Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық жеке құқықтығы ерік автономиясы

Автор:   •  Апрель 14, 2023  •  Доклад  •  978 Слов (4 Страниц)  •  400 Просмотры

Страница 1 из 4

Халықаралық жеке құқықтығы ерік автономиясы

     

       Тараптар жасасатын әрбір шарттың дербес заңды мәні болады. Мәміленің мазмұны, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындау тараптар арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Алайда, кез-келген шартта, ең алдымен сыртқы экономикалық шартта барлық мәселелерді шешу, болашақта шартты орындау барысында туындауы мүмкін барлық жағдайларды қарастыру мүмкін емес. Сондықтан халықаралық конвенцияларда, ішкі заңнамада, сауда әдет-ғұрыптарында қамтылған қандай құқықтық нормалар тараптардың нақты шартына қолданылуы мүмкін екенін білу қажет. Көптеген мемлекеттердің заңнамасы шарт тараптарына өздерінің шарттық міндеттемелеріне қолданылатын құқықты өздері таңдауға мүмкіндік береді.Осындау таңдау құқығы білдіретін негізі институт ретінде ерік автономиясын айтсақ болады.

     Ерік автономиясы-бұл азаматтық-құқықтық қатынастар тараптарының өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын қолданыстағы ұлттық құқықты ғана емес, сонымен қатар әртүрлі құқықтық жүйелерді өз бетінше таңдау мүмкіндігін реттейтін, сондай-ақ бір құқықтық жүйе шеңберінде құқық көздері арасында таңдау жасау мүмкіндігін реттейтін халықаралық жеке құқық институты. Халықаралық жеке құқықта ерік автономиясының қолданылуына келетін болсақ , халықаралық жеке құқықты реттейтiн шетел элементi бар қарым-қатынастарда кейбiр кездерде коллизиялық мәселелер туындайды. Бұл мәселеде қарама-қайшылықтағы екi заңның қайсысын қолдану керек екенi туралы сұрақты шешу керек.Коллизиялық байламдар қатарына кейбір жағдайда қатынас тараптарымен таңдалған елдің құқығына бағынатын «ерік автономиясын» жатқызады. «Ерік автономиясы» кейбір ғалымдардың айтуы бойынша коллизиялық байламдардың түрі болып саналмайды, ол қолданудың өзіне тән ерекшеліктері бар, кең мағынаға ие қолдану шарттары басқаша болатын, халықаралық жеке құқықтағы дербес құқықтық институт болып табылады. «ерік автономиясы» - бұл коллизиялық байламдарды анықтау және оны тіркеу тәсілінің құқықтық алғышарттары болып табылады.

   Тараптардың ерік автономиясы бүгінгі күні халықаралық практикада принцип ретінде белсенді қолданылады және халықаралық аренада да, ұлттық заңнама шеңберінде де шарттық қатынастарды құқықтық реттеуде орталық орындардың бірін алады. Тараптардың ерік автономиясы әдетте әртүрлі мемлекеттердің заңнамасында танылады. Бірақ автономияның рұқсат етілген шектері, әр түрлі елдердің заңнамасында әр қалай  түсініледі. Кейбір елдерде ол ештеңемен шектелмейді. Бұл дегеніміз, тараптар мәміле жасасу арқылы оны кез-келген құқықтық жүйеге бағындыра алады. Басқа елдерде шартты оқшаулау принципі қолданылады. Бұл дегеніміз, Тараптар құқықты еркін таңдай алады, бірақ тек осы мәмілеге байланысты.

Қорытындылай келе , көптеген мемлекеттердің заңнамасы шарт тараптарына өздерінің шарттық міндеттемелеріне қолданылатын құқықты өздеріне таңдауға мүмкіндік береді.Мемлекеттер шетелдік құқыққа өз аумағындағы қатынастарды реттеуге мүмкіндік бере отырып, басқа елдердің заңнамасына белгілі бір сенім білдіреді.Алайда, халықаралық тәжірибеде тараптардың белгілі бір құқықтық жүйенің емес, "жалпы қабылданған құқық қағидаттары мен нормаларына" немесе "халықаралық сауда құқығына"сілтеме жасай отырып, тараптардың «ерік автономия» принципін қолдану негізінде таңдау тенденциясы күшейгенін атап өткен жөн.

Мемлекет тарапынан бекітілген белгілі бір құқықтар мен міндеттемелер жүйесі – заң болып табылады. Себебі, заңдар қоғамдағы тәртіп пен тепе теңдікті орнатады. Демек, кез келген мемлекетті заңсыз елестете алмасымыз анық. Халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар бар. Мәселен, Қазақстандағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шет мемлекеттегі жағдайын анықтайтын арнайы  «халықаралық дербес құқығы» рөл атқарады. Аталмыш құқықта коллизиялық мәселе және оны шешу осы құқық саласының негізі мазмұнын құрайды.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (66.9 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club