Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құқықтық мемлекет тyсiнiгi. Құқықтын кайнар көздерi

Автор:   •  Май 2, 2021  •  Реферат  •  4,270 Слов (18 Страниц)  •  823 Просмотры

Страница 1 из 18

        [pic 1]Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

          Мемлек және құқық теория пәні

1-курс

СӨЖ                        

Тақырыбы: СӨЖ 3. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ. «ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢ

          

                     

                                                                   Орындаған: Таңсықбай О.Қ

                                          Тобы-103

                                                          Тексерген: Турсынкулова Д А

                                           

                                         

                                               

Алматы 2020

1. Құқықтық мемлекет идеясының пайда болуы және дамуын ашыңыз. Құқықтық мемлекеттің белгілерін және қағидаттарын ашыңыз. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам арақатынасын ашып көрсетіңіз. Азаматтық қоғам институтының түсінігін, құрылымын және белгілерін ашыңыз. Мәліметтерді келесі кестеге енгізіңіз.

Құқықтық мемлекет

Азаматтық қоғам

Түсінігі

Құқықтық мемлекет дегеніміз - жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекет заң үстемдігінде құрылады. Бұда ең маңызды рөлді заң атқарады. Бұл құқықтық мемлекет жеке адамның саяси заңды құқығын жан-жақты қамтамасыз етеді. Яғни мемлекет тарапынан болатын зорлық-зомбылықтан, ар-намысты таптаудан, билік тұрғысынан болатын куш көрсетуден қорғайды. Құқықтық мемлекетті басқаша түсіндіретін болсақ, ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтамыз. Мемлекеттік билік құқықты пайдалана отырып, құқық бұзушылыққа жол бермейді. Заңмен тыйым салынғаннан басқаның барлығына рұқсат етіледі. Бұл принцип құқық субъектілерінің барлығына тән.  Құқықтық мемлекеттің негізін: Құқықтық мәдениет, Азаматтық қоғам, Заңдылық және құқықтық тәртіп құрайды.

Азаматтық қоғам дегеніміз – имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, әлеуметтік - экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы. Және осы нақты институттар арқылы адамдардың яғни азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қанағаттандырылып отырады. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің ең маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан азаматтық қоғам болмаса, құқықтық мемлекет те болмайды. Азаматтық қоғам – бұл ерікті демократиялық құқықтық қоғам болып табылады.  Нақтылай айтқанда Азаматтық қоғам дегеніміз -  ол адамдардың жиынтығы. Ол мысалы отбасы болуы мумкін, немесе халықаралық деңгейде болуы мумкін және т.б. болуы мумкін. Азаматтық қоғамның негізін: қауым, әлеуметтік құрылымдар(яғни сословие, әлеуметтік топтар, таптар сияқтылар), қоғам және азаматтардың әлемдік достастығы құрайды.

Пайда болу тарихы

Биліктің бөлінуі құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі. Бұл биліктің бөлінуін ХVIII-XIX ғасырларда Дж. Локк пен Ш.Л. Монтескье буржуазияның феодализмге қарсы күресі кезінде қалыптастырды. Яғни олар саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және жеке тұлға тарапынан билікті асыра пайдалануына жол бермеу мақсатында мемлекеттік билікті бөлді(яғни заң шығарушы, атқарушы,сот). Яғни биліктің бөлінуі демократиялық мемлекетті қалыптастырды. Яғни демократиялық мемлекет бұл құқықтық мемлекет. Осылай құқықтық мемлекет қалыптасты.

Құқықтық мемлекет көптеген ғалымдардың еңбегінде кездеседі, олар Кант, Ф. Гегель және жаңа атап өткен Ш.Л Монтескье мен Дж. Локк.

Өндіргіш күштердің өсуі, феодализмнен капитализмге көшу дәуіріндегі қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі мемлекетке жаңа көзқарастар мен оның қоғамдық істерді ұйымдастырудағы рөлін түсінуге әкеледі. Олардағы басты орынды мемлекеттік өмірді құқықтық ұйымдастыру проблемалары алады, ол бір адамның немесе билік органының қолындағы биліктің монополиялануын болдырмайды, заң алдында бәрінің теңдігін бекітеді, құқық арқылы жеке бостандықты қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Бұл идеяның пайда болуы ежелгі заманнан бастау алады. Азаматтық қоғам идеясы алғаш рет Аристотельдің «Саясат» атты, Платонның «Мемлекет» атты еңбектерінде, өзге де ежелгі грек ілімдерінде көрініс тапты. Азаматтық қоғам термині тек XVIII - ғасырдан бастап тұрақты түрде пайдаланыла бастады. Ол уақытқы дейін мұндай ұғым қолданыста болмады, себебі мемлекет пен қоғам біртұтас жүйе ретінде қарастырылатын. Осы қатынастарды кейін В. Гумбольдт, И.Кант, Г.В.Ф. Гегель, К. Маркс, Ф. Энгельс, М. Вевер сияқты ғалымдар ажыратты. Азаматтық қоғамды құру әлеуметтік құндылықтар жүйесінің өзгеруімен ерекшеленеді. Адамзат тарихында алғаш рет жеке адамның құқықтары, бостандықтары мен мүдделері қоғам мен мемлекеттің мүдделерінен жоғары қойылды. Философтың пікірінше, адамдар қоғамдық келісім жасасу арқылы азаматтық қоғам құрады. Осыдан кейін азаматтық қоғам мемлекет құрады, оның негізгі мақсаты жеке тұлғалардың құқықтарын, ең алдымен жеке меншік құқығын қорғау болып табылады. Осылайша, азаматтық қоғам қазіргі саяси жүйемен анықталмады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің өзі адам мен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағынуы керек.

