Мо-Цзы қалаған моизм мектебі
Автор: narminas • Февраль 19, 2019 • Реферат • 1,815 Слов (8 Страниц) • 1,707 Просмотры
Мазмұны
І. Кіріспе.......................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім......................................................................................4-10
- Мо-Цзы қалаған моизм мектебі...................................................4-7
- Мо-Цзының «жалпылама сүйіспеншілік» қағидасы...............7-10
ІІІ. Қорытынды..........................................................................................11
Кіріспе
Моизм, «Мо мектебі» б.з.д. V-IV ғасырларды құрылған. Ежелгі Қытайлық философиялық – діни ілім. Моизм конфуцийшілдікке қарсы шыққан алғашқы реакцияшылдардың бірі. Осы мектептің негізін салушы, өз атымен аталатын Мо Ди немесе Мо Цзы, Хуайнань Цзының айтуынша, алдымен, конфуцийшілдікті қолдаған, кейіннен оған сыни көзқараспен қарады.
Мо-Цзы және оның өмірі мен қызметі туралы мәлімет өте аз. Сыма Цянь өзінің «Ши цзи» еңбегінде конфуцийдің өмірбаянына тұтастай бір бөлімді арнаса, ал Мо Ди туралы мәліметі бар болғаны жиырма төрт иероглифтан тұрады. Онда «Мо Ди Сун патшалығында сановник болып қызмет істеген болуы мүмкін. Ол қорғаныстық стратегияны ұстанды және шығынды үнемдеуді қолдады. Біреулер оны конфуцийдің замандасы десе, енді біреулері одан кейін өмір сүрген», - дейді. Кейін Қытай ғалымдары оныің Конфуцийдің замандасы емес екендігін дәлелдеді және шамамен б.э.д. 479-381 жылдары өмір сүрген болуы мүмкін деген болжам айтты. Осыған орай, ол өмір сүрген кезең – Қытайдың саяси құрылымы мен экономикасында, идеологиясында да революциялық қайта құруларды басынан өткерген Чжаньго дәуірі деп нақты айтуға болады.
Бір трактаттарды Мо Ди Конфуцийдің шәкірттерінің мектебінен білім алған деген мәлімет келтіріледі. Ол да Конфуций сияқты елді аралап, сол кездегі патшалық билеушілерін жаулаушылық саясаттан бас тартып, «жалпыға ббірдей сүйіспеншілік танытуға» шақырды. Тағы бір трактатта ол Чу патшасының Сун патшалығына қарсы шабуыл жасамақ ниетін біле сала, он күндік азаптық жолды артқа тастап, Чу патшалығына келіп, билеушіні өз ойынан бас тартуына көндірген дейді. Деректерде Мо-Цзы темірдей қатал тәртіппен бірлігі мықты сектаны басқарған және олардың басты міндеттерінің бірі шапқыншылыққа ұшыраған патшалықтарға көмек қолын созу болған деп айтылады.
Мо-цзы Конфуций дүниеден өткеннен кейін тура екі жылдан соң дүниеге келді. Чжаньго әулеті билік еткен тұста өмір кешкен ол елдегі ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі әлеуметтік тәртіптің ыдырай бастағанын көріп, Мо-цзы өзара түсінік пен махаббат идеяларынан бастау алатын жаңа қоғамдық-саяси тәртіп орнату керегін түсінеді.
Моизм мектебі б.д.д. IV-IIIғ.ғ. аралығында дүниеге келді және оның гүлдену кезеңі б.д.д. IV - ғасырға келеді. Мектептің ең танымал өкілдері – Цинь Хуали, Мэн Шэн, Сюй Фань және Тянь Цзи. Мошылдар қатаң бағыныштылық тәртіпті сақтайтын ұйым құрған, оның мақсаты Мо-цзы идеяларының тазалығын сақтап, Аспан асты елінде тарату болған. Бұл мақсатқа жетудің ең басты құралы ретінде олар жеке үлгі көрсетуді және билеушілерді үгіттеуді таңдаған.
Шығармалары:
Моизмнің негізгі шығармасы – «Мо-цзы» трактаты.
Моизм ежелгі қытай философиясында конфуцийшілдікке алғашқы теориялық жауап ретінде белгілі. Хуайнань-цзының айтуынша, алғашқы кезде Мо-цзы конфуцийшілдікті жақтаған, бірақ кейін оны қатты сынға алған. Ежелгі Қытайдың басқа философиялық ағымдарымен салыстырғанда моизмнің екі ерекшелігі бар: теологияға жақындығы мен ұйымдастырушылық рәсімделуі, бұлар логикалық-әдіснамалық тақырыпқа деген қызығушылықпен қосылғанда оны схоластикалық реңкке бояйтын.
Даошылдық және конфуцийшілдік философиямен танысу барысында біз оның өткенді аңсауын байқадық. Даошылдар үшін бұл «даналығы асқан ойшылдар» өмір сүрген тарихи кезең, ал конфуцийшілдер үшін - Яо, Шунь және Юй сияқты есімдері аңызға айналған патшалардың заманы болатын. Мо-цзы мен оның ізбасарлары сол кезеңді Алтын ғасыр деп білген. Мо-цзы аталған патшалар мемлекеттік билік пен қоғамдық әділеттіліктің тізгінін бірдей ұстаған деп есептеген.
Философиялық көзқарастары:
Мо-цзы мемлекеттік билікті қалыптастырудың патриархтық жүйесімен келіспейді, онда мемлекеттік лауазымдар билеуші әулетке жақындарға, туыстарға үлестірілетін. Мо-цзы «дарынды құрметтеу» тезисін ұсынған, онда адамдар мемлекеттік қызметке әлеуметтік жағдайына емес, қабілеттеріне қарай алынатын. Сонда ғана әділеттік қағидасы салтанат құрады. Мо-цзының 26 айтуынша, шенеуніктердің текті болуы міндет емес, ал қарапайым адамдардың міндетті түрде тексіз болуы шарт емес.
...