Құрметті қабылдау комиссиясы
Автор: Aktumar • Июль 21, 2025 • Эссе • 411 Слов (2 Страниц) • 553 Просмотры
Құрметті қабылдау комиссиясы,
Мен, Оңдасынова Ақтұмар, осы хат арқылы Мақсұт Нарықбаев атындағы университеттің “Құқықтану” мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасына үміткер болуға өтініш білдіргім келеді. Заң саласында қызмет ету өмірлік мақсатым және оған жетуде осы жоғары оқу орнынан алған білім орны толмас азық болатынына сенімім мол.
Балалық шағымнан бастап әділетсіздікке төзе алмайтын мінезім мені әрдайым шындықтың жағында болуға үйретті. Мектеп оқып жүргенімде мен өз қатарластарымның құқықтарын қорғауға тырысатынмын, пікірімді ашық айтып, дау-жанжалдардың әділ шешілуіне араласатынмын. Біртіндеп менің бойымда құқық қорғаушы болуға деген ниет күшейе түсті. Осыдан кейін мен заң саласына бет бұрып, адам құқығын қорғауға өз үлесімді қосуды мақсат еттім.
Мектеп қабырғасында үш жыл бойына жалғасқан Құқық пәні аясында мен өз бойымда заң саласына деген қызығушылықты байқадым. Ұстазымның қолдауымен құқық пәні бойынша терең теориялық білім алуым қалалық олимпиадада жүлделі орын иеленуіме мүмкіндік беріп, қызығушылығымды болашақ кәсіп ретінде қарастыруға себеп болды. Сонымен қатар, мектеп деңгейінде өткізілген сот процессінің көшірмесіне прокурор есебінде қатысу өз бойымнан заңгер маманына лайықты қасиеттер мен қабілеттерді байқатты. Менің ойымша, оларға жанашырлық пен қарапайымдылық, жауапкершілікті сезіне білу мен өзіңе деген сенім жатады. Соның арқасында мен өзімді болашақта заң саласының маманы ретінде көре алдым және бұл менің шешімімді нығайтты.
Мен үшін Құқық тек заңдар жиынтығы ғана емес, ол қоғамның іргетасы, әділеттің тірегі. Мен осы саланы таңдай отырып,
...