Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы және оның мемлекеттік құрылымын қалыптастыру

Автор:   •  Октябрь 26, 2020  •  Практическая работа  •  581 Слов (3 Страниц)  •  913 Просмотры

Страница 1 из 3

                                                                        Зейнуллаев Саулет 113Б

№8 Практикалық сабаққа тапсырма

ПС. Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігінің жариялануы және оның мемлекеттік құрылымын қалыптастыру

№1 тапсырма:

  1. ҚР Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңының» қабылдануы және ҚР даму стратегиясын қалыптастыру.

 ҚР тәуелсіздік алған күні – 1991 жылы 16 желтоқсан болып табылады. ҚР тәуелсіздігін алғаш рет Түркия мемлекеті мойындады. Осы жылдың соңына дейін еліміздің тәуелсіздігін 18 ел мойындады. Ал келесі жылдың соңында, елімізді 106 мемлекет мойындап, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. 1992 жылы 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Көп ұзамай мемлекеттік гимн, валютамыз, елтаңбамыз жарық көрді.

 Қазақстан Республикасы:

-Ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізетін

-Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтыратын

-Территория шекараы біртұтас, бөлінбейтін және қол тигізуге жатпайтын мемлекет болып табылады!

 Ал мемлекетіміздің маңызды міндеттері болып:

-Ұлттық мәдениетті, дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып, дамыту

-Қазақстандық ұлт өкілдері мен қазақтардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту табылады.

 Ал Конституцияға тоқталсақ, алғашқысы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданса, қазіргі Конституциямыз 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

№ 2 тапсырма:

Қазақстан Республикасының саясаты

Сыртқы саясат

Ішкі саясат

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге көңіл бөлді:
-ТМД, Еуропа Азия елдері, АҚШ Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету

-Мәдени-экономикалық қатынасты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу

-Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау.

Н.Назарбаев билікті қолына алған соң, дереу экономиканы қалпына келтіруді бастады. Нарықтық экономикаға көшіп, капитализм саясатына аяқ басты. Білім және ғылымға көңіл бөліп мектеп, жоғарғы оқу орындары салынып, жөнделе бастады. Облыстарға бөлініп, территория нақтыланды. Өнеркәсіп орындары да қолға алынды. Шет елдерден кадрлар әкелінді.

ОБӨЖ. ҚР конституциялық құрылымының негіздерін қалыптастыру.

№ 3 тапсырма: таблицаны толтырыңыз

                        Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік

  Заң шығарушы билік

Атқарушы билік

Сот билігі

Заң шығарушы билік– Парламент. Парламент тұрақты негізде қалыптасқан екі Палатадан тұрады. Жоғарғы палата  – Сенат (39 адам) әр 6 жыл сайын сайланады. Төменгі палата  – Мәжіліс (107 депутат, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері) әр 5 жыл сайын сайланады.

Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады. Үкімет басшысы – премьер-министр. Оның қоластында үш орынбасары бар. Кабинет 18 министрден тұрады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және солардың жұмысына жетекшілік жасайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  —  елдің азаматтық, қылмыстық және басқа да жергілікті сот  істері бойынша   заңда көзделген процессуалдық формада олардың қызметін қадағалап, сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беретін жоғарғы сот органы.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (86 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club