Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттың табиғаты: формасы, мазмұны, үдерісі

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Реферат  •  9,684 Слов (39 Страниц)  •  537 Просмотры

Страница 1 из 39

                  Қазастан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

                  Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті

                                                                           

                          Реферат

Пәні: Саясаттану

Тақырыбы: Саясаттың табиғаты: формасы, мазмұны, үдерісі

                                                     Орындаған: ПД-001 топ студенті Машанұлы З.

                                                     Тексерген:

                                             

                                               

                                                   Семей 2020ж.  

                                                     Мазмұны:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер.

                                                         Кіріспе

                                     Саясаттың мәні және табиғаты

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің  «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.

Саяси ғылым қазіргі  кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде  бөлініп шықты. Лондон университетінде  ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика  және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал

Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған  көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары  жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері анықталды. Олар:

Саяси теория (оның ішінде саяси идеялар тарихы);

Саяси институттар (орталық  және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер);

Саяси мәдениет және сана;

Саяси даму және модернизация;

Саясат субъектілері;

Халықаралық қатынастар.

Қазақстандағы саяси  ғылымның негізгі пәніне бұдан басқа, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, геосаясат, ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік мәселелері кіреді.

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте  қажетті қызмет саласы туралы  білімді, түсінікті қалыптастырады..

2. Саясаттанудың әдістері мен категориялары

  Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіне тән ұғымдары бар.

Оның категорияларына  төмендегі ұғымдар жатады.

Саясат және саяси  билік, саяси мүдде саяси қатынас, саяси сана, саяси процесс, саяси  мәдениет пен адамдардың саяси қызметі, қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру  және саяси жүйе туралы білімдердің тұтас, жүйелі жиынтығы.

...

Скачать:   txt (132.4 Kb)   pdf (229.9 Kb)   docx (46.7 Kb)  
Продолжить читать еще 38 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club