Белгілері

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:

1) құқықтың басымдылығы. 2) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы. 3) мемлекеттік биліктің бөлінуі. 4) заңның үстемдігі. 5) құқық пен заңның тұтастығы. 6) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы. 7) азаматтық қоғамның орнауы. 8) қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің өсуі. 9) соттардың тәуелсіздігі. 10) саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы. 11)ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі.

 Және т.б.

Азаматтық қоғамның негізгі белгілері:

1) Адам және азамат құқықтарымен  бостандықтарын толық түрде қамтамасыз ету. 2) Өзін - өзі басқаруы. 3) Қоғамдық пікірдің еркін турде қалыптасуы және көппікірлік(плюрализм). 4) Экономиканың көпқұрылымдылығы(көп укладтығы). 5) Биліктің легитимділік пен демократиялық сипатта болуы. 6) Құқықтық мемлекет. 7) Мемлекеттің адамдарға лайықты деңгейде өмір сүруіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін пәрменді әлеуметтік саясатының болуы. 8) Жалпылық хабардар болу және ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарының іс жүзінде жүзеге асырылуы.

Және т.б.

Қағидаттары

Құқықтық мемлекеттің негізгі 2 қағидасын ажыратуға болады. Олар: 1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық қамтамасыз ету.

2) Құқықтың көмегімен мемлекеттік билікті тежеу, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін қалыптастыру.

Сонымен қатар Заңмен тыйым салынғаннан басқаның барлығына рұқсат етіледі

Тек заңмен белгіленгендерге ғана рұқсат етіледі.

Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы. Азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шын мəнділігі, олардың құқықтық жəне əлеуметтікқорғалатындығы.Саяси жəне идеологиялық плюрализмнің болуы. Азаматтық қоғамның орын алуы.

Азаматтық қоғамның көптеген қағидалары бар. Оларға:

1) Экономикалық бостандық. 2) Меншік нысандарының көптігі. 3) Барлық азаматтардың заң және сот алдында теңдігі. 4) Биліктің тармақтарға бөлінуі. 5) Пікір, сөз және баспасөз бостандығы. 6) Серіктестік және ұлттық келісім. 7) Адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау. 8) Таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу. 9) Адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту.

Және т.б.

Арақатынасы

Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді. Азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан республикасының конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: «қазақстан республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

Айырмашылы-ғы

Екеуінің принциптері ұқсас брақ, белгілері бөлек болып табылады. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның арасындағы айырмашылық мынада: құқықтық мемлекеттегі Бостандық басқалардың ерік-жігерін құқық арқылы шектейді, ал азаматтық қоғамда адам бостандығы қоршаған ортаға қоғамның әр мүшесінің міндеттемелерін қабылдау арқылы тек өз еркімен шектелуі мүмкін. Азаматтық қоғамда да, құқықтық мемлекетте де жеке тұлға мемлекетке қатысты автономды; екі жағдайда да азаматтардың мүдделері үлкен.

- белгілі бір саясаттың субъектілері тек тиісті саяси билікке ие және оны нақты басқаратындар ғана бола алады. Мысалы, егер сіз мемлекетті саяси субъект ретінде ұсынсаңыз (яғни, оның, мемлекеттік саясаттың субъектісі), онда ол өзіне қажетті басқарушылық шешімдер қабылдай алатын өзінің саяси күшіне ие болуы керек. Мұндай мемлекет, әрине, саясаттың субъектісі, бірақ оның саясаты, ол жасаған және жүзеге асыратын саясат.

Құрылымы: (құқықтық мемлекет) 1) саяси-қоғамның саяси жүйесі субъектілерінің мүдделерін үйлестіретін және әділ құқықтық теңдікті және осы мүдделердің еркін дамуын қамтамасыз ететін егемендіктің болуымен сипатталатын негіз. 2) Экономикалық-көп құрылымды, әртүрлі меншік нысандарының (жеке, мемлекеттік, ұжымдық және т.б.) болуын білдіретін өндірістік қатынастарды білдіретін негіз.). 3) Әлеуметтік-бір мезгілде көптеген пікірлерді, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің әрбір азаматын өзінің шығармашылық, еңбек мүмкіндіктерін іске асыру үшін өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам құрумен сипатталатын негіз. 4) адамгершілік – гуманизмнің, әділдіктің, тең құқықтылықтың және жеке адамның бостандығының жалпы адамзаттық қағидаттарын бейнелейтін негіз.

...

Скачать:   txt (60.4 Kb)   pdf (216.6 Kb)   docx (44.9 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club