Құқықтық реттеудің негізгі элементтері
Автор: 87027479018 • Февраль 1, 2019 • Курсовая работа • 12,509 Слов (51 Страниц) • 1,058 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................2
І тарау. Құқық туралы түсінік
1.1 Құқық ұғымы, белгілері............................................................................4
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.....................................9
ІІ тарау. Құқықтық реттеудің негізгі элементтері
2.1 Құқықтық реттеу механизмдерін жүзеге асыру актілері..........................16
2.2 Құқықтық механизмді реттеудегі қарым-қатынас...................................18
ІІІ тарау. Құқықтық норма
3.1 Құқықтың қайнар көздері.......................................................................20
3.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы..................................27
Қорытынды.................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................38
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыс адам құқықтарын қорғаудың маңызды құралы болып табылатын соттан тыс қорғау механизмін зерттеуге арналған. Курстық жұмыста құқықты реттеу механизмнің түсінігі мен элементтері, оның адам құқықтарын жалпы қорғау жүйесіндегі орны қарастырылады. Сонымен қатар, жұмыста соттан тыс қорғау механизмінің маңызды бөлігін құрайтын құқықтық қорғау нысандары, атап айтқанда, адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттік органдардың қызметі, адамның өзін-өзі қорғау құқығы мен халықаралық құқық арқылы қорғау құралдары талданып, тиісті қорытындылар берілген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында» 7 негізгі басымдық ішінен алтыншысын «Демократия және қоғамды саяси тұрғыдан жаңғырту мәселелеріне» арнаған [1]. Біз еркін, ашық және демократиялық қоғам құрудамыз, демократиялық дәстүрлерді дамыта отырып, оларды жеткілікті деңгейде қорғайтын жүйе қалыптастыруымыз керек, - дейді Президент [2].
Адам құқықтары мен демократияның тығыз байланыста болуын ерекше атап өту керек, өйткені демократия – бұл тек елді басқару тәсілі ғана емес, ол адам құқықтарының жүйесі де, себебі адам құқықтары демократиялық саяси институттардың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да, адам құқықтарын сақтау демократиялық басқару процесін құрайтын маңызды материал болмақ [3, 14 б.]. Шынайы демократия азаматтардың мемлекетке әсер етуінің тиімді механизмдері бар мемлекет пен азаматтық қоғамның ажыратылуын талап етеді [4, 57 б.].
Курстық жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі. Қазақстанның құқық ғылымында адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне арналған зерттеулер көп болғандығымен, өткен он бес жыл ішінде құқықтарды соттан тыс қорғау механизміне қатысты бірдебір арнайы зерттеу жүргізілмеген. Бұл мәселеге байланысты проблемалар адам құқықтарын қорғаудың жалпы мәселелері, сондайақ субъективтік құқықтарды қорғау нысандарын зерттеу барысында қозғалып келді. Осы орайда келесі ғалымдарды атап өту керек: С.З. Зиманов, С.С. Сартаев, Ғ.С. Сапарғалиев, С.Н. Сабикенов, Ө.Қ. Қопабаев, М.А. Сәрсембаев, Ж.Н. Баишев және т.с.с.
Зерттеудің объекті мен пәні. Курстық жұмыс зерттеудіңобъектісі Қазақстан Республикасындағы адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласы және осы салада қалыптасқан қоғамдық қарымқатынастар құрап отыр. Курстық жұмыс зерттеудіңпәніретінде Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың соттан тыс механизмі, оның ерекшеліктері белгіленіп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың зерттеудің мақсатыболып Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың соттан тыс механизмінің қызмет етуін, ерекшеліктері мен тиімділігін анықтап, соның негізінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасау табылады.
...