимнастикадан Н.Ким – Олимпия чемпионы (1976), әлем кубогының жеңімпазы (1978), бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н.Ильенко – КСРО-ның абсолют чемпионы (жеке түрінен) және КСРО құрама командасының құрамында әлем чемпионы (1984), Ю.Цапенко – КСРО құрама командасының құрамында Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері (1964). Халықар. дәрежедегі спорт шебері Қ.Қалиева 1982 жылы республика чемпионы, халықар. жарыстардың жүлдегері болды. 1987 жылыВ.Люкин (АлматыЕуропаның және КСРО-ның абсолют чемпионы әрі КСРО құрама командасының құрамында В.Новиковпен (Алматы) бірге әлем және 1988 жылы Олимпиада ойындардың чемпионы атанды. 1991 жылы республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда алматылық Е.Ерімбетов, С.Федорченко, А.Дмитренко, т.б. гимнастшы жігіттер бірнеше дүркін Азия чемпионы, Азия ойындары, ізгі ниет ойындарымен қатар, әлем кубогының иегері және халықар. турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды.

  1. Гимнастиканың негізгі міндеттері

- Денсаулықты нығайту және шынықтыру, денеің дұрыс өсіп – жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер етуі;

  • Қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
  • Қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оның теориялық білімдерімен байланыстыру;
  • Негізгі қимыл – қасеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту

  1. Гимнастиканың басты (негізгі) тәсілдері

 Гимнастикалық жаттығулар кезіндегі қауырт түсірілген күш бұлшық еттердің негізгі топтарының дамуына ықпал етеді. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі жылдамдық-күштік жұмысты шапшаң өзгеретін қозғалыстар бағытымен үйлестіру жүйке үрдісінің қозғалысын және қозғалыс аппаратының жұмылдырылуын көтереді. Гимнастикамен айналысу үдерісінде бұлшық еттердің жұмысы сезім мүшелерінің қызметі жетілетіндіктен, жұмсалатын уақыт және күш мөлшері бойынша ұйғарымдырақ және қатаң мөлшерленген болып келеді. Кеңістікте ерекше қалыпта және шапшаң ауыспалылыққа байланысты орындалатын гимнастикалық жаттығулар вестибулярлық аспаптың тұрақтылығын жоғарылатады. Гимнастикамен шұғылдану дұрыс мүсіннің, саптық жинақылықтың қалыптасуына ықпал етеді. Гимнастиканың мазмұны саналуанды: ол жүріс, жүгіріс, секіру, эстафеталар, сонымен қатар гимнастикалық снарядтарда жаттығу (маңдайша, қырлы бөренелер, ат, шығыршықтар және т.б.). жаттығулардың көп әртүрлілігі, жүктемені қатаң реттеу мүмкіндігі гимнастиканың қолжетімділігін анықтайды. 

  1. Гимнастика түрлері.

Дене тәрбиесінің жалпы мақсаттарына сәйкес, гимнастика амалдарын қолданудың негізгі үш бағыты айқындалды.Гимнастикалық жаттығуларды адам денесінің жалпылама түрде даму процесінде пайдалану (оның қозғаушы ерекшеліктерін көрсету диапозонын кеңейту денесапасының даму деңгейін көтеру). Гимнастика амалдарын, еңбекте және күнделікті іс-тәжірибеге кажетті өмірлік маңызы бар ептіліктерді қалыптастыру үшін қолдану.Күрделі гимнастикалық жаттығуларды интенсивті дене тәрбиесі мен спорттық іс- тәжірибе процесінде игеру.

...

Скачать:   txt (13.1 Kb)   pdf (162 Kb)   docx (16.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club