Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Қазақстан-2050» Стратегиясы

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  2,362 Слов (10 Страниц)  •  1,311 Просмотры

Страница 1 из 10

«Қазақстан-2050» Стратегиясы

         2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.

Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру»

Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды

«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін Н.Ә. Назарбаев келесі тапсырмалардың шешу қажеттілігін атап өтті:

Біріншіден, бюджеттік, салықтық және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.

Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс, ол екі бағытта дамуы тиіс: бірінші жағынан, ұлттық экономиканы жаһандық ортаға енгізу, ал екінші жағынан, ел ішіндегі аймақтарға қарай қозғалу.

Үшіншіден, елдің өндірістік әлеуетіне салынған қайтарым деңгейін арттыру үшін мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту қажет.

Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет, энергиялық қорларды өндіру және жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтастықты дамыту.

Бесіншіден, бізге үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңініңтолық бағдарламасын әзірлеуқажет, жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді жаңарту қажет.

Цифрлық қазақстан

ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасына орай танымал қазақстандық ғалым, Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Нұралы Құдайбергенұлы аталған бағдарлама үшін сандық тұғырнама құру бойынша өзі әзірлеген идеяларымен ҚазАқпарат тілшісімен бөліскен болатын. Айта кетерлігі, Нұралы Құдайбергенұлы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке сектор бірлескен 6-шы отырысына қатысып, өзінің робот тілін жасау мүмкіншіліктерін әзірлемелерімен таң қалдырған болатын. Қазіргі уақытта күнделікті қолданып жүрген заттарымыз ақпараттық кеңістікте «Заттар Интернеті» дүниесіне айналып барады. Осының салдарынан бұлтты есептеу технологиясында «Цифрлық ақыл» пайда болуда. Оған жылдам Интернетпен адамдар да, есептеуіш машиналар да қосылуда. Ертеректе адамдар Интернетпен бір-біріне тек ақпарат беріп қана келсе, бүгінде олар Интернет арқылы ақша, мүлік сынды құндылықтарды қауіпсіз әрі сенімді тасымалдауға Блокчейн технологиясы арқылы қол жеткізді. Міне, осындай жағдайда Қазақстанға бірыңғай зияткерлік тұғырнамада өзінің «Қазақстандық цифрлық ақыл» жасау арқылы бүкіл экономиканы, билікті, қоғамды және саясатты цифрлық негізге қысқа мерзімде кешенді түрде көшіру мүмкіндігі туып отыр. «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», - деп өзінің таяудағы жыл сайынғы Жолдауында айрықша атап өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыған орай Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырған болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында Қазақстанды үшінші жаңғырту, 2050 жылға қарай елімізді әлемнің ең дамыған 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына қосу мақсатында бес басымдықты ілгерілету және «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қорына арналған экономикалық өсімнің жаңа моделін құру туралы тапсырма жүктелді. Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ-саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты ғылыми-техникалық инновацияларды қолдау, оларды әлеуметтік-экономикалық өмірімізге тезірек енгізуде жаңа биіктікке және жеңіске ұмтылуымыз қажет.

...

Скачать:   txt (35.4 Kb)   pdf (176.9 Kb)   docx (20.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club