Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

2 ші Мешрутиет кезеңі 1908ж

Автор:   •  Октябрь 13, 2021  •  Реферат  •  1,999 Слов (8 Страниц)  •  829 Просмотры

Страница 1 из 8

 № 4. Семинар сабағының тақырыбы.2 ші Мешрутиет кезеңі 1908ж

1-деңгейдің сұрақтары (20 б.)

1. Антанта (Itılaf) мемлекеттерін атап көрсетіңіз.

Антанта (франц. Entente, Entente cordіale – “келісім”) – Англия, Фран-ция мен Ресей мемлекеттерінің әскери одағы. Бастапқыда “Үштік келісім” деп аталды. Негізі 1904 – 07 жылдары қалыптасып, бірінші дүниежүзілік со-ғыс жылдары Германия коалициясына қарсы 20-дан астам мемлекетті бірік-тірді. Антантаның құрылуы 1882 жылы Германияның басшылығымен құрыл-ған “Үштік одаққа” қарсы жауап ретінде 1891 – 93 жылдары орыс-француз одағының жасалуынан басталды. 20 ғасырдың бас кезіндегі ағылшын-герман қайшылықтарының шиеленісуі Англияның Франция және Ресеймен қақтығы-сын артқа ысырды. 1904 жылы ағылшын-француз келісімі, 1907 жылы орыс-ағылшын келісіміне қол қойылды. Антанта елдері Германияға қарсы соғысқа әзірлене отырып, Италия мен Австрия-Венгрияны “Үштік одақтан” бөліп әкетуге әрекеттенді. 1-дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін-ақ Италия “Үш-тік одақтың” құрамында қала отырып, Антанта елдерімен байланысын ны-ғайтты. 1915 жылы мамырда Италия Антанта жағына шықты. 1914 жылы қыркүйекте Лондонда Англия, Франция, Ресейдің арасында одақтық әскери шартқа қол қойылды. Соғыс барысында Антантаға біртіндеп жаңа мемлекет-тер қосыла бастады. 1915 жылы қазанда бұл келісімге Жапония қосылды. Со-ғыстың соңына қарай Антантаның құрамында (Қазан төңкерісінен кейін Ре-сей Антантаның құрамынан шығып кеткен еді): Англия, Бельгия, Италия, Қытай, Куба, Либерия, Никарагуа, Панама, Перу, Португалия, Румыния, Сан-Доминго, Сан-Марино, Сербия, Сиам, АҚШ, Франция, Уругвай, Черногория, Хиджаз, Экуадор, Жапония болды. Қазан төнкерісінен кейін Антанта елдері кеңес мемлекетіне қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды. 1917 жылы 23 желтоқсанда Англия мен Франция Кеңестік Ресейге қарсы интервенция жа-сау жөнінде келісімге қол қойды. Интервенция 1918 жылы наурыз айында басталды, оған одаққа кіретін басқа елдер де белсене қатысты. Алайда Антантаның кеңес өкіметіне жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. 1-дүниежү-зілік соғыстан кейін көп ұзамай Антанта ыдырап кетті.

2. Одақтас (Ittıfak)мемлекеттерді атап көрсетіңіз.

Үштік одақ — 1882 ж. құрылған Германия, Австро-Венгрия және Италия мемлекеттерінің әскери-саяси одағы. 1879 ж. Германия Австрия- Венгриямен өзара одақтасу туралы шарт жасасты. 1882 ж. бұл одаққа Ита-лия қосылды. Германия дүниежүзілік үстемдікке ұмтылса, Италия жаңа жер-лерді отарлау жолындағы күресте Франциямен бақталас болды. Үштік одақ шарты төрт рет жаңартылды: 1887, 1891, 1902 және 1912. Үштік одақ елдері-нің саясаты герман империализмінің өсіп келе жатқан басқыншылығын, оның отар жерлерін кеңейтуге, тауар өткізетін жаңа рыноктар мен шикізат көздерін басып алуға ұмтылатындығын көрсетті. Осы саясатты жүзеге асыру-да Германияның Ұлыбританиямен бетпе-бет келуіне тура келді, өйткені оның қолында орасан зор отар жерлер бар еді. 1904 — 1907 ж. Үштік одаққа қарсы Ұлыбритания, Франция, Ресей одағы құрылды. Сонымен Еуропа қарулы күштері екі лагерьге бөлінді, мұның өзі 1-дүниежүзілік соғыстың ашылуына себепкер болды. 1-дүниежүзілік соғыс басталғанда, Италия өзінің бейтарап-тығын жариялады. 1915 ж. мамырда Италия Антанта мемлекеттерімен шарт жасасып,өзінің одақтастары Австрия — Венгрия мен Германияға қарама-қар-сы соғысты. Сөйтіп, Үштік одақ  жойылды.

2-деңгейдің сұрақтары(30 б.)

1.  Мемлекет жарияланғаннан кейін экономика саласында қандай прогрестер болғанын көрсетіңіз.Осман империясының XIX ғасырдың аяғындағы сыртқы саясаты.

XIX ғасырдың екінші жартысында империяның шет елдерге тәуелділігі кү-шейе түсті. Түрік үкіметінің несие қарызы тез өсті. Шетел капиталы елдің қаржысын тұтастай бақылауға алды. Несие бойынша сыртқы  қарызды өтеуге мемлекеттік шығынның жартысы жұмсалды. Шенеуніктерге жалақы төлеуге ақша жетпеді. 1878 жылы үкімет Осман империясының қаржы банкротына ұшырағанын мәлімдеді. Англия мен Франция мемлекеттік маңызды кіріс көз-деріне өз бақылауларын орнатты.Осман империясының қаржылық тәуелділігін шетелдер тиімді концессияла-рына алу үшін пайдаланды. Англия және Франциямен кескілескен күрес ба-рысында Германия маңызды концессиялар алуға қол жеткізді. Ол Бағдад те-мір жол құрылысы концессиясын алды, өйткені ол ішкі аудандарды байла-ныстырып, шикізат рыногын  жақындатып, арзандатуға  қол жеткізетін жол еді. Европалық монополиялардың қарамағына темір жолдан басқа, теңіз көлі-гі, көмір мен басқа да кен байлықтарын өндіретін орындар ілікті.Шетел капиталының ықпалы ауылшаруашылығында да байқалды. Франция Түрік үкіметінен түрік темекісін сатып алып өңдеп экспортқа шығаратын мо-нополиялық құқықты сатып алды, өйткені бұл өндіріс елдің ауыл шаруашы-лығындағы ең маңызды сала болатын.Банктің қолдауы мен көлік мүмкіндігінің кеңеюі Европалық өнеркәсіп бұ-йымдарын шеттен әкелуге және шикізатты сыртқа шығаруға жағдай жасалды.XIX ғасырдың аяғына таман Түркияға әкелінген мақта маталардың жалпы құ-ны 100 есе көбейді. Осыған байланысты жіп иіру және тоқыма өндірісіндегі жұмыс күші 2-4% қысқарды.

...

Скачать:   txt (26.4 Kb)   pdf (122.1 Kb)   docx (14.8 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club