Су қабылдау ғимаратының түрін таңдау
Автор: Assel011 • Апрель 29, 2020 • Курсовая работа • 2,028 Слов (9 Страниц) • 565 Просмотры
Кіріспе
Бұл курстық жобада су алу ғимараттары мен І сорап станциясы жобаланған. Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, сарқынды суларды сыртқа әкету салаларында су алу ғимараттары мен сораптарды дұрыс таңдаудың, сорап станцияларын тиімді орналастырудың және пайдаланудың маңызы ерекше.
Жалпы алғанда, тұрмыстық-шаруашылық қажеттілікке тиісті су көздері «Орталықтандырған шаруашылық-тұрмыстық қамтуға арналған су көздері. Гигиеналық, техникалық талаптар мен таңдау ережелері» мемлекеттік стандарты (1984) бойынша қабылданады. Алынатын су мен оны өңдеу әдістері ауыз суға қойылатын талаптарды қамтамасыз етуі керек.
Бұл жобада есептік өнімділігі, су алу шарттары, сенімділік санаты анықталған. Сорап түрі таңдалып, су қабылдағыштың орналасуын қарастырдық. Су қабылдағыштың элементтерінің гидравликалық есебі орындалды.
Жобаның графикалық бөлігі су тарту құрылысының сызбасын (жоспар және профиль), баулық және кереге сызбаларын қамтиды.
1 Су қабылдау ғимаратының түрін таңдау
Жобалауға арналған бастапқы мәліметтермен танысқаннан кейін су қабылдағыштың білігі бойынша жер бетінің пішінін алып оған қамтамасыз етуіне байланысты су деңгейін мұз бетін өзеннің түбі мен жағасындағы топырақты көрсету керек.
Су қабылдау ғимаратының түрін таңдау керек. Оны таңдау үшін әртүрлі факторларды есепке алу қажет. Суды жеткізудің нормативті категориясы; су алудың табиғи жағдайының сипаттамасы; салынатын жердің топографиялық, гидрологиялық және геологиялық жағдайы; сорғыш агрегатының сипаттамасы; әр түрлі су қабылдау ғимараттарын мына кесте арқылы таңдауға болады.
Кесте 1
Су алу ғимаратының түрлері
Су қабылдау ғимараттары Қолдану аймағы мен жағдайлары
Арналық су қабылдағыш Жазық жағалау жағалық қасында жеткілікті және жері олқы болса онда біз арналық су қабылдауды қабылдаймыз.
Арналықтың бөлектенген түрі Өзенде су деңгейінің өзгеруі 6-8м –ге дейін болса,сорғыштардың мүмкіндік сору биіктігі 3-4м болғанда немесе артық,су қабылдағыштың өнімділігі 1м3/с –қа дейін болса.
Сифонды су өткізгіші бар жекелеген түрі Өз бетімен ағатын су өткізгішті салудың жарамсыз гиологиялық және гидрологиялық жағдайында су айдау баламалары экология-экономикалық тұрғыдан тиімсіз болса қолданылады.Су өнімділігі 5м3/с –тан жоғары болғанда.Сифонды су алу жылдамдығы 2м/с-қа тең болған жағдайда қабылдауға мүмкіндік бар.
Арналықтың біріктірілген түрі Су қабылдау өнімділігі 1м3/с –ке дейін өзендегі су деңгейінің өзгеруі 6м-ден артық.Өнімділігі 1-6м3/с тең болғанда және деңгейінің әртүрлі болуы.
Ғимараттың елді мекеннен алыс орналаспауы, судың тазалығы жəне мұз қатуының аз болуы қарастырылуы қажет. Егер пайдаланылатын өзендерді анжыр басқан немесе құм жиналу кемшіліктері болса, онда су алу ғимараты оның дөңес жағында (бұрылысында) салынуы керек. Сонда таза су алуға біршама мүмкіндік туады. Жағалар бұзылмай, сақталуы үшін олар бекітіледі. Өзен арнасының иректеліп өзгеруіне су ағысының жағаны шаю қабілеттілігі əсер етеді. Шаю кезінде көтерілген топырақ басқа жағаға бағытталады немесе қайраңға отырады. Босаған жер тереңделе түседі, яғни терең су ойпаңы пайда болады. Жазық жердегі өзендерде терең су мен қайраң қатарласып кездеседі. Анжыр басу қалың болса, онда өзеннің бірқалыпты түзу участкесі таңдалады. Мұндай жерде су тереңдігінің жəне су ағысы жылдамдығының жоғары болғаны дұрыс.
Арналық сорап станциялары өзен арнасында орналасады,ал станцияның жағалық түрі өзен жағасында салынады. Арналық сорап станциялары көбінесе су деңгейі тұрақсыз болып, оның өзгеруі 12-20 м-ге дейін жеткен жағдайда қабылданады. Бұл əдіс су тереңдігі өте төмен болып тұратын
...