Мезозойдағы (орташа тіршілік эрасы) тіршіліктің дамуын сипаттап беріңіз
Автор: azemay • Февраль 6, 2022 • Реферат • 334 Слов (2 Страниц) • 341 Просмотры
Тақырыбы:Мезозойдағы (орташа тіршілік эрасы) тіршіліктің дамуын сипаттап беріңіз.
Кайнозой кезеңінен кейін мезозой кезеңі басталады.1841 жылы ағылшын геологі Джордж Филлипс мезозой дәуірін көрсеткен болатын.Мезозой дәуірі:триас, юра ,бор деген кезеңдерден тұрады.Ғалымдардың зерттеулері бойынша Мезозой дәуірі 245 миллион жыл және 65 милион жыл бұрын болған және ол 180 миллион жылға дейін созылған.Бұл уақыт арасында омыртқалылар жақсы дамыған,ал кейбір бауырымен жорғалаушылар ұшуды үйренді.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жаңарды. Гимноспермалар пайда болды,бұл өсімдіктер папоротнике ұқсас. Дәуірдің соңында ангиосперм өсімдіктері пайда болды.Ал жануарлардың тіршілігіне үлкен әсер етті,себебі өсімдіктер олардың көпшілігі үшін тамақ және күнкөрістің негізгі көзі болып табылады.
Триас кезеңі 245-213 миллион жылға дейін созылды.Бұл кезеңде аммоноидтар дүниеге келді және динозаврлар болды.Сонымен қатар шамамен 205 жылдары алғашқы рептилиляр пайда болды.Триас кезеңінде алғашқы рет сүтқоректілер мен алғашқы құстардың пайда болған. Құстар жыртқыш және де жеңіл, екі аяқты динозаврлардан пайда болды. Динозаврлар ауаға көтеріліп, қоршаған ортаны бағындыра алған . Бұл үшін алдыңғы аяқтар бірте-бірте ұшуға арналған қанаттарға айналды және артқы аяқтар жіңішке және жеңіл болып келген.
Ал юра кезеңі шамамен 213-144 миллион жылдар арасында болды.Бұл кезеңдерде динозаврлар басым болып келді, себебі климат қолайлы яғни өте ыстық және ылғалды олардың өмір сүруіне ыңғайлы кезең болды.Материктер бір-бірінен бөлінген сайын теңіздер өсіп, бірігіп жатты, ал теңіз суының таяз және жылы аймақтары Еуропа мен басқа континенттік массаларға таралды. Юраның аяғында бұл теңіздер құрғап, маржан рифтері мен теңіз омыртқасыздарынан шыққан әктас жыныстарының үлкен шөгінділерін қалдыра бастады.Құрлық бөлігінде динозаврлар басым болды, ал теңіз динозаврларының саны артты ихтиозаврлар мен плезиозаврлар сияқты. Бұрын айтқанымыздай, динозаврлар барлық үш тәсілмен тарала алды. Осы кезең ішінде сүтқоректілер ұсақ болып қала берді. Рифтерді құрайтын маржандар жағалауға таяз суларда өсті.
...