Қазақстан- зайырлы мемлекет
Автор: aiko69 • Октябрь 24, 2023 • Эссе • 640 Слов (3 Страниц) • 145 Просмотры
Ата –бабаларымыз сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері руханиятымыздың тамыр-тамырына қан жүгіріп, елімізде Ислам дінінің қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға белгілі. Соңғы жылдары рухани жаңғыру үдерістері біздің қоғамның дамуының оң қадамы. Бірақ қоғам ішінде діндарлықтың қарқынды өсуі кейбір кезде ауытқулар мен қайшылықтарға, жеке жағдайларда шиеленістерге де апарып отыр. Еліміздің жастары соңғы кезде жалған діни ұйымдардың, бейәлеуметтік культтердің ерекше назарында болды.
Діни ұрандарды жамылған экстремизм идеяларының таралуы қоғамдық дертке айналды. Діни сауаттылықтың болмауы жастардың экстремистік және террористік ұйымдардың қатарына кіруінің бірден-бір себебі. Жалған діни идеяларды ұстана отырып, жастар радикализм, фанатизм, діни төзімсіздік идеяларына қосылады.
Сондықтан, қоғамның ішінде конфессияаралық келісімді, діни төзімділікті, радикализм идеяларына жағымсыз көзқарасты қалыптастыру мемлекетіміздің басым бағыты болуы тиіс. Өз халқының рухани тарихын білмеу халықтың күмәнді ұйымдарға кетуінің негізгі себебі. Көбінесе сондай ұйымдар алдау-арбау , сананы айла-амал арқылы өзіне бағындыру әдістерін қолданады.
Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамалық құжаттар халықаралық құқықтық құжаттарға сай жасақталған. Осы саладағы негіз болатын құжаттардың бірі 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-да қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы», БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1981жылы 25 қазанда қабылданған «Діни сенімге және ұстанымдарға байланысты кемсітушілікке жол бермеу» туралы декларациясы болып табылады.
Мемлекет, білім беру органдары және діни ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастардың нормалары ұлттық заңнамалық құжаттарда бекітілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының І бөлім, 1 бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»-деп көрсетілген.
Кеңес үкіметі кезінде қоғам атеистік идеология қағидаттарымен шектеліп тұрды. Бірақ қазірде дін мен билік қарама-қарсы келместен, сындарлы диалог келіп, атейзм саясатының орнына зайырлылық қағидаттары орнатылды.
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының орта мектептерінде «Дінтану негіздері » атты курс оқыла бастады.
1990 жылдардың соңынан бастап діни ұрандарды жамылған экстремистік лаңкестік, теріс пиғыл культтардан жастардың өміріне және денсаулығына үлкен қауіп төндірді.
Секта туралы бүгінде көп естиміз. Терроризм, экстремизм сөздері де жиі айтылады. Неге екенін бұл сөздерді естігенде тереңіне бойламай жатып селк ете қаламыз. Олай болатын жөні де бар. Өйткені, бұл сөздермен адам өміріне қауіп төндіретін оқиғалар байланыстырыла айтылады. Ел аман жұрт тынышта баласынан айырылып
...