Өсімдік майларын тасымалдау және сақтау
Автор: Balzhan0812 • Апрель 20, 2021 • Реферат • 4,912 Слов (20 Страниц) • 1,378 Просмотры
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
[pic 1]
Кафедра: «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі»
Факультет: «Технология және биоресурстар»
Реферат
Тақырыбы: «Өсімдік майларын тасымалдау және сақтау»
Орындаған:Әділқызы Б.
Тобы:ТПП-306К
Тексерген:Қалықбай Н.
Алматы 2021жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Өсімдік майларын өндіру технологиясы
- Өсімдік майларының ассортименті
- Өсімдік майларын тасымалдау және сақтау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Өсімдік майын ертеректе күнбағыс, зығыр, мақта, жаңғақ сияқты майлы дақылдардың дәнін жаныштап, ағызу, қыздырып тарту сияқты қарапайым тәсілдермен алып бүйенге, күбілерге, ішекке құйып сақтаған. Төп (боткд), палау басуға, талқан бұлғауға, нан пісіруге, ет қуыруға пайдаланылған. Қазір өсімдік майы техникалық әдіспен алынып, қыш, темір ыдыстарда сақталады. Өсімдік майлары - түрлі өсімдіктер дәнінен алынатын табиғи өнімдер. Майлы дақылдарға тұқымында, дәнінде майдың мөлшері көп болатын дақылдар жатады. Олардан алынған майлар тамаққа пайдаланылады және басқа өндіріс салаларында да қолданылады. Өсімдік майлары таза күйінде немесе маргарин түрінде қолданылады. Майлы дақылдардың тұқымдарының сапалы көрсеткіштеріне олардың түсі мен иісі, ылғалдылығы, араласпалардың мөлшері, майдың мөлшері және сапасы жатады. Майлы дақылдарға жататын үпілмәліктің (майкене)(май 54,3%), жержаңғақтың (май 48,7%), қышаның (май 41.5%), рапстың (май 42,4%), крамбенің (май 37,3%), күнбағыстың (45,1%), күнжіттің (май 50,2%), сояның (май 20,0%), зығырдың (май 42,5%), арыштың (рыжик) (май 36,2%) құрамында 20 дан 55%-ке дейін май болады. Өсімдік майлары негізінен глицериннің (глицеридтер), қанықкан және қанбаған бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен (95-98%) түзіледі. Олардан басқа өсімдік майлары құрамында 1-2% май қышкылдары, 0,05-3% фосфатидтер, 0,3- 0,5% өсімдік стериндері (фитостериндер), аз мөлшерде пигменттер, 0,5% -ке дейін Е витамині болады. Кейбір өсімдік майлары құрамында илік заттар, алкалоидтар, гликозидтер, эфир майлары т.б. кездеседі. Өсімдік майларының кұрамы майдың түсіне, дәміне әсер етеді. Өсімдік майларына қыша майы, күкіт, жүгері, күнбағыс, какао, мақта, жүзім, қауын, қарбыз т.б. өсімдік майлары жатады. Өсімдіктердің тұкымдары мен жемістерінде майдың мөлшері әр түрлі (2-3-70%-аса болады). Өсімдік майлары қатты немесе сұйық болып екі топқа бөлінеді. Өсімдік майлары негізінен тамаққа қолданылады; сондай-ақ әліп май, сыр, жағар май ретінде, сабын өндірісінде т.б. кең пайдаланылады.
Майлар жоғары калориялы тамақ өнімдері болып табылады. Организмде 1 г май тотыққанда 37,7 кДж немесе 9,3 ккал энергия бөлінеді. Майлар жылу бөлумен қатар маңызды физиологиялык мәнге ие. Майлардан адам организмі қажетті май қышқылдарын, витаминдер, фосфатидтер және басқа заттар алады. Биологиялык жағынан өсімдік майлар құнды болып саналады, олардың құрамында қанықпаған май қышқылдары линол және арахидон болады. Бұл май кышқылдары атеросклероз ауруын тудыратын заттардың түзілуін тежейді. Майлар жеткіліксіз мөлшерде қабылданса, организмнің суық пен инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Майлар тамақ өнімдерін аспаздык өңдеуде маңызды орын алады. Көптеген майлар ыдырамай, жанып кетпей қыздырудың өте жоғары температурасын (200-300о) ұстап тұрады, ароматты және бояғыш заттарды жақсы ерітеді. Осыған байланысты дәмді, хош иісті және сыртқы түрі әдемі тағамдар алуға болады.
...