Жалған ақпаратты таратқандар жазалана ма?
Автор: elvirasuesinova • Февраль 14, 2024 • Контрольная работа • 453 Слов (2 Страниц) • 93 Просмотры
Жалған ақпаратты таратқандар жазалана ма?
Бүгінде елімізде жалған ақпарат тарату көбейіп жатыр, оны таратқан автор қылмыскер саналама? Мәселен фейк мәліметті таратқандарға қандай шара қолданады?Аталған өзекті мәселе жөнінде жалған ақпарат туралы Атырау облыстық пд баспасөз хатшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТТЕН тілдескен едік.
- Жалған ақпарат таратқандарға қандай жаза бар?
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес біле тұра дайындалып жатқан террорлық акт жайлы жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту қаралған. Біле тұра дайындалып жатқан террорлық акт жайлы жалған ақпарат беру – мекеменің қалыпты жұмысын тоқтатып қана қоймай, төтенше жағдайларда ғана көмек көрсетуге жасақталған құқық қорғау қызметтері мен органдарының күшін алаңдатады және көлік қозғалысы мен сауда орталықтары жұмысының немесе өндірістің тоқтауына байланысты экономикалық нұқсан да келтіреді. Осыған байланысты жалған ақпарат таратушы айыпты адамға мемлекеттік органдардың шеккен зияндарын өтеу туралы соттың шешімі шығарылады. Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 273-бабы Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген. ҚР Конституциясының 15-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған тұлға 15 жасқа толмаған жағдайда жауапкершілік ата-анасына жүктеліп, ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынады.
- Басым көпшілігі қандай жалған ақпараттар тарайды?
- Қазіргі таңда жалған ақпараттардың басым бөлігі электронды почта, инстаграм және телеграм әлеуметтік желілері арқылы жалған хабарлама жасау қылмыстары.
- Айына қанша жалған ақпаратпен қоңырау соғылады
- 2023 жылы телефон арқылы қоңырау шалу бойынша 1 дерек тіркелген.
- Жалған дерек таратқан кезде автор қылмыскер саналама?
- Жалған дерек таратқан кезде автор қылмыскер болып саналмайды. Ең алдымен жалған дерек тараған кезде профилактикалық іс-шаралар жүргізелді. Ақпаратты тарату кезінде көбінесе жасырын түрде таралатын болғандықтан автор тек әлеуметтік желілерде ақпараттандыру болғандықтан қылмыскер болып есептелмейді. Қандай жағдай болса да полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіледі.
...