Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ата-анасының азаматтық некеден айрылысуы ісі жөнінде баланың құқығын қорғау

Автор:   •  Май 20, 2023  •  Курсовая работа  •  6,326 Слов (26 Страниц)  •  320 Просмотры

Страница 1 из 26

                        ЕСІЛ» университеті

        

               КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ата-анасының азаматтық некеден айрылысуы ісі жөнінде баланың құқығын қорғау

                                                        Дайындаған:

                                                        Тексерген:

                                          2023ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 ТАРАУ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1.Азаматтық неке түсінігі................................................................................5

1.2.Азаматтық некенің жағымды жағымсыз факторлары...............................9

2 ТАРАУ АТА-АНАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ НЕКЕДЕН АЙРЫЛЫСУЫ ІСІ ЖӨНІНДЕ БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

2.1.Баланың құқығы........................................................................................13

2.2.Бала құқығының қорғалуы.........................................................................16

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................23

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Отбасы  қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы - отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін  көрсететін, құқықтың бір саласы. Сонымен  қатар, заңда анықталған жағдайдайларда – басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді.Осыдан  шығатын қорытынды: отбасы құқығы неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін  теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым. Отбасы, ол баспана әрі тұрақты мекен. Неке отбасын құру мақсатымен заңда  белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі–зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызады.

Ерлі–зайыптылардың құқықтары  мен міндеттері АХАЖ органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды және де заңмен белгіленген  тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады. Азаматтық неке дегеніміз – адамдықтан кеткісі  келген қоғамның көңілдестікті заңдастырып алған түрі. Ол азаматтарымызды, жастарымызды бүлдіріп, елімізді артқа сүйрейтін құбылыс. Азаматтық неке дегеніміз – Батыс ойлап  тапқан ең зиянды бастамаларының бірі. Мұндай үрдістің кең етек жаюы қоғамның рухани азып-тозуына, біржынысты некенің  заңдасуына жақын қалғанын көрсетеді.   Азаматтық неке пайда болғаннан кейін байырғы  қазақ ерекше назарда ұстаған  жетім мен жесір мәселесі ушығады. Статистикаға салатын болсаң, азаматтық  некеге тұрғандардың арасындағы ажырасу  фактілері дәстүрлі некеден бірнеше  есеге көп. Осы мысалдың өзі азаматтық  некенің мемлекетке қалай әсер ететінін көрсетіп тұрған жоқ па? Азаматтық  некедегі жастар еш уақытта отбасын  құру деген мәселеге салмақты қарамайды. Адам табиғаты ер мен әйелдің жұптасуын  қалайды. Ал азаматтық неке осы дәстүрге қарсы шығып, түбінде адамдардың жұп құрау дәстүрін жоқ етеді. Айналып келгенде, азаматтық неке туралы заң ер мен әйелдің бей-берекет  жыныстық қатынасқа түсуіне жол  ашатын құжат болып шығады. 

1 ТАРАУ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1.Азаматтық неке түсінігі

Неке дегеніміз өз еріктерімен және заңда көрсетілген реттермен толық келісе отырып, жанұя құру мақсатында, мүліктік және мүліктік емес жеке қарым қатынастарды тудыратын, әйел мен ер адам арасындағы тең құқықтық одақ. Неке (ерлі-зайыптылық) n ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Неке – көпгаммалы ерікті және тең құқықты заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес қиылған еркек пен әйелдің одағы оның негізінде ерлі зайыптылар арасында жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер пайда болады. Некеге отырудың алғышарттары жағымды: 1) ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ 2) Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді жағымсыз (-) (11 бап) 1) бір жынысты адамдардың 2) тараптардың біреуі басқа некеде тіркелсе 3) жақын туыстардың 4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың 5) психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді. Кейбір шетелдердегі құқыққа қайшы деректер: n n Италияда – зайыбын өлтірген не өлтіруге оқталған тұлға некелесу құқығынан айырылады. Германия және Франция – «жесірлік мерзім» Швейцария –айырылысуға кінәлі тұлға 1 жылдан 3 жылға дейін некелесу құқығынан айырылады. Англия – міндетті некелесуді жариялау. "Азаматтық неке" ұғымы тырнақшаларда қолданылатын болады, өйткені қазақстандық заңнамада мұндай ұғым жоқ. Азаматтық неке деп тұрмыстық мағынада бұл өрнек некені тіркемей отбасын құру деп түсініледі. Кейде олар одан да оңай айтады - "бірге тұру","бірге тұратындар". Заңгерлер бұл жағдайды "нақты неке қатынастары"деп атайды. "Неке және отбасы туралы" ҚР Заңының 2-бабының 3-тармағында азаматтық хал актілерін жазудың мемлекеттік органдарында ғана жасалған неке танылатыны айтылған. Осы Заңның 28-бабында ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында (АХАЖ) неке қиюды мемлекеттік тіркеген күннен бастап туындайтыны көрсетілген. Заңнама азаматтық неке туралы ешқашан айтпайды, сонымен қатар мұндай некеде тұратын "ерлі-зайыптылардың" (мүліктік немесе мүліктік емес) қатынастарын реттейтін нормаларды қамтымайды. Мұндай одаққа кіре отырып, тараптар өздерінің қарым-қатынастарының заңдық тұрғыдан біршама белгісіздігін өз еркімен мойындайтыны белгілі болды. Азаматтар арасындағы неке қатынастарының болуын растайтын жалғыз құжат-неке туралы куәлік. Неке туралы куәлік неке қию және оны тіркеу үшін заңда белгіленген барлық әрекеттер жасалғаннан кейін беріледі. Басқа ешқандай дәлелдермен, соның ішінде куәгерлердің айғақтарымен немесе тіпті азаматтардың бірлескен мәлімдемесімен некені растау мүмкін емес. Осылайша," азаматтық некенің " болуы құжатпен расталмайды. Сондықтан некені сот арқылы тану мүмкін емес. Нақты неке қатынастарындағы жағдай фактісін анықтауға тек осы қатынастар 1944 жылдың 8 шілдесіне дейін пайда болған жағдайларға қатысты рұқсат етіледі (сол кездегі нормалар нақты некені мойындады), бұл бүгінгі күнге дейін сирек кездеседі. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:

...

Скачать:   txt (86.8 Kb)   pdf (242.8 Kb)   docx (226.8 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club