Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұтынушылары жұлдызша жалғанған үш фазалы айнымалы ток тізбегін зерттеу

Автор:   •  Апрель 4, 2021  •  Лабораторная работа  •  1,405 Слов (6 Страниц)  •  740 Просмотры

Страница 1 из 6

4 Лабораториялық  жұмыс

Тұтынушылары жұлдызша жалғанған үш фазалы айнымалы ток тізбегін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: студенттерді жүгі симметриялы және симметриялы емес жұлдызша жалғанған үш фазалы тізбектің негізгі қасиеттері, қатынастары және векторлық диаграммасымен таныстыру.

1. Теориядан қысқаша мәлімет

Электр энергиясы саласында үш фазалы тізбек техникалық жағынан ең жетілген, экономика жағынан өте үнемді болғандықтан көп қолданылады.

Үш фазалы тізбектің барлық тетіктерін генератордан бастап қозғалтқыштарға дейін орыс инженері және ғалымы М.О.Доливо-Добровольский ойлап тауып құрастырған.

Үш фазалы тізбек деп, [pic 1] не 120° бұрышына өзара фаза бойынша    ығысқан жиілігі мен амплитудасы бірдей, үш ЭҚК бар тізбекті айтады:

eA=Em sin[pic 2]t,   еB = Ет sin([pic 3]t - 120°),

ес = Em sin([pic 4]t - 240°)

Үш фазалы электр энергия көзінің үш орамасына - фаза деп аталатын ЭҚК-рі еАв, ес - индукцияланады. Генератордың фаза орамасының шеткі бір ұшы «басың, екінші ұшы «соңын деп белгіленеді.

Үш фазалы генератордың ормаларының «басың латын алфавитінің бірінші үш әрпімен А, В, С ал «соңың соңғы X, Ү, Z үш әріпімен белгіленеді. А,В,С фазаларындағы ЭҚК-тері бір-біріне қарағанда симмётриялы.түрде 1/3 периодқа ығысады.

ЭҚК-нің оң бағыты барлық ораманың "соңынан" "басына" қарай бағытталады.

Генераторлар, трансформаторлар орамаларын және көп. фазалы тізбектердегі тутынушыларды жұлдызша және үшбұрышша жалғайды.

Негізінде электр энергияның өндірілуі, жеткізілуі жəне
пайдаланылуы, үш фазалы қорек көздері, тоқ жүретін жүйелер
жəне тоқ қабылдағыштар арқылы орындалады. Бұл үш фазалы
жүйенің бір фазалы жүйемен салыстырғандағы
артықшылықтарына байланысты.

Айнымалы синусоидалды тоқ теориясында бір фазалы тоққа қарағанда, үш фазалы тоқтың есептеуі мен талдауы күрделі, себебі оларда бірнеше ЭҚК мен тоқтар бар. Сондықтан ЭҚК мен қабылдағыштардың схемаға
қосу əдістерін еске алу қажет.

Үш фазалы электр тізбекті бір-бірінен  бұрышқа ығысқан,
бірдей жиіліктері бар ЭҚК əрекет ететін үш бір фазалы
жиынтығын айтады.[pic 5]

Үш фазалы тізбек 3 элементтен тұрады: үшфазалы генератор, бір фазалы немесе ұшфазалы электр қабылдағыштар және генератор мен қабылдағыштарды өзара қосатын қажетті желілік сымдар.

Үшфазалы генератор синхронды (асинхронды) машина түрінде жасалады. Генератор статорында орама орналасқан, бұл орама үш бөліктен немесе үш орамадан, өзара бір-біріне қарағанда    ығысқан. Әр орама жеке тізбек бола алтындығтан оларды фаза деп атайды. [pic 6]

Фаза термині екі ұғымда бірдей қолданылады: 1 синусоидалы шаманың координат басынан ығысу бұрышын сипаттайды, 2 үшфазалы тізбекте жеке ораманы сипаттайды.

Фаза түстері стандартталған: Ах- желтый- сары, Ву – зелёный-жасыл, Сz – красный-қызыл (ЖЗК)

[pic 7]

1-сурет. Үш фазалы жұлдызша жалғанған төрт сымды электр тізбек.

Жұлдызша жалғағанда генератордың фазалық орамаларының не тутынушының барлық соңғы ұштарын жалпы бір нүктеге О не О1 жинастырып қосады.

Генератор орамаларының (қоректендіру көзі) және түгынушылардың жұлдызша жалғанған жалпы нүктесін нөлдік немесе бейтарап нүкте дейді.

Екі бейтарап нүктесін қосатын өткізгіш сымын нөлдік немесе бейтарап өткізгіш сымы дейді. О - О1. Үш фазалы электр желісін бейтарап сымсыз - үш сымды, ал бейтарап сыммен - төрт сымды деп атайды.

Генератор мен түтынушыларды желілік сыммен жалғастырады.

(А-а, В-в, С-с). Қоректендіргеш пен түтынушылардың жалғану схемасы бір-біріне байланысты емес әр түрлі болуы мүмкін.

Үш фазалы электр тізбегінде (желісінде) фазалы және желілік кернеулер болады.

Қоректендіру  көзі   (не   түтынушының)   кез-келген фазасының  басы   мен   соңында  не  желі  сыммен бейтарап сымның арасында фазалық  кернеу болады: ua, UB, Uc -Uф - фазалық кернеу.

...

Скачать:   txt (16 Kb)   pdf (251.1 Kb)   docx (622.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club