Мал азықтық жерлерді сыныптау және түгендеу
Автор: Tilegen99 • Март 18, 2021 • Лабораторная работа • 838 Слов (4 Страниц) • 556 Просмотры
Тәжірибелік сабақ 5
Тақырыбы: Мал азықтық жерлерді сыныптау және түгендеу
- Мал азықтық жерлерді сыныптау және түгендеу түсінігі
- Тапсырма: Шаруашылық алқаптарының инвентаризациясын жасау
- Біздің еліміздегі жайылымдар мен шабындықтар әр түрлі табиғи аймақтарда орналасқан және өсімдік жамылғысы, топырағы, шаруашылық жағдайы, өнімділігінің әр түрлілігі бойынша ажыратылады. Тіпті бір шаруашылықтың төңірегінің өзінде де әр түрлі мал азықтық алқаптар таралады. Олар шөбі биік өсетін, әрдайым шабындық ретінде пайдаланылатын немесе өсімдік жамылғысының құндылығы мен өнімділігі төмен жайылым ретінде пайдаланылатын алқаптар болуы мүмкін. Мал азықтық алқаптар жер бедерінің түрлі рельефтерінде биік немесе төмен, құнарлылығы бойынша бай немесе кедей топырақтарда, жер асты сулары жақын немесе алыс орналасуы мүмкін. Аумақтың жеке бөлімдері тастармен ластанған, бұталар өсіп кеткен, басқа да мал азығын жинау техникасына бөгет келтіретін кедергілермен ластануы мүмкін. Мал азықтық алқаптар бір түрлі топырақта және біртекті өсімдік жамылғысымен жағдайда да олардың өнімділігі әр түрлі болуы мүмкін, оның себебі алқапты пайдаланудың белсенділігі.
Елдің аумағында табиғи жағдайлардың өзгеруі белгілікті бір заңдылықпен жүруіне байланысты, табиғи мал азықтық алқаптардың өзгеруінде де белгілікті заңдылықтар байқалады, бұл олардың белгілікті бір аумақта орналасуына байланысты, мысалы табиғи-климаттық аймақ. Ортақ бірнеше жалпы белгілері негізінде мал азықтық алқаптарды топтарға бөлуге болады, олардың классификациясын әзірлеуге болады. Классификацияның жер бедері, топырақ түрі, оның ылғалдану деңгейі мен сипаты, құнарлылық көрсеткіштері, мал азықтық аумақтарды шаруашылық жағдайы негізінде әзірленеді.
Ұзақ жылдар бойғы ғалымдардың фитоэкологиялық зерттеу жұмысының нәтижесінде шабындықтар мен жайылымдардың классификациясының жүйесі әзірленген. Оның теориялық негізін В.Р.Вильямс, А.М.Дмитриев, Л.Г.Раменский, И.В.Ларин, И.А. Цаценкин қалады.
Табиғи аудандардың төрт тобының әрқайсысын және таулы аймақтардың үш тобын келесі таксономиялық бірліктерге бөледі: класс, подкласс, типтердің тобы, тип, модификация. (Т) әрпімен белгіленетін табиғи аймақтың тобына тундра және орманды тундра аймақтары кіреді. Келесі топ тек бір табиғи аймақпен берілген (Л) орманды аймақ. Орманды далалы және далалы аймақтар бір топқа біріктірілген (С). Жартылай шөлді және шөлді аймақтар да бір топқа біріктірілген (П). Таулы аймақтар келесі топтарға бөлінеді: шағын таулар және таулардың етегі (М); таулы немесе орташа биіктіктегі таулар (Г); биік таулы аймақтар (В).
Табиғи аймақтардың әр тобында шабындықтар мен жайылымдардың келесі класстарын ажыратады: жазықтық, ойпаңдар, қысқа уақыт аралығында сумен бастырылатын, ұзақ уақыт сумен бастырылатын, батпақты. Таулы аймақтар үшін класстар вертикальды зоналық бағыт бойынша өзгереді. Таулар биіктеген сайын олардағы өсімдік жамылғысы мен топырақ түрі де оңтүстіктен солтүстікке ауысқандай сипатта ауысады. Барлық таулы белдеулерде жайылымдардың шалғындық, далалық, жартылай шөлдік, шөлдік класстарын ажыратады. Шағын таулы және таулы топтарда қысқа уақытқа сумен бастырылатын шалғындар класын қарастырады, ал биік таулы белдеуде тундралық шабындықтар мен жайылымдар класы болады.
Орманды-дадалы және далалы топта класстардың 7 түрін, жартылай шөлді және шөлді топта 9 класты ажыратады. Ал басқа топтар мен таулы белдеулер 5 топқа бөлінеді.
Жазықтық шалғындар жер бедерінің тегіс немесе дөңестеу бөліктерінде орналасады, оның топырағы негізінен минералды болады, мұнда ылғалдану тек атмосфералық жауын-шашынның есебінен жүреді.
Ойпандық шалғындарда жер бедерінің ойылған, төмендеген бөліктерінде болады. Олар атмосфералық жауын—шашынмен, рельефтің жоғары бөліктерінен төмен аққа сумен, жер асты суларымен ылғалданады. Ойпаңдық шалғындардағы жер асты суларының орналасу тереңдігі шне бары 1-1,5 м құрайды. Бұл шалғындардың топырағы гумусқа бай, қара түсті болады. Олардың қышқылыдылығы төмен және жиі олар сілтілі болады.
...