Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХТЖ-ні басқару кезінде шешім қабылдауды қолдау үшін интеллектуалды жүйелерді құру тәсілдемесі

Автор:   •  Октябрь 10, 2018  •  Реферат  •  1,092 Слов (5 Страниц)  •  919 Просмотры

Страница 1 из 5

3. ҚҰРЫЛҒАН МОДЕЛЬДЕР МЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ӘДІСТЕРІ НЕГІЗІНДЕ  ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ БЛОКТАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТҰРҒЫЗУ.

3.1 ХТЖ-ні басқару кезінде шешім қабылдауды қолдау үшін  интеллектуалды жүйелерді құру тәсілдемесі.

Өндірісте ШҚТ көбінесе дұрыс шешім қабылдау үшін, үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу керек, түрлі балама түрлерін қарастырады, әр түрлі факторлардың әсерін ескереді және анықсыздық жағдайында шешімнің салдарын бағалайды.

Мұндай жағдайлар көпкритериалды ХТЖ оңтайландыру және басқару үшін өндірістік міндеттерді шешу қажет болғанда туындайды.

Мұндай міндеттерді шешу үшін шешім қабылдауды қолдау жүйесі (ШҚҚЖ) өте пайдалы [68, 75, 85]. ШҚҚЖ шешім қабылдау процедурасын едәуір жылдамтатуға және жақсартуға мүмкіндік беретін, шешім қабылдау теориясының әдістері мен заманауи компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін біріктіреді. Мұндай жүйелердің құрамына келесі негізгі блоктар кіреді:шешім қабылдау және мәселелерді талдау, білім және мәліметтер базасы,модельдер жүйесі, модельдер идентификаторы және қолданушы интерфейсі.Бұл блоктар ақпаратты ағындармен байланысқан және олардың әрқайсысы белгілі бір функцияны орындайды.

Әртүрлі өндірістік нысандарды басқаруда туындайтын негізгі мәселелердің бірі - үздік шешімдерді іздеу және іріктеу болып табылады. Өндірістік объектінің кіріс және шығыс параметрлері туралы объективті ақпарат болған кезде, олардың негізінде шешілетін математикалық модельдер дәстүрлі тәсілдермен, эксперименттік статистикалық әдістерді қолданумен жасақталады.

Дегенмен, іс жүзінде модельдерді құрастыруда сарапшы –мамандардан, ШҚТ-дан  алынған сапалы, айқын емес сипаттағы және өндірістік жүйе ерекшеліктерін көрсететін  ақпараттар өте маңызды. Мұндай ақпарат, әдетте, табиғи немесе табиғиға жақын кәсіптік тілде келтіріледі.

Өндірістік жағдайлардың басты ерекшелігі - бастапқы ақпараттың анық болмауы. Мұндай жағдайларда сапалы сипатқа ие ШҚТ-дың, сарапшы-мамандардың білімі мен шешімдерін қалыптастыру қажет. ШҚ-дың айқын емес есептерін шешу үшін, шешім қабылдау жүйесінің құрамына, олармен табиғи емес немесе кәсіби –бағытталған тілде  ақпарат алмастыруға  мүмкіндік беретін интеллектуалдандыру элементтерін қосу керек. Мұндай мүмкіндіктер  жасанды интеллект әдістері негізінде, шешім қабылдауды қолдау жүйесінің құрамына:білімдер базасы, логикалық қортындылау блогы және таңдау нәтижесін түсіндіру, ШҚ есептерін шешудің эвристикалық алгоритмдерін және интеллектуалды интерфейсті қосумен жүзеге асырылады. Шешім қабылдауды қолдау үшін шешім қабылдаудың интеллектуалды жүйелері (ШҚИЖ) деп атаймыз [1,53, 54]. Келесі анықтамаларды келтіреміз.

Анықтама. Интеллектуалды шешім қабылдау жүйесі дегеніміз, адамның (ШҚТ,сарапшы) білімі мен тәжірибесі негізінде, өндірістік нысандардың тиімді жұмыс режимдерін таңдауға мүмкіндік беретін, ШҚ-дың көпкритериалды есептерін шешуге және қалыптастыруға қабілетті адам-машиналық жүйе.

ШҚИЖ өндірісті басқару бойынша ұсыныс беретін ШҚТ –мен диалогтық режимде жұмыс жасайтын, заманауи компьютерлер негізінде  интеллектуалдандырылған автоматтандырылған жүйелер болып табылады.

Бұл жүйелер шешім қабылдау үшін және ШҚТ-ның қалауы (предпочтения) және толық емес ақпарат жағдайында күрделі өндірістік кешендерді басқару үшін қолданылады.

ШҚИЖ құру келесі негізгі кезеңдермен жүргізіледі [53]:

  1. Мәселелік аумақты және шешілетін есептерды идентификациялау,ШҚ есептерінің мазмұндық қойылымы;
  2. ШҚТ мен сарапшы-мамандардың басқарылатын нысан туралы білімін қалыптастыру және мәліметтер мен білім базасын;
  3. Нысан модельдерінің жүйесін жасақтау;
  4. Нысанды басқару бойынша шешім қабылдау есептерін алгоритмдеу;
  5. Модель идентификаторын жасақтау;
  6. Қолданушының интеллектуалдандырылған интерфейсін жасақтау;
  7. Жасақталған модельдер мен алгоритмдердің программалық жүзеге асуы.

Келтірілген ШҚИЖ жасақтаудың кейбір кезеңдеріне түсінік береміз. Екінші кезеңде эксперттік бағалау процедуралары ұйымдастырылып, нәтижесінде ШҚ есептері қалыптастырылады және білім базасы құрылады.  Мәліметтер базасын толтыру нысанның жұмыс істеуі туралы статистикалық мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

Үшінші кезеңде нысан элементтерінің (ішкі жүйелер) моделдері жасақталып, бірыңғай жүйеге (пакет) біріктіріледі. Ішкі жүйе модельдерінің бір бөлігі немесе барлығы анық емес болуы мүмкін. Сонымен бірге, 1-ші бөлімде ұсынылған айқын емес модельдерді синтездеу әдістері мен әр түрлі сипаттағы қолжетімді ақпараттар негізінде модельдер құру методологиясын қолдануға болады. ШҚ формалданған есептерін шешу алгоритмі ретінде (төртінші кезең), 2-ші бөлімде жасақталған, өндірістік жағдайларға байланысты ШҚ есептерін шешудің эвристикалық алгоритмдерін таңдауға болады, яғни ШҚТ-ның  иелігіне, алгортим кешендері ұсынылады. ШҚИЖ жасақтаудың бесінші кезеңінде, модельмен алынған мәліметтер нысанның нақты көрсеткіштермен (сарапшы–мамандырдың бағалауы бойынша) сәйкестігін салыстыруды жүзеге асыратын программа құрылады. Егер осы параметрлер арасындағы ауытқулары жол бергісіз болса, индентификатор модельді күйге келтіреді, яғни ағымдағы режимдік параметрлер және сарапшы-мамандардан алынған ақпараттар негізінде жаңа мәндерді есептейді.

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (139 Kb)   docx (15.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club