Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу мәселелері
Автор: viserionm • Октябрь 21, 2021 • Реферат • 384 Слов (2 Страниц) • 1,167 Просмотры
Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу мәселелері
Қазақстандағы туризм және рекреациялық туризм индустриясының қазіргі дамуі көбінесе практикалық ғылыми қолдау мен кәсіби кадрларды дайындаудың дамыған жүйесінің болмауымен шектеледі. Бұл экономиканың басым секторы өздігінен және баяу дамиды. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының төмен деңгейде қысқаруы басқа да маңызды факторлармен бірге сапалы демалыстың болмауымен түсіндіруге болады. Тиісті демалыстың болмауы адамның жұмыс қабілеттілігін төмендетеді, бұл адамның иммундық жүйесінің және бейімделу қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Еңбек тиімділігінің деңгейі, өнеркәсіптегі қауіпсіздік, жұмыс қабілеттілігі және қоғамдағы өндіргіш күштердің көзі болып табылатын қызметкерлердің демалысы мен оның ұзақтығына тікелей байланысты. Яғни, мемлекет алдында рекреациялық саладағы қойылатын басты міндеті – азаматтардың өмір сүруіне қажетті демалыс пен демалыс орындарын ұйымдастырудан туады.
Рекреациялық туризмды зерттеуде қолданылатын әдістер дәстүрлі географиялық және әлеуметтік-ақпаратты жинау әдістері мен математикалық модельдеу әдістерін біріктіретін бір жүйені қамтиды. Соңғы 10-15 жылдар ішінде халықтың рекреациялық қажеттіліктері мен іс-әрекетінде түбегейлі өзгерістер болды, рекреациялық жүйелердің кеңістіктік құрылымы өзгерді. Нарықтық қатынастардың дамуы рекреацияны зерттеуде жоспарлы экономиканың нормативті тәсілдерінен жаңа барлау әдістеріне көшуді талап еткендіктен, зерттеу әдістері өзгерді.
Туристік және рекреациялық аймақтардың өздерінің табиғи шекаралары бар, олар әдетте әр түрлі дәрежедегі әкімшілік шекараларымен сәйкес келе бермейді. Аймақтардың шоғырлануы, таралуы – жоспарда әр түрлі жүйеге ие болуы мүмкін. Бұл оларды зерттеудегі жобалау, дамыту және басқару мәселесін тудырады. Зерттеудің ауқымына қарай аумақтық типтегі туристік-рекреациялық шеңберлерге: геологиялық, геоморфологиялық, ландшафттық, экологиялық, мәдение, тарихи және тұрғын үйлік жатады. Рекреациялық объектілерді зерттеу кезінде осы көрсеткіштерге назар аудару барысында түрлі мәселелер пайда болуы мүмкін, оның ішіне сәйкес келмеушіліктер, қателіктер жатады. Рекреациялық-территориялық зерттеулерді дамыту алдында өзекті мәселелер мен бағыттарға назар аудару қажет. Біріншіден, рекреациялық объектілерді жүйелі түрде ұйымдастырылған процесс ретінде зерттеу, олардың дамуындағы тенденцияларына талду жасаудан бастау керек. Екіншіден, рекреациялық объектілерді бағалаудың кешенді әдістемесінің болмауы. Осы жерде оны әзірлеп, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті деңгейдегі аумақтың әлеуетіне жүйелі стандартты дайындау қажеттілігі туындайды. Үшіншіден, зерттеу барысында статистикалық есеп жүйесін қалыптастыру біздің елімізде жоқ. Туристік мәліметтерді өңдеу мен талдауға және туристік қызметті ақпараттық-анықтамалық және картографиялық қамтамасыз етуді дамытуға негізделген рекреациялық арнайы экономикалық аймақтардың басқару жүйесін әзірлеу қажет. Төртіншіден, рекреациялық туризмдағы мәселелерді зерттеу барысында туристік нарықтарды дамытудың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын құру қажеттілігі айқын көрінеді. Бұл рекреациялық туризмді күтетін жаңа өзгерістердің аз ғана бөлімі. Осылайша, рекреациялық зерттеудегі мәселелерді шешу – рекреациялық туризмді дамытуға бір қадам, ал рекреациялық туризмнің дамуы жұмыс күшінің сапалы демалуы. Бұл өз бетінше кейінгі экономиканың дамуы мен өмір сүру сапасының жақсаруын қамтамасыз етеді.
...