Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтық қоғам

Автор:   •  Март 9, 2023  •  Реферат  •  740 Слов (3 Страниц)  •  154 Просмотры

Страница 1 из 3

                                                       Азаматтық қоғам

      Эпиграф: «Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн      бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдық күш-жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн және зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi.»

(БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Aннaнның ұйымның қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек 2001 жыл)

 «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек.

                                    (Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз жолдауында)

   

         Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Жалпы түсінікке сүйенсек,  Азаматтық қоғам – бұл мемлекеттен тыс оқшау түрде өзіндік  ортақ мүдделерін қорғау үшін ұйымдасқан азаматтар қауымдастығы болып табылады. Бұл тәуелсіз (яғни мемлекет бақылауында емес) қатарға   БАҚ, кәсіподақтар, фан-клубтар, саяси партиялар, экологиялық топтар, діни бірлестіктер, көрші сағаттар, желілік қауымдастықтарды  жатқыза аламыз. Мемлекет ежелгі уақыттан қоғамдық ұйымның  түп тамыры , басым негізі болды. Дейтұрғанмен, жеке тәуелсіз азаматтық қоғамның дамуы да бірте-бірте маңыздылыққа ие болып келе жатыр. «Азаматтық қоғам» дегеніміз не? , елімізде Азаматтық қоғам дамудың қай деңгейінде атты сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойымды саралап көрейін.

        Кез келген  демократиясы дамыған, тұрғындарының жеке бас құқықтары заңмен қорғалатын  еркін елде азаматтық қоғамның  бар екендігі  сөзсіз. Әрине, азаматтық қоғам біртекті бола алмайды, ол өте әртүрлі болуы мүмкін. Оның ішінде әрдайым  бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесетін сантүрлі құрылымдар біте қайнасып қатар дамиды. Бұл дегеніміз мен жоғарыда атап өткен азаматтық қоғамды құрайтын  қайырымдылық ұйымдары, кәсіподақтар, діни бірлестіктер немесе тіпті фан-клубтар болуы мүмкін.

       Азаматтық қоғамның осындай біркелкі еместігіне байланысты оның мүшелері белгілі бір мәселелер бойынша жалпы  ортақ пікірге ие бола алмайды. Кей кездері бұл пікірді таңу әрекеті ретінде орын алып, азаматтық құқықтарды бұзу ретінде қабылдануы мүмкін. Сондықтан адамдар басқа біреудің еркіндігіне араласуға жол бермей, осындай жағдайда да бірге өмір сүруді үйренуі керек. Менің ойымша, бұл  дүние мүмкін болуы үшін азаматтық қоғам мүшелерінің мәдениеті мен басқаларға деген  төзімділігі, ой пікіріне деген құрметі жоғары болуы керек. Тек осындай жағдай бол,анда ғана түрлі ұйымдарда тәртіпті сақтауды  және барлық әлеуметтік құрылымдардың өзара әрекетін қамтамасыз етуге болады.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (65.8 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club