Әлемдік кадастрлық жүйелердің алуан түрлігі
Автор: adina65 • Июнь 4, 2023 • Статья • 925 Слов (4 Страниц) • 374 Просмотры
Аннотация: Әлемдік кадастрлық жүйелердің алуан түрлігі. Әртүрлі шет елдердегі жер кадастрының ерекшеліктерін қарастыру. Кадастрлық тіркеуді жүргізу әдістері, географиялық жағынан ерекшеленетіні және әр елдің өзіндік әдістері.
Тірек сөздер: Кадастр, жылжымайтын мүлік, география, картография, салық, жүйе, жер кадастры.
Соңғы кездері шетелдік тәжірибеде «жер кадастры» ұғымы кеңейуде. Барлық дамыған елдерде жер кадастры көптеген жылдар бойы жүргізіліп келеді және жерді зерттеу мен бағалауға қатысты кең ауқымды мәселелерді қамтитын күрделі іс болып табылады. Кадастр – жылжымайтын мүлікке құқықтардың жазбаларын қамтитын заманауи жер ақпараттық жүйесі. Бұл жүйе даму мен қоршаған ортаны қорғаудың тұрақты платформасын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кадастр фискалдық мақсаттар (бағалау және салық салу), заңды мақсаттар (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беруді тіркеу) сияқты әртүрлі мақсаттарға арналған. 20 ғасырда шет елдерде қазіргі заманауи жер кадастрының негізгі принциптері қалыптасты. Бүгінде кадастрлық тіркеудің ұлттық жүйесін қалыптастыру және жетілдіру үшін халықаралық тәжірибені зерделеуге үлкен көңіл бөлінуде. Осыған байланысты осы мақаланың мақсаты әртүрлі шет елдердегі жер кадастрының ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. Кадастрлық тіркеуді жүргізу әдістері географиялық жағынан ерекшеленетініне және көптеген елдердің өзіндік әдістеріне қарамастан, негізгі жүйелерін 4 санатқа бөлуге болады:
1. Наполеондық
2. Немістік
3. Ағылшындық
4. Скандинавиялық
Наполеондық жер кадастрын қарастырайық. Бұл формат Франция, Бельгия, Италия, Греция, Испания сияқты елдерге және Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Еуропаның басқа мемлекеттерінеде тән. Наполеондық кадастрлық жүйесі деп аталатын елдер кадастрдың айтарлықтай жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Наполеондық кадастрлық жүйе жер кадастры мен жылжымайтын мүлік тізілімінің бір-біріне ажырауымен және өзара тығыз байланысымен ерекшеленеді. Оңтүстік Еуропада қолданылатын кадастрлар Орталық Еуропа елдеріне қарағанда фискалдық сипатта болады, себебі бұл ғимарат салық салу үшін маңызды нысан болып табылады. Мысалы Италия кадастрдың бір бөлігі болып табылатын ғимараттардың жаңа тізілімін жасады. Грекияда жан-жақты, біртекті ұлттық инвентарь жоқ, бірақ оның ұқсас жалпы ұлттық жүйені құруға тырысады. Бұл мемлекеттерде кадастрды жүргізу және жылжымайтын мүлік объектілерінің тізілімін құрастыру толығымен қаржы министрлігімен бақыланады, сондықтан кадастрлық тіркеу тек салық салуда есептеу үшін қажетті ақпаратты есепке алу және жинау мақсатында жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлік тізілімдері меншік иесінің жылжымайтын мүлікке немесе жер учаскесіне заттың құқықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ құқықтардың ауысуы туралы барлық мәліметтерді, объектіге қатысты құқықтық актілерді, үшінші тұлғалардың құқықтарын және басқа да мәліметтерді қамтиды. Осыған сүйене отырып, Наполеондық кадастрлық жүйе ұстанатын үш негізгі мақсатты бөліп көрсетуге болады:
• Техникалық – кадастрлық жоспарларды құруға бағытталған.
• Жер – жер учаскелерін сипаттауды және сәйкестендіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ жер иесін белгілеуге мүмкіндік береді.
• Салық – жерді бағалауды және жер салығының нормаларын негіздеуді қамтиды.
Орталық Еуропаның келесі елдері неміс кадастрлық жүйесін ұстанады: Австрия, Германия, Швейцария. Бұл жүйе екі негізгі бөліктің болуымен ерекшеленеді – жер тізілімі және кадастр олар өзара тығыз байланысты және бір – бірімен өзара әрекеттеседі. Жер кадастрының негізгі рөлі жеке жер учаскелеріне құқықтарды анықтау және белгілеу, мүліктің (жер учаскелерін) тіркеу, сондай-ақ меншік құқығын заңмен белгіленген кепілдіктерін
...