«Қазақстан-2050» стратегиясы
Автор: 20181544 • Октябрь 8, 2019 • Реферат • 517 Слов (3 Страниц) • 1,161 Просмотры
«Қазақстан – 2050»
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты. Мен үшін осы бағыт елімізді жаңа қырынан ұштастыра түсіп, айқын өзгерістерді дүниежүзіне танытып, дамыған, озық елдердің қатарына кіруге мол мүмкіндік.
Болашаққа көз салсам ең бірінші кезекте көз алдыма елестейтіні ол көршілес мемлекеттермен достығымыздың нығая түсуі және ұлттық қауіпсіздік. Өзіміздің елімізде өңдірілетін шикізат көздерін сыртқы нарыққа экспорттау және де сауда-саттық қарым- қатынасының дамуы. Шет ел мемлекетінің біздің тауарларды жоғары деңгейде бағалап, Қазақ елін әлем деңгейінде тануы. Екінші кезекте әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен татулығы. Қазақстан 140 этносты бір шаңырақ астында ұстап тұрған, татулықтың ұйытқысы. Себебі, осы бір қара шаңырақтың астында қаймағымыздың бұзылмай тұруы, басқа мемлекеттермен достығымыздың нығаюының көрсеткіші. Көпұлттылық еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діңдердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылады. Үшінші кезекте өзіміздің ұлттық экономикамыз. Америка Құрама Штаттарындай өзіміздің жеке доллар теңгеміз пайда болады. Ол тек әл-ауқатымыздың қуаттануына ғана емес, басқа да мемлекеттермен сауда қарым-қатынасымызға зор ықпалын тигізеді.
Жаңа заманауи технологиялар дамып, озық елдің қатарына қосыламыз. Бізді әлем танып, шет елдерде қазақи нақыштағы замануи киім үлгілері ұсынылып, made in Qazaqstan киімдері жоғарғы бағаға ие болады. Тек шет ел мемлекеттері ғана емес, өзіміз де осы киім- кешектерді киетін боламыз. Дүкенімізде табиғи өнімдердің сапасын, көлемін арттырылып, ұлттық тағамымдарымызды басқа мемлекеттерге танытып, экпорттайды. Көптеген зауыт, фабрикалар құрылып, өзімізден машина өңдеу, химия өнеркәсіптері дамиды. Өзімздің машиналар, ұшақ және кемелер әлемде сұранысқа ие болады. Жоғарғы дәрежеде мамандандырылған оқу орындары ашылып, Қазақстан азаматтарына оқуға көптеген жаңа мүмкіндіктер туады. Кэмбридж, Оксфорд және басқа да әлемге танылған, үздік оқу орындарынан профессионалды мамандар келіп, білім беру дағдысымен алмасып отырады. Шет ел азаматтары арнайы Қазақстан жеріне келіп, білім алып, кем дегенде қазақ жерінде 5 жылдай қызмет артқарады. Тек қана жоғарғы білімді, арнайы тестілеуден өткен дәрігерлер ғана жұмыс жасап, көптеген ауруханалар салынады. Басқа мемлекет азаматтары ота жасату үшін алдын ала арнайы тексерістен өтіп, Қазақстан жеріне келіп жасатады. Және Қазақстанда туризм саласы дамиды. Өзіміздің Бурабай, Алакөл, Каспий теңіз жағалау маңдары, тағды басқа көрікте де, пайдалы жерлеріміз әлемнің керемті қатарына қосылады. Қалаларымыздың көркі дамып, адам таңқаларлықтай, таумен ұштаса биік ғимараттар көздің жауын алатындай болады. Жылына кем дегенде 15-20 млн. Турист қатынайтын болады.
...